2025 жылдың есепті кезеңінде Жедел құтқару жасағы авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына, жол көлік оқиғаларына, тұрмыстық сипаттағы шығуларға, өрттерге, жаттығуларға, құтқару операциясына және басқада сипаттағы шығыстарға қатысты.
2025 жылдың І жартыжылдығынды барлығы 469 шығу жасалды. Оның ішінде 89 авариялық-құтқару жұмыстарына, 4 жол көлік оқиғасына, 2 өртке, 122 тұрмыстық сипаттағы шығулар, 18 жаттығуларға, 218 басқада сипаттағы шығыстар (рейдтік іс-шаралар, мониторингтік жұмыстар және т.б.), 15 іздестіру-құтқару жұмыстарына (суда 8, құрлықта 7).
Анықтамалық:
Іздестіру жұмыстары Арал ауданында 1 рет, Жалағаш ауданында 1 рет, Қармақшы ауданында 3 рет, Шиелі ауданында 3 рет, Сырдария ауданында 2 рет, Қызылорда қаласында 5 рет жүргізілді.
Авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару және басқада кезек күттірмейтін жұмыстар барысында 176 адам құтқарылды, оның ішінде 129 бала.
Әр түрлі төтенше жағдайлар орнынан қайтыс болған 22 адамның денесі шығарылды, оның ішінде 6 бала.
Құтқарушылармен 28 бас жануар құтқарылып, қауіпсіз жерге шығарылды.
Құтқарушылар 3 рет сақина шешіп беруге, 19 рет жарқанаттарға, 5 рет жыланға шығыстар жасады.
2 автокөлік қауіпсіз жерге шығарылды (Қармақшы ауданында 1, Қызылорда қаласы маңында Айнакөл көлінде 1).
2024-2025 жылдардың І жартыжылдығында ТЖ фактілерінің салыстырмалы талдауы
|
|
2024 жылғы І жартыжылдықта |
2025 жылғы І жартыжылдықта |
Пайыздық көрсеткіш |
|
Шығулардың саны |
410 |
469 |
+ 12,58% |
|
Оның ішінде: |
|||
|
Авариялық-құтқару жұмыстары |
91 |
89 |
- 2,2 % |
|
Іздестіру-құтқару жұмыстары |
10 |
15 |
+ 33,33 % |
|
Жол көлік оқиғалары |
6 |
4 |
- 33,33 % |
|
Тұрмыстық |
129 |
122 |
- 5,43 % |
|
Жаттығулар |
11 |
18 |
+ 38,89 % |
|
Басқада шығулар (мониторинг, рейдтер және т.б.) |
163 |
218 |
+ 25,23 % |
|
Сырдария өзенінде кезекшілік |
60 |
61 |
+ 1,64 % |
|
Жұмыс барысында: |
|||
|
Құтқарылды |
203 адам |
176 адам |
- 13,3 % |
|
оның ішінде: |
128 бала |
129 бала |
+ 0,78 % |
|
эвакуацияланды |
28 |
0 |
- 100 % |
|
Жануар құтқарылды |
19 |
28 |
+ 32,14 % |
|
Мәйіт шығарылды |
15 ересек/ 2 бала |
16 ересек/ 6 бала |
+ 22,73 % |
|
Техника шығарылды |
2 |
2 |
0 % |
2025 жылғы 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында жасақтың 10 құтқарушысы 2 техникамен Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында су тасқынына қарсы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Профилактикалық жұмыс
2025 жылғы І жартыжылдықта Қызылорда қаласындағы құтқарушылар Қызылорда облысы ТЖД, Қызылорда қаласының ТЖБ, Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, Қызылорда қаласы аумағындағы балық аулайтын орындарда 63 рейд өткізіп, 407 балықшыға үнпарақтар таратты.
Жасақ құтқарушылары Қызылорда қаласының 17 мектебінде авариялық құтқару құрал-жабдықтарының көрмесін көрсетіп, «Судағы қауіпсіздік ережелері» «Суда зардап шегушілерді құтқару, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері» тақырыптар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, 585 үнпарақ таратты.
«Судағы қауіпсіздік ережелері» «Суда зардап шегушілерді құтқару, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері» тақырыбымен 1 интерактивті сабақ өткізілді.
Табиғи және техногендік төтенше жағдайлардын алдын алу мақсатында Ұлттық Ұлан № 5547 әскери бөлімі мен Қызылорда облысы «Мамандандырылған күзет қызметі» мемлекеттік мекемесінде «Суда зардапшегушілерді құтқару және алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері» тақырыбымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Арал ауданындағы Қамыстыбас құтқару бөлімшесінің құтқарушылары жыл басынан бері Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп Арал теңізінде және көлдерде 10 рейд өткізді. Қамыстыбас көлінде балықшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 150 кезекшілік өткізіп, 275 балықшыға судағы (мұздағы) қауіпсіздік бойынша үнпарашалар таратты.
«Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы мен аудан мектептерінің оқушылары, су жағасына жақын орналасқан елді мекендер тұрғындары және балықшылармен кездесіп судағы қауіпсіздік ережелері бойынша 14 дәріс оқылды. Жалпы 1820 адамға «Судағы қауіпсіздік ережелері» жаднамасы таратылды.
Жасақтың құтқарушылары Арал ауданында «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы» КМҚК жазғы аусымда демалушы балалардың шомылуы үшін «Қамыстыбас» көлінің белгіленген жағажайында, Қазалы ауданындағы «Қашқын су» көлінің жағажайыда, Сырдария ауданында Тереңөзек кенті жанында орналасқан «Қалғандария» коммуналдық жағажайыда, Шиелі ауданында Бәйгеқұм ауылы «Ханқожа» көлі жағажайында, Қармақшы ауданында Жосалы кенті «Мұратбаев» демалыс орнында, Қызылорда қаласында «Эдельвейс» жағажайында су астын тазалау жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда, Департаменттің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 104 бұйрығына сәйкес Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында, Халыққа қызмет көрсету орталығы маңындағы көпірден бастап Жәйлі мектепке дейін, Жәйлі мектептен бастап Жасақтың құтқару стансасына дейін, Жасақтың құтқару стансасынан «Мерей» мөлтек ауданы Саламатов көшесіне дейін, «Мерей» мөлтек ауданы Саламатов көшесінен Рисмаш мөлтек ауданы ЦКЗ маңындағы ескі затоннан қоқыс полигон жанындағы Сырдария өзені жағалауында, Халыққа қызмет көрсету орталығы маңындағы көпірден «Тарлан Бокс» спорт кешені, «Набережная» тұрғын үйі, «Bella Vista» қонақ үйі, «Қорқыт Ата» ескерткішінің жаны, Жасақтың құтқару стансасына дейін Сырдария өзенінің оң жағалауында құтқарушылармен кезекшілік жүргізілуде.
Штаттық құрылым, құтқарушылардың біліктілігі
Штаттық кесте бойынша 75 қызметкер, нақты 75 қызметкер.
Құтқарушылардың кәсіби біліктілігі бойынша, 1 сыныпты – 42 құтқарушы, 2 сыныпты – 16 құтқарушы, 3 сыныпты – 4 құтқарушы, 13 қызметкер «Құтқарушы» біліктілігін алған.
Сүңгуір-құтқарушы біліктілігі бойынша айтсақ, жасақта барлығы 57 сүңгуір бар, оның ішінде 1 сыныпты – 14 сүңгуір, 2 сыныпты – 14 сүңгуір және 3 сыныпты – 29 сүңгуір.
Мамыр айында құтқарушылармен сынақтар тапсырылып, Департаменттің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 142 бұйрығымен авариялық-құтқару және сүңгуір жұмыстарын жүргізуге рұқсат алынды.
21-23 мамыр аралығында Жасақтың кинологиялық есептоптары сертификациялық сынақтар тапсырып, бельгиялық овчарка лақап аты «Рапита», бельгиялық овчарка лақап аты «Яра» және голден-ретривер лақап аты «Коди» иттері «А» сыныбын қорғап, іздестіру жұмыстарына рұқсат алды.
Маусым айында, АҚШ Ұлттық Ұланы нұсқаушыларының қатысуымен «Биіктіктегі құтқару операцияларының негіздері», «Іздестіру-құтқару операциялары кезінде ҰҰА қолдану», «Жаралыларға күтім жасау» және «Далалық медицина» тақырыптары бойынша Алматы қаласында өткізілген тренингке жасақтың 2 құтқарушысы қатысып, «Joint Combined Exchange Training 024W» халықаралық сертификатын алды.
Тәртіп
Жасақта жеке құраммен қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының заңнамасы, нормативтік актілер және Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмаларына сәйкес жүргізілді.
Ұжымда ай сайын құқықбұзушылық, қызметтік және еңбек тәртібінің жәй-күйінің талдауы жүргізіледі. 2025 жылдың І жартыжылдығында тәртіптік шараға (сөгіс) 1 қызметкер тартылды.
Жасақтың басшылығымен қызметкерлерді көтермелеу және ынталандыру бойынша шаралар қабылдануда.
І жартыжылдықта жұмыста ерекше еңбегі және жетістігі үшін «АҚ құрметті қызметкері» төс белгісімен 1 құтқарушы, Министрліктің Құрмет грамотасымен 1 құтқарушы, Департамент басшылығының Алғыс хатымен 2 құтқарушы, Қызылорда қаласы әкімінің Құттықтаумен 2 құтқарушы, Қызылорда облысының Полиция Департаментінің Алғыс хатымен 1 құтқарушы марапатталды.
Жасақтың жарақтандыруы
Жасақта жұмысқа қажетті автокөлік пен арнайы техника, құралдар мен жабдықтар бар.
ҚР ТЖМ 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 429 бұйрығымен бекітілген нормаларына сәйкес Жасақ жалпы 47,3 % жабдықталған, бұл өз мақсатына сәйкес негізгі жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді.
Автокөліктер мен техника – 45,65 %, жүзу құралдары - 56,81 %, құрал-жабдықтар – 26,41 %, байланыс құралдары – 33,47%, сүңгуір құрал-жабдықтары – 45,98 %, радиациялық және химиялық қорғау жабдықтары – 35,96, арнайы киім – 71,4 %, тіршілікті қамтамасыз ету жабдықтары – 37,4 %.
Жасақта 21 техника бар:
УАЗ 390995 – 5 (2013-2019 жылдары шыққын)
Газель 2705 – 2 (2008-2020 жылдары шыққын)
ВАЗ 2329 (пикап) – 3 (2011 жылы шыққын)
Ssang Yong – 1 (2013 жылы шыққын)
Тойота Хай Люкс – 2 (2024 жылы шыққын)
Нефаз 4208 – 1 (2005 жылы шыққын)
Камаз 43114 – 2 (2010-2013 жылдары шыққын)
Камаз 43118 – 1 (2014 жылы шыққын)
БРОНТО-МАРШ – 1 (2007 жылы шыққын)
Трэкол – 1 (2014 жылы шыққын)
қарда жүргіш Тайга «Атака-551» - 1 (2012 жылы шыққын)
квадроцикл – 1 (2023 жылы шыққын)
Сонымен қатар жасақта 1 ауа жастықшасындағы «Пегас» кемесі бар. Жасақтың көлік құралдары барлық кезендік қызметтер мен техникалық байқаудан өткізілген.
Нефаз-4208 (м/б 673 АІ 11 2005 жылғы), Газель-2705 (м/б 462 АІ 11 2008 жылғы), ВАЗ 2329 2 автокөлік (м/б 013 TG 11, м/б 093 TG 11 екеуіде 2011 жылғы) және ауа жастықшасындағы «Пегас» кемесінің құжаттары есептен шығаруға дайындалуда.
Республикалық бюджет есебінен 2024 жылы Жасаққа кинологиялық 1 Тойота Хай Люкс автокөлігі және авариялық-құтқару құралдарымен жабдықталған 1 Тойота Хай Люкс (құжаттары рәсімделуде), сондай-ақ құрғақ типті гидрокостюм 15 дана, ылғал типті гидрокостюм 15 дана берілді.
Жергілікті бюджеттен 2024 жылы Жасаққа 3 угловая шлифмашина, 2 шуруповерт, 15 аттың күші бар 5 ілмекті мотор, 10 құрғақ типті гидрокостюм , 2 тепловая пушка,1 компрессор, 2 жарық мұнарасы, 1 шиномантажный станок, 1 балансировочный станок, 2 домкрат подкатной, 4 дрель, 1 пуско-зарядное устройство, 4 бензинді ара Штиль сатып алынды.
Жүзу құралдарынан жасақта 26 бірлік бар: катерлер – 5, темір қайық – 6, пластикалық қайық – 2, үрлемелі қайық - 13 бар (7 қайық жарамды, 6 резеңке қайық жарамсыз есептен шығаруға дайын). Қайықтардың 23 моторы, құтқару күртешелерінен 28 бар. Сүңгуірлік гидрокостюмдер 81 бар, оның ішінде құрғақ түрдегі 30 гидрокостюм және ылғалды түрдегі 51 гидрокостюм. Сүңгуірлік демалу аппараты 26 жинақ, сүңгуірлік толық бетперделерден жасақта 6, жилет-компенсаторлардың 16, тасымалды ауа компрессорынан 6 бар.
Гидравликалық авариялық-құтқару құралдарының 4 жиынтығы,
13 бензинді ара, 4 мотоприводты дискілі кескіштер, 2 мотопомпа бар.
Жасақта квадрокоптер ұшу аппараты 1 жинақ және эхолот су асты аппараты 2 жинақ бар.
Радиациялық-химиялық бөлімшесінде 9 тыныс алу аппараттары 5 спераматик тыныс алу аппарттарының баллондары (4-уі жарамсыз), 7 «Трелчем» химиялық қорғаныс костюмдері, 21 Л-1 костюмдері, 31 ОЗК, 42 газқағар бар, 15 самоспасатель, 1 радиациялық пейджер, 2 GX-3R маркалы газоанализатор бар.
Байланыс құралдарынан 62 тасымалды УКВ рация, 15 мобильді УКВ рация, 4 стационарлық УКВ рация, 4 КВ рация, 2 «Иридиум» жерсеріктік телефондары бар.
Жасақта қазіргі уақытта 10 компьютер, 2 принтер және 2 сканер бар.
Кинологиялық бөлімшесінде 4 кинолог, 3 іздестіру итімен (бельгиялық овчарка тұқымды 2 ит, Голден-ретривер тұқымды 1 ит және неміс овчаркасы 1 ит) бар, барлық иттер аттестаттаудан өткен және іздестіру-құтқару жұмыстарына рұқсат алған. Сондай-ақ 2 күшік пен күзде өтетін сертификацияға дайдалып жатқан 1 жас ит бар (барлығы бельгиялық овчарка).
Өзекті мәселелер және шешу жолдары
1) Жасақта қазіргі уақытта 9 тыныс алу аппараттары бар, оның 5 жарамды да 4 жарамсыз. Осы жағдайға байланысты 47 тыныс алу аппараттарын сатып алу қажет етеді.
2) Кызылорда қаласындағы құтқару станса ғимаратына ағымды жөндеу, жаттыға базасындағы ғимаратқа күрделі жөндеу қажет етеді.
3) Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 7 үрлемелі қайық, 3 табаны тегіс темір қайық водометімен (плоскодонная металлическая лодка с водометом), 2 гидроцикл және 2 аэроқайық сатып алу қажет.
Баяндама аяқталды.
Назарларыңызға рахмет!
1) Жасақта қазіргі уақытта 9 тыныс алу аппараттары бар, оның 5 жарамды да 4 жарамсыз. Осы жағдайға байланысты 47 тыныс алу аппараттарын сатып алу қажет етеді.
2) Кызылорда қаласындағы құтқару станса ғимаратына ағымды жөндеу, жаттыға базасындағы ғимаратқа күрделі жөндеу қажет етеді.
3) Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 7 үрлемелі қайық, 3 табаны тегіс темір қайық водометімен (плоскодонная металлическая лодка с водометом), 2 гидроцикл және 2 аэроқайық сатып алу қажет.