Жолдауда ішкі тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тиімділігін арттыру, өрт қауіпсіздігі мен техногендік қатерлердің алдын алу сияқты маңызды міндеттер нақты айтылды. Бұл — бүгінгі күннің ең өзекті мәселелері. Әлемде климаттың өзгеруі, урбанизацияның өсуі, өндірістік апаттар мен табиғи зілзалалардың жиілеуі қауіпсіздік саласында тың реформаларды қажет етеді. Президент осы бағытта нақты шешімдерді ұсынды.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтық қорғаныс жүйесін жаңғырту, құтқару қызметтерін заманауи техникамен жабдықтау, кадрларды кәсіби дайындау және алдын алу шараларын күшейту – жолдауда көтерілген маңызды бастамалардың бірі. Бұл тек төтенше жағдайлар қызметі үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін маңызды.