«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша күндіз 4 мамырда Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың орталығында, шығысында екпіні 25 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: күндіз 4 мамырда шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.