«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 2 шілдеде Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 2 шілдеде күндіз найзағай, жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.
2 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.