Бүгін Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында “AMANAT” партиясы өкілінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, заңнамаларды түсіндіру бағытында жиын өткізілді. Жиынға аудандық бөлімдердің басшылары да бейнеконференция байланысы арқылы онлайн түрінде қатысты.
Жиында Қызылорда облысы мәслихатының депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы: “Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғам үшін, қоғамдағы әрбір адам үшін қажет. Кез-келген адамның заң аясында жұмыс жасауы еліміздің өркендеуіне апарар бірден-бір жол”,-деді. Одан соң сөз алған Департаменттің өзіндік қауіпсіздік тобының бас маманы Рабат Сәкенұлы: жоғарғы органнан жолданған “Сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбындағы шолуды” оқыды.
Жиынды қорытқан Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Ибрагимов: “Егер әрбір адам өз құқы мен міндетін білсе, онда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!,”-деді.
Қызылорда облысы ТЖД