Меню

Страницы

Статья

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

Облыстағы су айдындарынан келетін қауіпті сейілту мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үздіксіз рейд жұмыстарын жүргізуде. Алайда, қауіпсіздік ережелерін ескермегендер қатары да азаяр емес. Осыған байланысты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертті.

- Облыс аумағындағы су айдындарында мұздың қалыңдығы - 16 см мен 41 см аралығында. Осыған қарамастан дария маңында қауіпсіздік шараларына бей-жай қарап, балық аулайтын азаматтар жиі кездеседі. Мұз адам салмағын көтере алмағандықтан оқыс жағдайлар орын алуы әбден мүмкін. Сондықтан, біз күнделікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, рейд жұмыстарын үздіксіз жүргізудеміз. Сондай-ақ, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сақтық ережелері көрсетілген үнпарақтарды таратамыз. Бұдан бөлек, қала орталығындағы адам көп шоғырланатын орындарда күнделікті дауысзорайтқыштар арқылы сақтық ережелері түсіндірілуде, - деді облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Нұржігіт Тұрғанбай.

-Балық аулау кезінде мұздың жұқа немесе қатпаған жерлеріне шығуға, мұздың жекелеген учаскелерінде топтармен жиналуға, мұздағы ойықтарға жақындауға болмайды. Сондай-ақ, мұздың үстіне түнгі уақытта жүруге тыйым салынған. Тағы бір айта кететін жайт шектеулі алаңда екіден артық шұңқыр тесуге және от жағуға рұқсат етілмейді, - деді Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Мадияр Әбсаттар.

Өңірлік коммуникациялар қызметі,

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
25 января 2023
Дата обновления
25 января 2023
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы