2020-2021 жылдардағы ықтимал су тасқынының алдын алу шаралары туралы

26.10.2020-ғы № 10-06/5914 шығыс хаты

26.10.2020-ғы № Д-192 кіріс хаты

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссия отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

 

Қызылорда қаласы                                                                                      2020 жылғы 20 қазан      

 

Төрағалық етті: Облыс әкімі Г.Н.Әбдіқалықова

Қатысқандар:__ адам (тізім бойынша)

 

 

І. 2020-2021 жылдардағы ықтимал су тасқынының
алдын алу шаралары туралы

(Әбдіқалықова, Усаин)

 

  1. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы М. Усаинның хабарламасы назарға алынсын.
  2. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері:

         2.1. шұғыл түрде материалдық-техникалық қорларды су басу аймақтарына жақын аумақтарға шоғырландыру жұмыстарын жалғастырсын (мерзімі: 2020 жылғы 1 қарашаға дейін);

         2.2. мұз ұстасу және көктемгі мұз жүру кезеңдерінде Сырдария өзені бойына қорғаныс бөгеттерінің қауіпті учаскелеріне кезекшілігін ұйымдастырсын (мерзімі: тұрақты, 2021 жылғы 31 наурызға дейін);

2.3. су басу қауіпі бар аумақтардан тұрғындар мен мал-мүліктерін қауіпсіз жерлерге көшіру үшін оларды орналастыратын эвакуациялық жинақтау және қабылдау пункттерінің дайындықта болуын қамтамасыз етсін (мерзімі: тұрақты, 2021 жылғы 31 наурызға дейін);

2.4. жергілікті деңгейдегі азаматтық қорғаныс қызметтері мен ұйымдардың күш-құралдарын үнемі дайындықта болуын қамтамасыз етсін (мерзімі: тұрақты, 2021 жылғы 31 наурызға дейін).

  1. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті (Б. Данилов, келісім бойынша), жұмылдыру дайындығы басқармасы (М. Усаин), «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалымен (Х. Биімбетов, келісім бойынша) бірлесіп, Сырдария өзені бойындағы қауіпті учаскелерге үнемі мониторинг жүргізіп, оларды бақылауға алсын (мерзімі: тұрақты, 2021 жылғы 31 наурызға дейін).
  2. Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы (С. Нұрымбетов, келісім бойынша) Шардара су қоймасынан күз-көктем айларында Сырдария өзенінің төменгі ағысына түсірілетін су көлемінің бекітілген кестеге сәйкес босатылуына үнемі бақылау жасасын (мерзімі: тұрақты, 2021 жылғы 31 наурызға дейін).
  3. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы (М. Усаин):

5.1. Қармақшы ауданы Абыла елді мекені тұсындағы Тойымбет каналына екі көзді және Жаңақорған ауданындағы Өзгент көліне бір көзді су тоспаларын салу жұмыстарын шұғыл түрде жүргізсін (мерзімі: 2020 жылдың соңына дейін);

 

 

5.2 Қазалы ауданының Тасарық, Қызылқұм елді мекенін су басудан қорғау мақсатында, Қуаңдария каналына үш көзді су тоспасын салу жұмыстарының жоба сметалық құжаттарын әзірлеу және құрылысын салу жұмыстарына қаржы бөлуге облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім ұсынсын (мерзімі: 2020 жылдың соңына дейін).

  1. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
    (Н. Қордабай) Қармақшы ауданы Абыла елді мекені тұсындағы Тойымбет каналына екі көзді, Жаңақорған ауданындағы Өзгент көліне бір көзді және Қазалы ауданы аумағындағы Қуаңдария каналына үш көзді су тоспасының салу жұмыстарына қажетті қаржыны бөлу мүмкіндігін қарастырсын
    (мерзімі: 2020 жылдың соңына дейін).
  2. «Казгидромет» РМК Қызылорда филиалы (Ж. Қалымбетова, келісім бойынша) ауа-райы болжамы және облыс шекарасындағы су бекетінен өтіп жатқан су көлемі жөніндегі сапалы мәліметтердің дер кезінде берілуін қамтамасыз етсін (мерзімі: тұрақты, 2021 жылғы 31 наурызға дейін).
  3. «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы (Х. Биімбетов, келісім бойынша) Әйтек су торабын қалпына келтіру жұмыстарын аяқтасын (мерзімі: 2020 жылдың соңына дейін).
  4. Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша ақпарат облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына 2020 жылдың
    1 желтоқсанына дейін жолдансын.
  5. Осы тапсырмалардың орындалуын бақылау және үйлестіру облыс әкімінің орынбасары С.Ә. Ахметке жүктелсін.

 

 

ІІ. Облыс аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы

(Әбдіқалықова, Апетов)

 

  1. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Е. Апетовтың хабарламасы назарға алынсын.
  2. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері:

2.1. жоғары патогенді құс тұмауы ауруының алдын алу, болдырмау мақсатында тұрғылықты халық арасында тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізсін (мерзімі: тұрақты, 2020 жылдың соңына дейін);

2.2. облыстық статистика департаментімен (М. Баекеева, келісім бойынша) бірлесіп, ай сайын мониторинг жүргізсін және үй құстарын, ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу журналына уақытылы түсірілуін қамтамасыз етсін (мерзімі: тұрақты, 2020 жылдың соңына дейін);

2.3. облыстық ішкі саясат басқармасымен (М. Қазбекова)  бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге ресми мәліметтерін жариялап, саяси ахуалдың тұрақтылығын бақылауға алсын (мерзімі: тұрақты).

  1. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы (Ғ. Орақбаев, келісім бойынша) көлдер мен тоғандарға, құстардың мекендеу (ареал) ортасына мониторинг жұмыстарын жүргізіп, жабайы құстардың жаппай қырылуы орын алған жағдайда тиісті мекемелерге уақытылы хабарласын (мерзімі: тұрақты, 2020 жылдың соңына дейін).
  2. Облыстық аумақтық ветеринариялық инспекциясы (Ж.Сәрсенбаев, келісім бойынша) облыс көлемінде аса қауіпті жұқпалы ауруларды болдырмау мақсатында ветеринариялық іс-шаралардың уақытылы жүргізілуіне бақылауды күшейтсін (мерзімі: тұрақты, 2020 жылдың соңына дейін).
  3. Облыстық ветеринария басқармасы (Е.Апетов) аймақтағы эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау үшін барлық ветеринариялық
    іс-шаралардың уақытылы және сапалы түрде орындалуын ұйымдастырсын (мерзімі: тұрақты, 2020 жылдың соңына дейін).
  4. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
    (Н. Қордабай) жоғары патогенді құс тұмауы ауруының алдын алу мақсатында ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыруға қажетті қаржы бөлуді пысықтасын (мерзімі: 2020 жылдың қараша айы).
  5. Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша ақпарат облыстық ветеринария басқармасына 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін жолдансын.
  6. Осы тапсырмалардың орындалуын бақылау және үйлестіру облыс әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.

 

 

ІІІ. Облыстағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай және алдағы атқарылатын шаралар туралы

(Әбдіқалықова, Пазилов, Абдикаимова)

 

  1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
    С. Пазиловтың және облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері
    Ә. Абдикаимованың хабарламалары назарға алынсын.
  2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (С. Пазилов):

2.1. эпидемиологиялық ахуал күрделенген аудандарға жылжымалы ПТР (полимеразды тізбекті реакция) зертханасын жіберуді ұйымдастырсын (мерзімі: эпидемиологиялық ахуалы күрделенген жағдайда);

2.2. медициналық мекемелерде қажет болған жағдайда инфекциялық және реанимациялық төсек-орындардын жоспарға сәйкес ашылуын қамтамасыз етсін (мерзімі: эпидемиологиялық ахуалы күрделенген жағдайда).

2.3. инфекциялық стационарларға бейнебақылау жүйелерін орнатсын (мерзімі: 2020 жылдың соңына дейін);

2.4. медицина ұйымдарының коронавирустық инфекцияға қарсы дәрілік препараттарды қажеттілік болжамын нақтыласын, жеткіліксіз болған жағдайда «СК-Фармация» ЖШС-не уақытылы тапсырыс берсін (мерзімі: тұрақты);

2.5. болжамды коронавирустық инфекциясының екінші толқынына дайындық шаралары бойынша іс-қимыл алгоритмін әзірлесін (мерзімі:
2020 жылдың
1 қарашаға дейін);

2.6. облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен (Ғ.Байменова, келісім бойынша) бірлесіп, коронавирус инфекциясы анықталған науқастар мен олармен қарым-қатынаста болған азаматтардың деректерін қадағалау мақсатында мобильдік қосымшаға енгізсін (мерзімі: тұрақты);

2.7. облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасымен (М. Усаин) бірлесіп, облыстық резерв есебінен ПТР (полимеразды тізбекті реакция) талдауларын өткізуге қажетті тест жүйелері (тест-системы) мен шығын материалдарын (расходники) сатып алу мүмкіндіктерін пысықтасын (мерзімі:
2020 жылдың
10 қарашаға дейін).  

  1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (С.Пазилов), тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (Ғ.Байменова, келісім бойынша), Қызылорда қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп:

3.1. жоспарланған төсек орындардың дайындығын және науқастарды оттегімен қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстарды жүргізсін
(мерзімі: 2020 жылдың 1 қараша);

3.2. бастапқы медициналық-санитарлық және стационарлық көмек нысандары қажетті ресурстармен толығымен жабдықталсын
(мерзімі: 2020 жылдың 1 қараша);

3.3. облыстық ішкі саясат басқармасымен (М.Қазбекова)
коронавирустық инфекцияның екінші толқыны болуы мүмкіндігі туралы барлық бағыттар бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандырсын және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге теріс пікірдегі ақпараттар тараған жағдайда уақытылы және сапалы жауап берілуін қамтамасыз етсін (мерзімі: тұрақты);

3.4. барлық басқармалар мен оларға бағынысты мекемелерде санитариялық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақталуын қамтамасыз етсін (мерзімі: тұрақты).

  1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (С. Пазилов), Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалы (Ф. Қалиева, келісім бойынша) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (Ғ. Байменова, келісім бойынша) ПТР (полимеразды тізбекті реакция) лабораторияларының жұмыстарын күшейтіп, тестілеуден өтетін адамдардың әлеуметтік санатын ескере отырып, тәулігіне өткізілетін талдаулардың санын 1000 дейін жеткізсін (мерзімі: 2020 жылдың 26 қазанынан бастап).
  2. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (Ғ. Байменова, келісім бойынша), Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, облыстық прокуратура (Н.Бижанов, келісім бойынша) және полиция департаментімен (Б.Сұлтан, келісім бойынша) бірлесіп, барлық мобильді мониторингтік топтардың жұмысын жандандырсын
    (мерзімі: 2020 жылдың 26 қазанынан бастап).
  3. Облыстық полиция департаменті (Б.Сұлтан, келісім бойынша), ішкі саясат басқармасы (М.Қазбекова) мониторингтік топтардың жұмыстарына полицияның қоғамдық көмекшілерін және қоғам белсенділері мен волонтерларды кеңінен тартсын (мерзімі: тұрақты, 2020 жылдың 26 қазанынан бастап).

 

 

  1. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (Ғ. Байменова, келісім бойынша)

7.1. эпидахуалға байланысты шектеу және карантиндік шараларды уақытылы енгізіп, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларын шығарсын (мерзімі: тұрақты);

7.2. аймағымыздағы дәріханалардағы коронавирустық инфекцияға қарсы дәрілік заттардың болуын бақылауға алсын (мерзімі: тұрақты).

  1. «СК-Фармация» ЖШС-нің облыс бойынша өкілдігі (А. Едилова, келісім бойынша) медициналық ұйымдарға қажетті мөлшерде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың уақытылы жеткізілуін бақылауға алсын (мерзімі: тұрақты).
  2. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (Н. Қордабай) дәрілік заттардың тұрақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында бюджеттен қосымша қаржы бөлуді қарастыру мүмкіндіктерін пысықтасын (мерзімі: 2020 жылдың қараша айы).
  3. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері:

10.1. эпидемиологиялық ахуал күрделенген жағдайда тартылатын барлық медицина қызметкерлерін оқшаулап, тұратын уақытша тұрғылықты жермен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастырсын (мерзімі: эпидемиологиялық ахуал күрделенген жағдайда);

10.2. қалаішілік (кентішілік) қоғамдық көліктерде тасымалданатын адамдар санының отыратын орындарға сәйкес болуына және міндетті түрде бетперде киюіне бақылау жасасын (мерзімі: тұрақты).    

  1. Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы (Р. Сұлтангереев) облыс аумағындағы барлық кен орындарына вахталық әдіспен жұмысқа баратын және қайтатын қызметкерлерді жұмыс беруші мекеме есебінен коронавирусқа қарсы ПТР (полимеразды тізбекті реакция)  сынамадан өткізуі бойынша тиісті келіссөз жүргізіп, пысықтасын (мерзімі: тұрақты).    
  2. Облыстық ішкі саясат (М. Қазбекова), цифрлық технологиялар басқармалары (Ю. Тремасова), тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (Ғ. Байменова, келісім бойынша), Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, барлық облыстық басқармалармен бірлесіп:

12.1. қолданыстағы шектеулер мен профилактикалық жұмыстарды түсіндіру мақсатында әкімдіктердің сайттарында коронавирустық инфекцияның нақтыланған статистикалық көрсеткіштерін уақытылы және сапалы жаңартсын (мерзімі: тұрақты);

12.2. коронавирустық инфекция бойынша әлеуметтік роликтерді әзірлеп, көрсетілуін қамтамасыз етсін. Қажет болған жағдайда денсаулық сақтау министрлігімен әзірленетін роликтерді көрсетуді ұйымдастырсын (мерзімі: тұрақты);

12.3. әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда ақпараттандыру жұмыстарының үздіксіз жүргізілуін ұйымдастырсын (мерзімі: тұрақты).    

 

  1. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (М. Тілеумбетов) ауданаралық автобустарда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылау жасасын (мерзімі: тұрақты).
  2. Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша ақпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасына 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін жолдансын.
  3. Осы хаттаманың қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы аумағында коронавирустық инфекциясының (болжамды екінші толқын кезеңінде) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі облыстық штаб құрамы бекітілсін;

15.1. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің қаулыларының орындалуына мониторинг және тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыстарын үйлестіру және бақылау облыс әкімінің орынбасары
С.Ә. Ахметке жүктелсін. 

Жұмысшы орган – облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (Ғ.Байменова, келісім бойынша) айқындалсын;

15.2. коронавирус инфекциясының алдын алу, науқасты ерте анықтау, оқшаулау, емдеу шараларын қамтамасыз ету тобының жұмыстарын үйлестіру және бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.С. Байқадамовқа жүктелсін. 

Жұмысшы орган – облыстық денсаулық сақтау басқармасы (С.Пазилов) айқындалсын. 

  1. Осы тапсырмалардың орындалуын бақылау және үйлестіру облыс әкімінің орынбасарлары С.Ә. Ахметке және Н.С. Байқадамовқа жүктелсін.
  2. Осы хаттамада көрсетілген барлық тапсырмалардың орындалуы барысы туралы жинақ ақпаратты облыстық төтенше жағдайлар департаменті (Б. Данилов, келісім бойынша) 2020 жылдың 5 желтоқсанына дейін облыс әкімінің аппаратына ұсынсын.

 

 

      Облыс әкімі -

 комиссия төрағасы                                                                 Г. Әбдіқалықова  

 

 

2020-2021 жылдардағы ықтимал су тасқынының алдын алу шаралары туралы
Дата публикации
20 октября 2020