«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 26 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
26 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 26 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
26 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.