«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 26 шілдеде таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-44 градус қатты ыстық сақталады.
26-28 шілдеде облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 26 шілдеде жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады.
26-28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.