Астана қаласында өткізілген ерлер арасындағы ХХХІІІ қысқы чемпионатында 100 метрлік кедергілер жолағынан өту сайысы бойынша Әбдібек Еркін 16.57 сек. уақытымен І орынды иеленді.
22-23 мамыр аралығында «Өрт-2025» Қызылорда облысында командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді (15 АҚ қызметтерінің 614 адам, 157 бірлік техника, 1 тікұшақ).
Қызметкерлердің кәсіби шеберлігін, физикалық қабілетін және жауынгерлік дайындығын шыңдау мақсатында жеке құраммен 5 сайыс өткізілді (Кроссфит, Үздік жүргізуші, Үздік қарауыл бастығы, Үздік газ-түтіннен қорғаушы және Үздік ГТҚҚ буыны).
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жаппай-дене шынықтыру, сауықтыру іс-шаралары және негізгі Республикалық, Халықаралық жарыстары күнтізбелік жоспарына сәйкес 21-23 мамыр аралығында өрт сөндіру-құтқару спортынан Байқоңыр қаласында ашық чемпионаты өткізіліп, облысымыздың құрама командасы жалпы командалық есепте ІІ орын алды.
19 қазан – Құтқарушылар күні мерекесін атап өту және патриоттыққа тәрбиелеу, дене шынықтыру дайындығын арттыру, өрт сөндіру-құтқару спортын насихаттау мақсатында өрт сөндіру-құтқару спортынан облыстық командалық жарыс өткізілді.
«Қызылорда» автобус паркінде қала гарнизонының жеке құрамымен электромобильдердегі өрттерді сөндіру бойынша іс-жүзінде сабақтар өткізілді.
Жеке құрамның кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында әр түрлі нысандарда 70 рет өрт-тактикалық жаттығулар мен 285 рет өрт-тактикалық сабақтар өткізілді (орман және дала алқаптарында 8 ӨТЖ).
Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен қызметтік автокөлікпен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерінің қатысуымен 39 рет қосымша сабақ, 24 рет дөңгелек үстел және 26 рет «Арнайы автокөлікке жол бер» акциялары өткізілді.
2025 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 306 млн. 446 мың теңге, 4 бірлік техника мен өрт техникалық жарақтар алынды:
4 бірлік Toyota Hilux жалпы сомасы 113 млн. 160 мың теңге;
4 жиынтық сүңгуір тыныс алу аппараты, 2 дана дүрбі, 90 дана тасымалды радиобайланыс жүйесі, 5 дана құрғақ типтегі гидрокостюм және т.б жалпы сомасы 193 млн. 286 мың теңге.
2025 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен лизинг шеңберінде жалпы сомасы 465 млн. теңгеге 9 бірлік техника алынды:
5 бірлік Skoda Kodiaq жалпы сомасы 85 млн. теңге;
2 бірлік АНР-150-2000 Камаз-43118 жалпы сомасы 210 млн. теңге;
2 бірлік АЦ-5-40 Камаз-43118 жалпы сомасы 170 млн. теңге.
Ауыл құтқарушылары бойынша
Департамент теңгеріміндегі 6 бірлік негізгі өрт сөндіру автокөліктері «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы шеңберінде Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария және Жаңақорған аудандарының коммуналдық меншігіне берілді. Сонымен қатар қосымша 4 бірлік негізгі өрт сөндіру автокөліктері Арал, Қазалы, Сырдария және Шиелі аудандарының коммуналдық меншігіне беру жоспарлануда.
«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы шеңберінде Жаңақорған ауданы Манап және Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылдарында жаңадан өрт сөндіру пункттері ашылып, техникалармен қамтамасыз етілді.
Қазалы ауданы Ақсуат ауылында жаңадан өрт сөндіру пунктті жүргізіліп, құрылысы толығымен аяқталды, қолданысқа беруге дайын.
Жалағаш ауданы Аламесек а/о Есет батыр ауылында қолданыстағы өрт сөндіру пунктін қайта жаңғырту жұмысы жүргізіліп, қолданысқа берілді.
Жаңақорған ауданы Қандөз ауылында жаңадан өрт сөндіру пункттінің құрылысы жүргізілуде. Аяқталу мерзімі желтоқсан айының соңында жоспарлануда.
2026-2028 жылдары өрт қауіпсіздігі қорғалмаған елдімекендерде кезең кезеңімен өрт сөндіру пункттерін құру жоспарын бекіту үшін жергілікті әкімдіктермен келісіліп Өртке қарсы комитетіне жолданды.