«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 17 сәуірде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда қ.: 17 сәуірде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с.