Коронавирус инфекциясының кең таралуына қарсы шаралардың атқарылуы туралы

03.04.2020-ғы № 03/1-6/2027 шығыс хаты

03.04.2020-ғы № Д-85 кіріс хаты

Қызылорда облысының әкімі Г.Н. Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ

 

Қызылорда қаласы                                                                                    2020 жылғы 2 сәуір

 

Төрағалық еткен: Облыс әкімі Г.Н. Әбдіқалықова

Қатысқандар: тізім бойынша

 

 

Коронавирус инфекциясының кең таралуына қарсы шаралардың атқарылуы туралы

(Әбдіқалықова, Байқадамов, Бижанов, Баймағамбетов, Сұлтан, Сәрсенбаев)

  1. Барлық облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының мүшелері, аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері:

         1) «Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 5 қаулысын шұғыл түрде іске асырылуын қамтамасыз етсін;

         2) төтенше жағдай кезінде орын алған барлық деректерді облыс әкімдігінде құрылған облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының ақпараттық-талдау тобына дереу хабарлансын.

  1. Қызылорда облысының полиция департаменті (Б. Сұлтан, келісім бойынша):

         1) төтенше жағдай режимі кезеңінде оқыс оқиғалар орын алғанда және адамдар топтасып, наразылық білдіруге жиналған жағдайда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдасын;

         2) 5547 әскери бөлімімен бірлесіп, 21:00 сағаттан кейін кәмелетке толмағандар отбасы мүшелерінің ересектерімен бірге және ересектердің тұрғын үйлерінен шығып, үш адамнан артық топтасып жүруіне жол бермеу мақсатында рейдтік шаралар жүргізсін.

  1. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы (м.а. Е. Әбішев), Қызылорда облысының полиция департаменті (Б. Сұлтан, келісім бойынша), Қызылорда облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті
    (О. Бержанов, келісім бойынша), Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері уәкілетті органмен енгізілген шектеулер жөнінде жергілікті тұрғындарға бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және дыбыс зорайтқыштарды қолдана отырып көше аралау арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізсін.

 

          

  1. Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті
    (Ғ. Байменова, келісім бойынша):

1) коронавирус инфекциясымен науқастар тіркелген жағдайда шұғыл түрде тиісті шараларды қабылдасын;

2) облыс аумағында қалыптасқан жағдай бойынша облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының ақпараттық-талдау тобын дереу хабарласын;

3) анықталған ошақтарда қарым-қатынаста болған азаматтардың тізбегін нақты анықтап, оқшаулау жұмыстарын сапалы жүргізсін;

4) Қызылорда қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін нысандардың тізімін және жұмыс кестесін жасасын.

  1. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті «Ұлттық сараптама орталығының» Қызылорда облыстық филиалы
    (Ф.Ы. Қалиева, келісім бойынша) коронавирусты анықтауға қажетті лабораториялар санын ұлғайту мәселесін пысықтасын.
  2. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
    (Ж. Әбдусаметов):

1) облыс аумағында коронавирус инфекциясымен науқастар түскен жағдайда және стационарлы карантинге жатқызылатындарға ауруханалардан арнайы орындар белгілеуді ұйымдастырсын;

2) анықталған науқастарға республикалық мамандармен телемедицина арқылы уақытында тиісті кеңестер алуды ұйымдастырсын;

3) әр-бір тіркелген науқастың жағдайын нақты бақылауға алсын;

4) коронавирус инфекциясына қарсы шараларға бөлінген 104 млн. теңге қаржының шұғыл игерілуін қамтамасыз етсін;

5) коронавирус инфекциясын анықтайтын сынама тесттерді сатып алу бойынша жұмыстарды жүргізсін.

  1. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Т. Дүйсебаев), Қызылорда қаласы және аудан әкімдерімен және Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ-ның филиалымен 
    (Г. Денеева, келісім бойынша) бірлесіп:

1) елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты мемлекет тарапынан қолданылатын әлеуметтік көмектер бойынша тұрғындар арасында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізсін;

2) төтенше жағдай кезінде халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету жұмыстарын ағымдағы жылдың 2 сәуірінен бастасын;

3) төтенше жағдай кезінде жұмыстан айырылған азаматтарды мемлекеттік сақтандыру жүйесі арқылы 42 500 теңге көлемінде төленетін жәрдемақыға өтініштерді уақытылы қабылдау және төлеу жұмыстарын ұйымдастырсын. 

 

 

 

  1. Қызылорда облысының ауылшаруашылығы басқармасы
    (м.а. С. Нұрымбетов):

         1) тұрақтандыру қорына бөлінген қаржыны шұғыл игеріп, азық-түлік өнімдерінің 1 айлық қорын жасақтап, тұрғындарға жылдам жеткізілуін қамтамасыз етсін;

         2) Қызылорда қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылдасын.

  1.   Қызылорда қаласы, Қармақшы, Жаңақорған аудандары әкімдері және Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы                 (Қ. Сәрсенбаев) коронавирус инфекциясының кең таралуына қарсы шараларға бөлінген қаржыларды игеруді жеделдетсін.
  2. Осы хаттамалық тапсырманың орындалуы бойынша ақпарат Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасына күнделікті сағат 9-00 ге дейін жолдасын.
  3. Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалуын үйлестіру және бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.С. Байқадамовқа жүктелсін.

                                                  

 

Облыс әкімі -

    комиссия төрағасы                                                   Г. Әбдіқалықова

Коронавирус инфекциясының кең таралуына қарсы шаралардың атқарылуы туралы
Дата публикации
02 апреля 2020