2023 жылдың 4 мамырында сағат 15-тен 11 минут өткенде Қызылорда қаласында, Төреқұлов көшесі, н/ж, 2 қабатты жаңа салынып жатқан дүкеннің құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 1996 жылы туған жұмысшыға (Өзбекстан Республикасының азаматы) төбенің ағаш конструкциясының құлап, сол жерде аталмыш азамат қаза болды. ТЖД Жедел құтқару жасағының күшімен мәйіт үйінділердің астынан шығарылды.
Құрметті тұрғындар, құрылысшылар! Құрылыс жұмысын жасаған кезде қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.
Қызылорда облысы ТЖД