«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 12 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық сақталады.
12-14 шілдеде Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 12 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады.
12-14 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.