«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 21 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 21 желтоқсанда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Жел батыстан соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.