Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Дала өртін болдырмау» тақырыбында брифинг өтті.
Брифингтің спикері: Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Асхат Оразбеков көктемгі кезде өрт туындау қаупінің жоғары болатынын айтты. Сонымен бірге, дала өртінің алдын алу туралы баяндады.
«Қызылорда облысы аумағы 22,6 млн. гектарды құраса, оның 6,5 млн. гектары дала-орманды алқаптарды құрайды.
Өңірімізде өрт қауіпті кезеңнің басталуы ағымдағы жылдың 20 наурыздан бастап белгіленді.
Ағымдағы жылғы жыл басынан орман қорында 15,5 гектарды құрайтын 6 өрт оқиғасы тіркелді.
Дала алқаптарында өрт оқиғаларының алдын алу және жою мақсатында арнайы бекітілген жоспарға сәйкес профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Дала өрттерінің алдын алу үшін орман шаруашылықтары және егіс алқаптарында жаңа өрт жолақтары жасалған.
Департамент тарапынан өрт қауіпті кезеңі бойынша бұйрық бекітілді. Бұйрыққа сәйкес 11 мобильді топ (құрамында 56 адам бар) құрылып, 29 рейдтік шаралар жүргізуде.
Автобекеттерде, теміржол вокзалдарында, сауда үйлерінде және адамдардың жаппай жиналатын орындарында дауысзорайтқыш арқылы 20 рет түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ауылдық округ әкімдері, орман шаруашылығы қызметкерлері, шаруа қожалығы иелерімен бірлесіп, 27 іс-шара ұйымдастырылды.
Далалы аймақта өрт оқиғасын дер кезінде жою және болдырмау мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінің 53 өрт сөндірушісі мен 11 дана өрт сөндіру техникасы дайындыққа келтірілген.
Брифинг соңында спикер тұрғындарды тұрмыста және қоғамда, көктемгі көркейту-көгалдандыру, тазарту жұмыстары кезінде барынша өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға шақырды.
Журналистер тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптары берілді.
Қызылорда облысы ТЖД