О мерах безопасности в купальный сезон

30.05.2020-ғы № 03/1-6/3087 шығыс хаты

01.06.2020-ғы № Д-120 кіріс хаты

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ

 

Қызылорда қаласы                                                                        2020 жылғы 29 мамыр

 

Төрағалық етті: Облыс әкімі Г.Н. Әбдіқалықова

Қатысқандар: __ адам (тізім бойынша)

 

  1. Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы
    (Әбдіқалықова, Усаин, Бержанов)

 

  1. Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы М. Усаинның хабарламасы қаперге алынсын.
  2. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері:

1) судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 1 ай мерзімде коммуналдық жағажайлар ашу бойынша шараларды ұйымдастырып, нәтижесі баяндалсын;

2) 2020 жылдың 5 маусымына дейін қалалық, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырыстарымен су қоймалары, демалу аймақтары мен балалар лагерьлерінде адамдардың өмірінің қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды айқындасын;

3) өзендер мен көлдер жағажайларында суға кеткен адам санын көрсете отырып ескерту тақтайшаларын орнатсын;

4) елді мекен орталықтарында орналасқан электронды ЛЭД экраны арқылы судағы қауіпсіздік туралы видеороликтер көрсетуді ұйымдастырсын.

  1. Қызылорда қаласы және Арал, Шиелі аудандары әкімдері,
    1 ай мерзімде
    Қамбаш, Ханқожа көлдері мен Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзені бойында орналасқан жедел суда құтқару жасағы ғимаратының жанына бақылау мұнарасын орнатсын.
  2. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, Қызылорда облысының төтенше жағдайлар (О.Қ. Бержанов, келісім бойынша), полиция (Б.Ж. Сұлтан, келісім бойынша) департаменттерімен бірлесіп:
  • тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, рейдтер ұйымдастырсын;
  • өз аумақтарындағы ашылған жағажайлардың талаптарға сай болуын ұйымдастырсын. Оларды суда құтқару құралдарымен жабдықтасын (қайық, құтқару шеңберлері мен белдемшелері, т.с.с.);
  1. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, Қызылорда облыстық ішкі саясат (М.Ж. Қазбекова), жастар саясаты мәселелері (Қ.Қ. Жанұзақов) басқармаларымен бірлесіп:
  • адамдардың суда қаза болуын болдырмау бойынша профилактикалық жұмыстарға волонтерлік ұйымдарды тартуды қамтамасыз етсін;
  • өз аумақтарындағы жағажайлар мен демалыс орындарының құтқару құралдарынсыз және құтқарушыларсыз жұмыс жасауына тыйым салу мәселесін пысықтасын.
  1. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, Қызылорда облысының білім басқармасымен (А.Б. Қасымова) бірлесіп:
  • оқу орындарында оқушылардың (студенттердің) ата-аналарымен қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізсін;
  • балалардың жазғы тынығу лагерлерінде судағы қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауға алсын.
  1. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері,Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасымен
    (Т.Т. Дүйсебаев) бірлесіп, жұмыссыздар есебінен жазғы маусымда қоғамдық құтқарушыларды іріктеп жұмысқа тартуды және жедел құтқару жасақтарынан дайындықтан өтуін ұйымдастырсын.
  2. Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті
    (Г.А. Байменова, келісім бойынша), облыс аумағындағы су айдындарының жағасында орналасқан демалыс орындары мен балалардың жазғы тынығу лагерьлерінің санитарлық талаптарға сай болуын қатаң бақылауға алсын.
  3. Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті
    (О.Қ. Бержанов, келісім бойынша), Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзені және Шіркейлі каналы бойында суға шомылу маусымында жедел құтқару жасақтарының кезекшілігін ұйымдастырсын;
  4. Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (Н.Р. Қордабай), Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментімен (О.Қ. Бержанов, келісім бойынша) бірлесіп, суға кеткен адамдарды іздестіру жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында су асты көретін заманауи үлгідегі іздестіру қондырғыларын үнемделген қаржы есебінен сатып алуға қайта бағыттауға ұсыныс енгізсін.
  5. Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті
    (О.Қ. Бержанов, келісім бойынша), Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы (М. Усаин) Арал ауданының әкімі М. Оразбаев бірлесіп, Арал ауданы, Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан құтқару жасағының бекетін ашу және материалдық-техникалық базасының қажеттілігі бойынша зерттеу жүргізіп, 2020 жылдың 5 маусымына дейін ұсыныс келтірсін.
  6. Қызылорда облысының полиция департаменті (Б.Ж. Сұлтан, келісім бойынша):
  • суға шомылу маусымында көпшілік демалатын орындарында және балалардың жазғы тынығу лагерлерінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шараларын ұйымдастырсын;
  • су айдындарының шомылуға тыйым салынған жерлерінде рейдтер ұйымдастырып, ішімдік ішіп суға түсушілерге заң аясында шара қабылдасын.
  1. Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы
    (М.Ж. Қазбекова) су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі үгіт-насихат материалдары мен жаднамаларын бұқаралық-ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жүйелі түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Б.С. Шаменов), суға түсуге арналған және тыйым салынған жерлерді белгілесін.
  3. Осы тапсырмалардың орындалуына бақылауды облыс әкімінің орынбасары С.Ә. Ахметке жүктелсін.

 

 

  1. Орман және дала өрттері, орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы туралы

(Әбдіқалықова, Шаменов, Бержанов)

 

  1. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері:
  • өз аумақтарындағы шаруа қожалықтарына көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және оның жауапкершілігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қажет болған жағдайда тиісті құзырлы органдарды қатыстыра отырып, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды ұйымдастырсын;
  • ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер және шаруа қожалықтары егістік алқаптарды өртеу кезінде төтенше жағдайлар органдарын алдын ала хабардар етіп, бақылау жасалмайтын от жағу мен құрғақ шөптерді өртеу оқиғаларына тыйым салуды, кезекшілік ұйымдастыруды күшейтсін;
  • дала алқаптарындағы жану оқиғалары мен өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу жауапкершілігі туралы кеңінен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
  • 2020 жылдың 15 қыркүйегіне дейін мемлекеттік өртке қарсы қызметімен қорғалмаған шалғай орналасқан елді мекендерде құрылған өрт сөндіру бекеттерін орын жайлармен, жылу, су, байланыс құралдарымен талаптарға сай қамтамасыз етсін.
  • жергілікті төтенше жағдайлар органдарымен бірлесіп, өртке қарсы ерікті құралымдар арасында өрт-тактикалық жаттығуларды өткізсін;
  • ауылдық округ әкімдері аппараттарын өрт сөндіруге бейімделген техникамен қамтамасыз ету, өртке қарсы су көздерімен (өрт гидранттары, су қоймалары, пирстер) жабдықтау және жарамды күйде ұстау шараларын қарастырсын;
  • өрттерді жоюға тартылатын күштермен және құралдармен жедел түрде қамтамасыз ету үшін тиісті аумақта жанар-жағар май материалдарының, тамақ өнімдерінің, дәрі-дәрмектердің және басқа да шығыс материалдары қорларының дайындығын қайта пысықтасын;
  • орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты орынбасарларының жеке бақылауында болуын қамтамасыз етсін;
  • қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес ерікті өрт сөндіру құрылымдарының қоғамдық бірлестіктер нысанында құрылуын қарастырсын.
  1. Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті
    (О.Қ. Бержанов, келісім бойынша), екі апта мерзімде шалғай орналасқан елді мекендерде құрылған ерікті өртке қарсы құрылымдар мен бейімделген техникалардың жарамдылығы мен өрттерді сөндіруге дайындығын тексерсін.
  2. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Б.С. Шаменов), Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен (Н.Р. Қордабай) бірлесіп, орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде 3 жылға арналған жол картасын бір апта мерзімде бекітуге ұсынсын.
  3. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Б.С. Шаменов), Қызылорда облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен (Ғ.Ж. Орақбаев, келісім бойынша) бірлесіп, орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша бақылауды күшейтсін және атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты ай сайын облыс әкімінің аппаратына ұсынып отырсын.
  4. Осы тапсырмалардың орындалуын бақылауды облыс әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
  5. Осы хаттамада көрсетілген тапсырмалардың орындалуы туралы ақпарат Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментіне (келісім бойынша) және Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасына жолдансын.

 

 

Облыс әкімі –

   комиссия төрағасы                                                                Г. Әбдіқалықова

О мерах безопасности в купальный сезон
Дата публикации
29 мая 2020