Қызылорда облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының 2025 жылғы І тоқсанда атқарған жұмыстарының талдауы

2025 жылдың есепті кезеңінде Жедел құтқару жасағы авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына, жол көлік оқиғаларына, тұрмыстық сипаттағы шығуларға, өрттерге, жаттығуларға, құтқару операциясына және басқада сипаттағы шығыстарға қатысты.          

2025 жылдың І тоқсанында барлығы 240 шығу жасалды. Оның ішінде 34 авариялық-құтқару жұмыстарына, 3 іздестіру-құтқару жұмыстарына (суда 0, құрлықта 3), 1 жол көлік оқиғасына (Сырдария ауданы Ақжарма елді мекенінің тұсында «Батыс Қытай – Батыс Европа» магистральді жолда), 66 тұрмыстық сипаттағы шығулар, 9 жаттығуларға, 127 басқада сипаттағы шығыстар (рейдтік іс-шаралар, мониторингтік жұмыстар және т.б.).                                           

Іздестіру жұмыстары Жалағаш ауданында 1 рет, Қармақшы ауданында 1 рет, Шиелі ауданында 1 рет жүргізілді.

Анықтамалық:

  1. Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан «Қыран» ЖШС қарасты Құмжарған фазендасында мал бағып жүріп адасып кетіп, қайта оралмаған Қызылорда қаласы, Торайғыров көшесі № 10 үйдің тұрғыны 30.09.1961 жылы туылған азамат Сейтомаров Сунатбайді іздестіру.
  2. УАЗ фермер автокөлігімен жылқы малын түгендеуге шығып оралмаған Қармақшы ауданы Жосалы кенті Ораз Ахун көшесі № 76 үйдің тұрғыны 13.12.1981 ж.т. азамат Қанбаев Қуанышты іздестіру.
  3. Шиелі ауданы Сұлтөбе ауылынан мотоциклмен мал қарауға шығып қайта оралмаған Қызылорда қаласы, Төле би көшесі № 141А үй 51 пәтердің тұрғыны 1990 ж.т. Арыстанбеков Болат Орынбасаровичті іздестіру.   

Авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару және басқада кезек күттірмейтін жұмыстар барысында 96 адам құтқарылды, оның ішінде 69 бала.

        Әр түрлі төтенше жағдайлар орнынан қайтыс болған  4 адамның денесі шығарылды, оның ішінде бала жоқ.

        Құтқарушылармен 13 бас жануар құтқарылып, қауіпсіз жерге шығарылды.

        Құтқарушылар 3 рет сақина шешіп беруге, 6 рет жарқанаттарға шығыстар жасады.

        2 автокөлік қауіпсіз жерге шығарылды (Қармақшы ауданында 1, Қызылорда қаласы маңында Айнакөл көлінде 1).

Анықтамалық:

  1. Қармақшы ауданы Жосалы кенті Ораз Ахун көшесі № 76 үйдің тұрғыны 13.12.1981 ж.т. азамат Қанбаев Қуаныштың УАЗ фермер автокөлігі Жосалы кентіне жеткізілді.
  2. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылынан өткеннен кейін Айнакөл ауылы тұсында, көлге түсіп кеткен Шымкент қаласынан келген геолог мамандарының көлігі қауіпсіз жерге шығарылды.

 

2024-2025 жылдардың І тоқсанында ТЖ фактілерінің салыстырмалы талдауы

 

2024 жылдың

І тоқсанында

2025 жылдың

І тоқсанында  

Пайыздық көрсеткіш

Шығулардың саны

165

240

+ 31,25%

Оның ішінде:

Авариялық-құтқару жұмыстары

35

34

- 2,86 %

Іздестіру-құтқару жұмыстары

4

3

- 25 %

Жол көлік  оқиғалары

3

1

- 66,66 %

Тұрмыстық

53

66

+ 19,69 %

Жаттығулар

5

9

+ 44,44 %

Басқада шығулар (мониторинг, рейдтер және т.б.)

65

127

+ 48,82 %

Сырдария өзенінде кезекшілік

0

0

0 %

    Жұмыс барысында:                               

Құтқарылды

83 адам

96 адам

+ 13,54 %

оның ішінде: 

36 бала

69 бала

+ 47,82 %

эвакуацияланды

22

0

- 100 %

Жануар құтқарылды

7

13

+ 46,15 %

Мәйіт шығарылды

7 ересек/

0 бала

4 ересек/

0 бала

- 42,85 %

Техника шығарылды

2

2

0 %

        2025 жылғы 16 наурыздан бастап жасақтың 10 құтқарушысы   2 техникамен Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында су тасқынына қарсы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.           

Профилактикалық жұмыс

2025 жылғы І тоқсанда Қызылорда қаласындағы құтқарушылар Қызылорда облысы ТЖД, Қызылорда қаласының ТЖБ, Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, Қызылорда қаласы аумағындағы балық аулайтын орындарда 50 рейд өткізіп, 207 балықшыға үнпарақтар таратты.

Жасақ құтқарушылары Қызылорда қаласының 9 мектебінде авариялық құтқару құрал-жабдықтарының көрмесін көрсетіп, «Судағы қауіпсіздік ережелері» «Суда зардап шегушілерді құтқару, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері» тақырыптар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, «Судағы қауіпсіздік ережелері» «Суда зардап шегушілерді құтқару, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері» тақырыбымен 1 интерактивті сабақ өткізілді.

        Арал ауданындағы Қамыстыбас құтқару бөлімшесінің құтқарушылары Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп Арал теңізінде және көлдерде 1 рейд өткізді. Қамыстыбас көлінде балықшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 91 кезекшілік өткізіп, 150 балықшыға судағы (мұздағы) қауіпсіздік бойынша үнпарашалар таратты. 

Штаттық құрылым, құтқарушылардың біліктілігі 

        Штаттық кесте бойынша 75 қызметкер, нақты 75 қызметкер.

        Құтқарушылардың кәсіби біліктілігі бойынша, 1 сыныпты – 42 құтқарушы, 2 сыныпты – 16 құтқарушы, 3 сыныпты – 4 құтқарушы, 13 қызметкер «Құтқарушы» біліктілігін алған.

        Сүңгуір-құтқарушы біліктілігі бойынша айтсақ, жасақта барлығы 57 сүңгуір бар, оның ішінде 1 сыныпты – 14 сүңгуір,   2 сыныпты – 14 сүңгуір және 3 сыныпты – 29 сүңгуір.

Тәртіп 

        Жасақта жеке құраммен қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының заңнамасы, нормативтік актілер және Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмаларына сәйкес жүргізілді.

        Ұжымда ай сайын құқықбұзушылық, қызметтік және еңбек тәртібінің жәй-күйінің талдауы жүргізіледі. 2025 жылдың                      І тоқсанында тәртіптік шараға қызметкерлер тартылған жоқ.

        Жасақтың басшылығымен қызметкерлерді көтермелеу және ынталандыру бойынша шаралар қабылдануда.

        І тоқсанда жұмыста ерекше еңбегі және жетістігі үшін Министрліктің Құрмет грамотасымен 1 құтқарушы, Департамент басшылығының Алғыс хатымен 2 құтқарушы, Қызылорда қаласы әкімінің Құттықтаумен 2 құтқарушы, Қызылорда облысының Полиция Департаментінің Алғыс хатымен 1 құтқарушы марапатталды.

 

Жасақтың жарақтандыруы

 

        Жасақта жұмысқа қажетті автокөлік пен арнайы техника, құралдар мен жабдықтар бар.

        ҚР ТЖМ 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 429 бұйрығымен бекітілген нормаларына сәйкес Жасақ жалпы 47,3 % жабдықталған, бұл өз мақсатына сәйкес негізгі жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді.

        Автокөліктер мен техника – 45,65 %, жүзу құралдары - 57,58 %, құрал-жабдықтар – 43,27 %,  байланыс құралдары – 42,63 % (тасымалды және  мобильді УҚТ радиостанциялармен 81,33% қамтылған),  сүңгуір құрал-жабдықтары – 45,98 %, радиациялық және химия-биологиялық қорғау жабдықтары – 35,96 %, тіршілікті қамтамасыз ету жабдықтары – 37,4 %, арнайы киім – 70 %.

        Жасақта 21 бірлік техника бар:

УАЗ 390995 – 5,

Газель 2705 – 2,

ВАЗ 2329 (пикап) – 3,

Ssang Yong – 1,        

Тойота Хай Люкс – 1,        

Нефаз 4208 – 1,

Камаз 43114 – 2,

Камаз 43118 – 1,         

БРОНТО-МАРШ – 1,

Трэкол – 1,

қарда жүргіш Тайга «Атака-551» - 1,

квадроцикл – 1.

        Сонымен қатар жасақта 1 ауа жастықшасындағы  «Пегас» кемесі бар. Жасақтың көлік құралдары барлық кезендік қызметтер мен техникалық байқаудан өткізілген.

        Республикалық бюджет есебінен Жасаққа авариялық-құтқару құралдарымен жабдықталған 1 Тойота Хай Люкс автокөлігі берілді.

        1 Нефаз-4208 автокөлігі, 1 Газель 2705 автокөлігі және   2 ВАЗ-2329 автокөліктерін есептен шығаруға қажетті құжаттары дайындалуда.

        Тұрақты жауынгерлік кезекшілікте 4 автокөлік қойылған  (1 автокөлік авариялық-құтқару құрал-жабдықтарымен жабдықталған, 2 автокөлік сүңгуірлік құрал-жабдықтарымен жабдықталған, зардапшегушілердің жылынуына және эвакуацияға арналған 1 Камаз-Кунг автокөлігі).  

        Жүзу құралдарынан жасақта 26 бар: 5 катерлер, 6 қайық,          2 пластикалық қайық, 13 үрлемелі қайық бар. 6 үрлемелі қайық жарамсыз, есептен шығаруға қажетті құжаттары дайындалуда.

        18 қайықтардың моторлары бар, оның 4 пайдалануға жарамсыз, есептен шығаруға қажетті құжаттары дайындалуда.

        Жасақтың есебінде 81 сүңгуірлік гидрокостюмдер бар, оның ішінде құрғақ түрдегі 30 гидрокостюм және ылғалды түрдегі           51 гидрокостюм. 2024 жылы 2 құрғақ түрдегі және 4 ылғалды түрдегі гидрокостюмдер тозығы жетіп, пайдалану мерзімдерінің асып кетуіне байланысты есептен шығаруға қажетті құжаттары тапсырылды.

        Сүңгуірлік тыныс алу аппаратының 26 жинағы бар. Тыныс алу аппараттарының 23 жинағы жарамды, 3 аппарат істен шығып жөндеуге жарамсыз болуына байнанысты есептен шығарылады.

        Радиациялық-химиялық бөлімшесінде 9 тыныс алу аппараттары бар (оның 4-і жарамды жауынгерлік есепте тұр, 1-і резервте жарамды, 4 аппарат жарамсыз есептен шығарылады). Тыныс алу аппарттарының 10 спераматик баллондары бар, олардың               4-і жарамсыз есептен шығарылады. 7 «Трелчем» химиялық қорғаныс костюмдері, 21 Л-1 костюмдері, 42 противогаз бар (жарамды), самоспасатель 15 бар (онын 5 жарамсыз есептен шығарылады).

        Гидравликалық құралдардың 5 жинағы бар (Холматро маркалы  4 жинақ,  2004 жылғы Вебер маркалы 1 жинақ).

        Сондай-ақ, Жасақта 2 жинақ эхолот су асты аппараты бар.

        Кинологиялық бөлімше Қызылорда қаласында, И. Журба көшесі № 63А мекенжайында орналасқан. Кинологиялық бөлімшесінде 4 кинологиялық есептоп 4 іздестіру итімен (бельгиялық овчарка тұқымды 2 ит, Голден-ретривер тұқымды  1 ит және неміс овчаркасы 1 ит) бар, барлық иттер аттестаттаудан өткен және іздестіру-құтқару жұмыстарына рұқсат алған.               

                       Өзекті мәселелер және шешу жолдары

        1) Жасақта қазіргі уақытта жасақтың Радиация және химия бөлімшесінде 9 тыныс алу аппараттары бар, оның 5 жарамды да        4 жарамсыз (есептен шығаруға жатады). Осы жағдайға байланысты тыныс алу аппараттарын сатып алу қажет етеді. Облыс аумағынан сырт жерлерге іссапарға шыққан кезде жасақта тыныс алу аппартары қалмайды.

        2) Кызылорда қаласындағы құтқару станса ғимаратына күрделі жөндеу қажет етеді.

        3) Жоғарыда айтылғандай жасақта 13 үрлемелі қайық бар, оның 6 жарамсыз, есептен шығаруға жатады (қамтамасыз ету нормалары бойынша жасақта 14 қайық болу керек). Осы жағдайға байланысты, үнемделген қаражат есебінен тағыда 7 үрлемелі қайық сатып алу қажет.

Баяндама аяқталды.

Назарларыңызға рахмет!

 

Қызылорда облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының 2025 жылғы І тоқсанда атқарған жұмыстарының талдауы
Дата публикации
18 декабря 2025