«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 7 тамызда түнде Қызылорда облысының батысында, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында найзағай кезінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
7 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 7 тамызда найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.