«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 11 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, таңертең және күндіз орталығында, оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 11 ақпанда таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.