«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 7 наурызда Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында екпіні 25 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 7 наурызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.