Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының 2025 жылдың 11 айындағы қызмет қорытындылары

ҚР ТЖМ Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қызылорда қаласы, М.Саламатов көшесі, 47 (№ МӨБ) мекенжайында орналасқан.

ҚР ТЖМ Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы -  Дабылов Әділжан Бөріұлы.

Басқарма қызметкерлерінің штаттық саны – 13 адам, нақты саны – 13 адам.

Басқарма 3 бөлімнен тұрады:

- мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібіндегі, магистральдық құбырлар мен жарылыс жұмыстарындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімі (штат-5 адам, нақты - 5 адам);

- тау-кен өнеркәсібіндегі және атом энергиясын пайдалану объектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімі (штат-3 адам, нақты - 3 адам);

- қазандықтар, газ шаруашылықтары, көтергіш құрылыстар мен нан өнімдері объектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімі (штат-4 адам, нақты - 4 адам).

Басқарма бақылауында 226 (2024 жылы 226) кәсіпорын бар, оның ішінде жоғары тәуекел дәрежесі – 186, орташа тәуекел дәрежесі – 40.

Бақылау және қадағалау субъектілері басқару бөлімдері бойынша бөлінеді, сондай-ақ әрбір мемлекеттік инспекторға бекітіледі. Бақылау және қадағалау субъектілерін бөлуді Департамент басшысы бекітті.

Басқармаға 2014 жылы шыққан «SsangYong Kyron» автокөлігі бекітілген.           

            Мемлекеттік бақылау және қадағалау:           

            2025 жылдың 11 айында Басқарманың инспекторлық құрамы субъектіге (бақылау және қадағалау объектісіне) бара отырып 26 (21 – 2024 жыл) профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізді. 1640 (1230 – 2024 жыл) қауіпті өндірістік объектілер зерттелді, олардың барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері мен нормаларының 1229 (548 – 2024 жыл)  бұзушылықтары анықталды.              

            Профилактикалық бақылау нәтижесімен 25 (2 – 2024 жыл)  мәрте жедел ден қою шаралары қолданылды.

            «ТҰЗКӨЛМҰНАЙГАЗОПЕРЕЙТИНГ» ЖШС - 13 ұңғымаларының жұмысы тоқтатылды (мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынағының жүргізілмеуі).

            «Аргос» ЖШС – 2 қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстың жұмысы тоқтатылды (мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынағының жүргізілмеуі, ыдыс қысымды өлшеу аспабысыз пайдаланып келген).

               «ЖШС Қызылорда Газ» ЖШС – 10 қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстың жұмысы тоқтатылды (мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынағының жүргізілмеуі).

            Профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша бақылау нәтижелері туралы актілер және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

            2025 жылдың 12  айында жоспардан тыс 8 (15 – 2024 жыл) тексеру жүргізілді. Оның ішінде: тексеру және профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау – 1, жедел ден қою шараларын бұзушылықтардың орындалуын тексеру - 3, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің хаты негізінде – 1, прокуратураның тапсырмасы – 2, Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының хаты негізінде – 1.

            Жоспардан тыс тексерулер барысында 86 (2024 жыл - 27) объект зерттелді, 69 (17 – 2024 жыл) бұзушылық анықталды. 4 (2024 жылы - 5) заңды тұлғаға айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды (1. «Байкен-U» ЖШС (298 бап 1 тармағы), 2. «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ (298 бап 1 тармағы, 3. «Мураз» ЖШС (298 бап 1 тармағы), 4. «ТҰЗКӨЛМҰНАЙГАЗОПЕРЕЙТИНГ» ЖШС (462 бап 3 тармақ) жалпы сомасы 1631780 (2024 жылы-2233660). Барлық әкімшілік айыппұлдар уақтылы өндіріліп алынды.

            Жоспардан тыс тексеру нәтижесімен 2 мәрте жедел ден қою шаралары қолданылды.

            «Мураз» ЖШС – 2 қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстың жұмысы тоқтатылды (автокөлікте пайдалануға арналмаған автомобиль газ құю станциясында баллондарды газбен толтыруға жол берілген).           

            Мемлекеттік қызметтер:           

            2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 306 (2024 жылы - 239) мемлекеттік қызмет көрсетілді.

            2025 жылдың 10 айында жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруге 28 өтініш қаралып  рұқсат берілді.

            Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы келісуге өтініштер қаралды – 157.

            85 қауіпті техникалық құрылғы есепке қойылды,  

            өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшыларында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары мен нормаларын білуін тексеру бойынша 36 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

            Дәлелді бас тарту-96. 

Техникалық қайта жарақтандыру: 

Қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі жиынтық жоспарға сәйкес 2025 жылдың 12 айына тозған жабдықты ауыстыруға 73 бірлік жабдық пен технологиялық желі жоспарланған.

Департаменттің бекітілген техникалық қайта жарақтандыру жоспарына сәйкес 2025 жылдың ІІІ тоқсан нәтижесі бойынша 44 бірлік жабдық пен технологиялық желі ауыстырылды. 29 жабдықтарды келесі тоқсандарда ауыстыру жоспарлануда. 

Профилактикалық жұмыс:

                 Инспекторлар оқу дабылдарын өткізуге қатысты - 14,

       Рұқсат берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін (сәйкессіздігін) бақылау (тау – кен өндіру және химия өнеркәсібі, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында) – 7.

         Өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін (сәйкестігін) бақылау заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау – 2.

        Қауіпті өндірістік объектілерді пайдалануға беру алдында қабылдау сынақтарына және техникалық куәландыруға қатысу – 295.           

            Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен инциденттер: 

            Есепті кезеңде апаттар мен инциденттер тіркелген жоқ.

            Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша жеке консультациялық көмек жазбаларының журналын жүргізеді. Сондай-ақ, Департамент қызметкерлеріне профилактикалық бақылауды, жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асырар алдында және қабылдау сынағына барар алдында нұсқама жүргізеді.

           

 

Басқарма басшысы                                                   А.Дабылов

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының 2025 жылдың 11 айындағы қызмет қорытындылары
Дата публикации
18 декабря 2025