Меню

Страницы

Статья

Брифинг

2023 жылдың 12 шілдесінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында брифинг өтті. Брифингтің тақырыбы: «Суға шомылу маусымына дайындық жұмыстары және қауіпсіздік шаралары туралы».

Спикер: Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник

Асхат Тоғызбаев.

“Облыстың су айдындарында жылда азаматтардың әр түрлі себептермен қайғылы жағдайларға ұшырауы өзекті мәселе болып отыр.

Жыл басталғалы облыста су айдындарында 20 адам қаза болды, оның 15-і ересек адам,  5-еуі бала.

Суда адамдардың қаза болуының негізгі себептері төмендегіше:

өзен немесе каналдардың кез-келген, әрі зерттелмеген жерлеріне суға түсуі;

спирттік ішімдік ішіп, суға түсуі;

ересектердің бақылауынсыз балалардың су маңына баруы, суға түсуі, жүзе білмеуі; 

балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау.”

Полиция департаментінің, ҚР ІІМ Ұлттық Ұлан №5547 әскери бөлімінің, «Қызыл ай қоғамы» АҚ және «Волонтёры Кызылорда» Қоғамдық қорының қызметкерлерімен бірлесіп су айдындарында күнделікті сағат 13:00-ден 21:00-ге дейін рейдтік үгіттеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінге дейін 480 рейд өткізіліп, 33 мыңнан астам адамға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, үнпарақтар таратылуда.

63 қауіпті аймаққа 310 ескерту тақтайшасы мен 68 билборд орнатылды.

Қызылорда облысының Полиция департаментімен бірлесіп, суға шомылу маусымы кезеңінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы Кодексінің 364-бабы (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша 72 адамға ескерту шарасы көрілсе, осы Кодекстің 412-бабы бойынша – 1 адамға айыппұл салынды, 440-бабы (алкогольдік ішімдіктерді ішу, қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша – 2625 азаматқа әкімшілік шара көрілді.

Балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, өткізген профилактикалық жұмыс барысында 180 азаматтың заңсыз балық аулағаны анықталып, айыппұл салынды.

Брифинг барысында журналистердің сұрақтарына да жауап берілді.

 Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
12 июля 2023
Дата обновления
12 июля 2023
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы