«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 5 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде және таңертең облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.