«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 1 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында найзағай кезінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-43 градус қатты ыстық сақталады.
1-3 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.