Мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау саласы бойынша.

Мемлекеттік өрт бақылау саласы бойынша Департамент есебіне алынған 9 512 нысан бар: жоғары тәуекел дәрежесі бар нысандар – 2 266, орташа тәуекел дәрежесі – 510, төмен тәуекел дәрежесі – 6 736.

Ағымдағы жылдың 11 айында 919 нысан тексерілді (2024 ж. – 1348): Профилактикалық бақылау және қадағалау – 401 (2024 ж. – 257), жоспардан тыс тексерулер – 518 (2024 ж. – 887). Тексеру барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының 4 036 (2024 ж. –11 805) бұзушылығы анықталды.

Анықтама үшін: 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған тексеру кестесіне сәйкес 548 нысанды тексеру жоспарланған, 6 ай ішінде профилактикалық бақылау және қадағалау бойынша 401 объекті тексерілді, жоспардың орындалуы 73,2%. Объективті себептер бойынша 147 нысан тексерілмеді (жаңа реттеушілік саясат – 97, РЧЛ базасының ақауы – 50).

Бақылау бағытындағы жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде ҚР ӘҚБтК 462-бабы 3-бөлігі бойынша 44 (2024 ж. – 16) әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. 40 әкімшілік іс бойынша                12 936 280 теңге көлемінде айыппұл салынды (қараусыз қалдырылған – 4).

Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзған жеке және заңды тұлғаға қатысты 774 әкімшілік іс қозғалып (2024 ж.–1283) жалпы соммасы               14 млн. 115 мың 880 теңге айыппұл салынды (2024 ж.– 6 млн. 064 мың 110 теңге) өткен жылмен сыластырғанда әкімшілік іс саны 39,6% азайған, салынған айыппұл мөлшері 2,3 есе көбейген.

Анықтама үшін: Өрт және өртке жатпайтын жану фактілері бойынша 761 (2024 ж. – 519) әкімшілік іс қозғалды, олардың ішінде 479 – ескерту, 282 – жалпы сомасы 13 575 230 теңгеге айыппұл салынған.

2025 жылдың 11 айында облыс аумағында 432 өрт оқиғасы тіркелді, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,3%-ға артық (396 өрт).

Өрт оқиғасынан 6 адам қаза болды (2024 ж.–7), жарақат алған 10 адамды құрайды (2024 ж.–11), өткен жылғымен салыстырғанда қаза болғандар 14,2%, ал жарақат алғандар 9,09% азайған.

Нысандарда - 45 өрт, шығын – 39 978 000 теңге (2024 ж. –42 өрт, шығын – 32 256 000 теңге). Өрт  - 7,1% көбейген,  шығыны – 23,9 % көбейген.

Тұрғын үй секторда – 246 өрт, шығын – 135 035 000 теңге (2024 ж. – 237 өрт, шығын – 88 322 000 теңге). Өрт – 3,8 % көбейген,  шығыны – 52,9 % көбейген .

Автомобиль көліктерде – 108 өрт, шығын – 81 092 900 теңге (2024 ж. – 99 өрт, шығын – 138 220 000 теңге). Өрт – 9,1 % көбейген,  шығыны – - 70,4 % азайған.

Орман  өрті – 20 өрт, шығын – 493 800 теңге (2024 ж. – 14 өрт, шығын – 675 000 теңге). 36 % көбейген,  шығыны  +27% азайған;

Басқа да өрт – 13 өрт, шығын – 900 000 теңге. (2024 ж. – 4 өрт, шығын 410 000 теңге) Өрт – 3,2 есеге көбейген,  шығыны – 1,1 есеге көбейген.

Бұқаралық ақпарат құралдарында өрт қауіпсіздігі бойынша барлығы 5 334 материал жарияланды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7% көбейген (2024 ж. – 5 240 материал):

  • Жергілікті баспасөзде – 335 мақала (2024 ж. – 329) → +1,7%
  • Теледидарда – 97 сұхбат (2024 ж. – 89) → +8,2%
  • Радиоэфирде – 535 бағдарлама (2024 ж. – 525) → +1,8%
  • Дыбыс зорайтқыштар арқылы – 2733 (2024 ж. – 2672) → +2,2%
  • Ақпарат агенттіктерінде – 80 материал (2024 ж. – 75) → +6,2%
  • Интернет-ресурстарда – 1554 жарияланым (2024 ж. – 1550) → +0,2%

2025 жылдың 11 айында Зерттеу өрт-сынақ зертханасының мамандарымен өрт оқиғаларына 96 рет (2024 ж. 88 рет) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Барлығы 96 қорытынды берілді (2024 ж. 11 айында 88 қорытынды берілді), оның ішінде: өрттің шығу себебі; нақты түрде – 72 (2024 ж. 73), болжамды түрде– 21 (2024 ж. 12), анықтау мүмкін емес – 3 (2024 ж. 3) қорытынды берілді.  Өрттің ошағы; нақты түрде – 91 (2024 ж. 74), болжамды түрде - 4 (2024 ж. 11), анықтау мүмкін емес - 1 (2024 ж. 3) қорытынды берілді.

Мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау саласы бойынша.
Дата публикации
18 декабря 2025