«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 24 тамызда Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі.
24-26 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 24 тамызда жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.
24-26 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.