О результатах проведенных обследований технического состояния водохозяйственных объектов и гидротехнических сооружений, расположенных на территории области

07.08.2020-ғы № 03/1-6/4311 шығыс хаты

07.08.2020-ғы № Д-157 кіріс хаты

Облыс әкімі Г.Н. Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен

облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ

 

 

Қызылорда қаласы                                                                                    2020 жылғы 5 тамыз

 

Төрағалық еткен: Облыс әкімі Г.Н. Әбдіқалықова

Қатысқандар: тізім бойынша

 

Облыс аумағында орналасқан су шаруашылығы нысандары мен гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайына жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі туралы

(Әбдіқалықова, Усаин)

  1. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы М. Усаинның хабарламасы қаперге алынсын.
  2. Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері:

         1) 2020 жылдың 1 қазанына дейін 2020-2021 жылдардағы су тасқынына дайындық шараларын жүргізу мақсатында материалдық-техникалық материалдар қорларын қайта толықтырсын;

2) шұғыл түрде материалдық-техникалық қорларды су басу аймақтарына жақын аумақтарға шоғырландыру жұмыстарын ұйымдастырсын;

3) су тасқыны кезеңінде қауіпті учаскелерге бекітілген жауапты мекемелердегі арнайы техникалардың дайындық жағдайында болуын қамтамасыз етсін;

4) жергілікті деңгейдегі азаматтық қорғаныс қызметтері мен ұйымдардың күш-құралдарын үнемі дайындықта ұстасын;

5) Сырдария өзенінің бойындағы әрбір қауіпті учаскелерге бекітілген арнайы техникалары бар жауапты мекемелердің дария бойы кезекшілігін ұйымдастырсын;

6) су басу қаупі бар аумақтардағы тұрғындарға дер кезінде хабарлама беру, мал-мүліктерін қауіпсіз жерлерге көшіру дайындықтары бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын;

7)  алдағы күз-қыс айларындағы болуы ықтимал су тасқыны қауіптері туралы халықпен түсіндірме жұмыстарын жүргізсін;

8) елді мекендерді су басудан қорғау мақсатында барлық шабындық, егістік алқаптармен су қабылдау үшін арналар мен коллекторларды дайындыққа келтірсін.

  1.  Қазалы ауданы әкімі (М.Н. Ергешбаев), аудан бюджеті есебінен Басықара ауылдық округі тұсындағы оң жаға қорғаныс бөгетіне (ПК50-ПК62) ағымдағы жылдың қараша айына дейін жөндеу жұмыстарын жүргізсін.
  2. Қармақшы ауданы әкімі (М.О. Қалдарбеков), аудан бюджеті есебінен Жосалы кенті тұсындағы Сырдария өзенінің оң жағалауындағы «Қараөзек» арнасындағы теміржол көпіріне дейінгі аралықтағы «Қараөзек-1», «Қараөзек-2» учаскесіндегі негізгі қорғаныс бөгетіне ағымдағы жылдың қараша айына дейін жөндеу жұмыстарын жүргізсін.
  3. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Б.С. Шаменов):

1) «Қазсушар» РМК-ның Қызылорда филиалымен (Х.М. Биімбетов, келісім бойынша) бірлесіп, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін облыс аумағындағы магистралды каналдар және көлдер жүйелерімен су алу кестесін әзірлесін;

          2) Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясымен (м.а. Ж.Б. Нұрсейтов, келісім бойынша) бірлесіп, Шардара су қоймасынан күз-көктем айларындағы Сырдария өзенінің төменгі ағысына түсірілетін су көлемінің кестесін әзірлесін.

  1. Облыстық қаржы басқармасы (Е.Н. Шаврова) ағымдағы жылдың
    1 қазанына дейін облыс бюджетінен төтенше жағдайлар резервін қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
  2. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (М.Ж. Тлеумбетов) мен «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалы (Е.Б. Жүнісов, келісім бойынша) инфрақұрылымдарға залал келтірмеу мақсатында республикалық және облыстық маңыздағы автожолдар бойындағы су өткізу құрылғыларына тексеру жүргізіп, дайындығын қамтамасыз етсін.
  3. Облыстық полиция департаменті (м.а. Ш.Е. Амитов, келісім бойынша) қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қауіпті аймақтан тұрғындарды көшіру бағытында шаралар қабылдасын.
  4. «Казгидромет» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қызылорда филиалы (Ж.Ә. Қалымбетова, келісім бойынша) ағымдағы жылдың 15 қазанынан бастап ауа-райы болжамы және облыс шекарасындағы су бекетінен өтіп жатқан су көлемі жөніндегі сапалы мәліметтердің күнделікті берілуін қамтамасыз етсін.
  5.     «Қазсушар» РМК-ның Қызылорда филиалы (Х.М. Биімбетов, келісім бойынша):

         1) жұмыс тобымен анықталған Арал ауданы «Ақлақ» су торабының жоғарғы жағындағы сол жаға, Жалағаш ауданы «Северный прокоп» қашыртқысының жағалауы, Қармақшы ауданы Жаңажол ауылдық округі, Дүроңғар ауылы тұсындағы Сырдария өзенінің сол жаға қорғаныс бөгеттеріне ағымдағы жылдың қараша айына дейін жөндеу жұмыстарын жүргізсін;

         2) «Әйтек» су торабының стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, сапалы және мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етсін, қыс уақыттарында қажетті материалдық-техникалық қорларды қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.

  1. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті (Б.Ж. Данилов, келісім бойынша) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға тартылатын күштер мен құралдардың, апаттық-құтқару қызметтерінің су тасқынының алдын алу кезеңіне дайындығын қамтамасыз етсін.

 

 

  1. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы (М. Усаин):

         1) мұз жүру кезеңінде бұзылып, шұғыл түрде қалпына келтіруді қажет ететін қорғаныс бөгеттерінің 6 учаскесіне (1. Аманөткел ауылындағы Сырдария өзенінен бастау алып, көлдер жүйесімен «Қамбаш» көліндегі су деңгейін реттеуге арналған «Жасұлан» каналындағы су тоспасын қайта қалпына келтіру; 2. Жосалы кенті тұсындағы, Сырдария өзенінің оң жағалауының сумен мүжіліп, зақымдалған аумағын қалпына келтіру, нығайту; 3. Жосалы кенті тұсындағы, Сырдария өзенінің оң жағалауын қойтаспен бекіту;
4. Тереңөзек кенті тұсындағы Сырдария өзенінің сол жағалауы «Сламбек» учаскесіндегі негізгі қорғаныс бөгетінің мүжілген, аласарған аумақтарын қалпына келтіру, нығайту; 5.
«Топтық скважина» тұсындағы Сырдария өзенінің оң жағалау қорғаныс бөгетін қалпына келтіру, қойтаспен бекіту; 6. Тартоғай ауылдық округі тұсындағы Сырдария өзенінің иініндегі оң жағалау бөгетін қалпына келтіру, габионмен бекіту) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге және жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу үшін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім ұсынсын;

2) Облыстық төтенше жағдайлар департаментімен (Б.Ж. Данилов, келісім бойынша) бірлесіп, 10 күн мерзім ішінде су тасқынының алдын алу мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған іс-шара жоспарын дайындап, бекітсін.

  1. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
    (м.а Ә.Н. Жақыпбаева), Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасымен бірлесіп (М. Усаин), қорғаныс бөгеттерін жөндеуге қажетті қаржылар бойынша облыстық бюджеттік комиссияға ұсыныс келтірсін.
  2. Облыстық ішкі саясат басқармасы (М.Ж. Қазбекова) Облыстық төтенше жағдайлар департаментімен (Б.Ж. Данилов, келісім бойынша) бірлесіп, қыс-көктем кезеңдерінде Сырдария өзенінде қалыптасқан ахуал жөніндегі ақпараттарды және сақтық шаралары туралы үгіт-насихат жадынамаларын бұқаралық-ақпарат құралдарында үнемі жариялап отыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы тапсырмалардың орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ә. Ахметке жүктелсін.

           

 

       Облыс әкімі -

 комиссия төрағасы                                                                    Г. Әбдіқалықова     

О результатах проведенных обследований технического состояния водохозяйственных объектов и гидротехнических сооружений, расположенных на территории области
Дата публикации
05 августа 2020