|
03.04.2020-ғы № 03/1-6/2027 шығыс хаты 03.04.2020-ғы № Д-85 кіріс хаты |
Қызылорда облысының әкімі Г.Н. Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ
Қызылорда қаласы 2020 жылғы 2 сәуір
Төрағалық еткен: Облыс әкімі Г.Н. Әбдіқалықова
Қатысқандар: тізім бойынша
Коронавирус инфекциясының кең таралуына қарсы шаралардың атқарылуы туралы
(Әбдіқалықова, Байқадамов, Бижанов, Баймағамбетов, Сұлтан, Сәрсенбаев)
1) «Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 5 қаулысын шұғыл түрде іске асырылуын қамтамасыз етсін;
2) төтенше жағдай кезінде орын алған барлық деректерді облыс әкімдігінде құрылған облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының ақпараттық-талдау тобына дереу хабарлансын.
1) төтенше жағдай режимі кезеңінде оқыс оқиғалар орын алғанда және адамдар топтасып, наразылық білдіруге жиналған жағдайда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдасын;
2) 5547 әскери бөлімімен бірлесіп, 21:00 сағаттан кейін кәмелетке толмағандар отбасы мүшелерінің ересектерімен бірге және ересектердің тұрғын үйлерінен шығып, үш адамнан артық топтасып жүруіне жол бермеу мақсатында рейдтік шаралар жүргізсін.
1) коронавирус инфекциясымен науқастар тіркелген жағдайда шұғыл түрде тиісті шараларды қабылдасын;
2) облыс аумағында қалыптасқан жағдай бойынша облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының ақпараттық-талдау тобын дереу хабарласын;
3) анықталған ошақтарда қарым-қатынаста болған азаматтардың тізбегін нақты анықтап, оқшаулау жұмыстарын сапалы жүргізсін;
4) Қызылорда қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін нысандардың тізімін және жұмыс кестесін жасасын.
1) облыс аумағында коронавирус инфекциясымен науқастар түскен жағдайда және стационарлы карантинге жатқызылатындарға ауруханалардан арнайы орындар белгілеуді ұйымдастырсын;
2) анықталған науқастарға республикалық мамандармен телемедицина арқылы уақытында тиісті кеңестер алуды ұйымдастырсын;
3) әр-бір тіркелген науқастың жағдайын нақты бақылауға алсын;
4) коронавирус инфекциясына қарсы шараларға бөлінген 104 млн. теңге қаржының шұғыл игерілуін қамтамасыз етсін;
5) коронавирус инфекциясын анықтайтын сынама тесттерді сатып алу бойынша жұмыстарды жүргізсін.
1) елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты мемлекет тарапынан қолданылатын әлеуметтік көмектер бойынша тұрғындар арасында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізсін;
2) төтенше жағдай кезінде халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету жұмыстарын ағымдағы жылдың 2 сәуірінен бастасын;
3) төтенше жағдай кезінде жұмыстан айырылған азаматтарды мемлекеттік сақтандыру жүйесі арқылы 42 500 теңге көлемінде төленетін жәрдемақыға өтініштерді уақытылы қабылдау және төлеу жұмыстарын ұйымдастырсын.
1) тұрақтандыру қорына бөлінген қаржыны шұғыл игеріп, азық-түлік өнімдерінің 1 айлық қорын жасақтап, тұрғындарға жылдам жеткізілуін қамтамасыз етсін;
2) Қызылорда қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылдасын.
Облыс әкімі -
комиссия төрағасы Г. Әбдіқалықова