Вдоль реки Сырдарья на территории Казалинского района об опасном водохозяйственном объекте

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі

Қызылорда облыстық комиссия отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

Қызылорда қаласы                          №_______               2020 жылғы «___» қыркүйек

 

 

Төрағалық еткен: облыс әкімі: Г. Әбдіқалықова

Қатысқандар: (тізім бойынша)

 

Қазалы ауданы аумағындағы Сырдария өзені бойындағы

қауіпті су шаруашылығы нысаны туралы

(Г. Әбдіқалықова, С. Ахмет, М. Ергешбаев )

 

  1. Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаевтың көктемгі мұз жүру кезеңінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан Абай елді мекені тұсындағы Сырдария өзенінің оң жаға беткейінің құлап, бүгінгі таңда шұғыл түрде жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі жөніндегі селекторлық байланыс арқылы берген хабарламасы қаперге алынсын.
  2. Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (Н. Қордабай) Қазалы ауданы, Абай елді мекені тұсындағы Сырдария өзенінің оң жағалауына жасалатын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге және оның жұмысын жүргізу үшін Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының есеп шотындағы үнемделген қаржыны қайта бағыттау бойынша облыстық бюджеттік комиссияға ұсыныс келтірсін.
  3. Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы (М.Усаин) Қазалы ауданы, Абай елді мекені тұсындағы Сырдария өзенінің оң жағалауына жүргізілетін жөндеу-қалпына келтіру мәселесін зерттеп, орындалатын жұмыстарға жоба-сметалық құжаттаманың әзірленуін қамтамасыз етсін.
  4. Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы (М.Усаин), Қазалы ауданы, Абай елді мекені тұсындағы Сырдария өзенінің оң жағалауына жасалатын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл түрде жүргізсін.
  5. Осы хаттаманың орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасарлары Н.Тілешов пен С.Ахметке жүктелсін.

 

 

Облыс әкімі

комиссия төрағасы                                                                          Г. Әбдіқалықова                

Вдоль реки Сырдарья на территории Казалинского района об опасном водохозяйственном объекте
Дата публикации
18 сентября 2020