«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 25 қыркүйекте Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. 25-27 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 25 қыркүйекте жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 25-27 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.