«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 31 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады.
31 шілде – 2 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 31 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады.
31 шілде – 2 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.