О координации деятельности заинтересованных государственных органов в связи с распространением коронавирусной инфекции "COVID-19"

31.03.2020-ғы № 12-17/1949 шығыс хаты

31.03.2020-ғы № Д-82 кіріс хаты

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның хаттамасы

 

Қызылорда облысы

31.03.2020 ж.

 

 

«COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін

үйлестіру туралы

(Әбдіқалықова, Байқадамов, Сәрсенбаев)

 

  1. «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты құқықтық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де шаралар жүйесін қалыптастыру бағытындағы мынадай жұмысшы топтары құрылсын және оның жетекшілері мен қызметтері айқындалсын:

1) «Ақпараттық-талдау тобы», жетекшісі – Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы (немесе міндетін атқарушы).

Қызметі – құрылған жұмысшы топтардың жұмысын үйлестіру, «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуы туралы жедел деректерді уақытылы жинақтау, талдау, инфекцияның таралуына қатысты қалыптасқан ахуалды тұрақтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) «Жеке тұлғалардың қозғалысы мен жолаушылар ағымын бақылау тобы», жетекшісі – Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы (немесе міндетін атқарушы).

Қызметі - жеке тұлғалар мен көлік құралдарының (әуе, темір жол, автобус, жүк көліктері, жеке және арнайы автокөліктер) карантин жарияланған аумаққа көлікпен кіріп-шығу тәртібін әзірлеу, жұмысын үйлестіру;

3) «Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тобы», жетекшісі – Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы (немесе міндетін атқарушы).

Қызметі – карантин жағдайында облыстың тұрғындарына медициналық көмек көрсету, «COVID-19» коронавирустық инфекциясын жұқтырған тұлғаларды емдеу, олармен қатынаста болған тұлғаларды оқшаулау, оларға медициналық бақылауды жүргізу жұмыстарын үйлестіру;

4) «Санитариялық - эпидемиологиялық және дезинфекциялық жұмыстарды ұйымдастыру тобы», жетекшісі - Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы (келісім бойынша)(немесе міндетін атқарушы).

Қызметі - «COVID-19» коронавирустық инфекциясы ошағының шекарасын анықтау және белгілеу, дизенфекция жұмыстарының жүргізілуін үйлестіру;

5) «Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығы», жетекшісі - Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы (немесе міндетін атқарушы).

Қызметі - карантин жағдайында облыс аумағына азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын қамтамасыз ету мақсатында сауда үйлерімен, азық-түлік дүкендерімен, базарлармен іс-қимыл жүргізу, өңірлік тұрақтандыру қорын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қамтамсыз ету, көктемгі дала жұмыстарына дайындық және егін егу жұмыстарын жүргізуді тоқтатпау мақсатында қажетті жанар-жағар май, минералды тыңайтқыштар, тұқымдық материалдар, қосалқы бөлшектер, ауылшарушылық техникалар және т.б. тауарлармен қамтамасыз ету, мал азығын қамтамасыз ету мақсатында жем-шөп тасымалын және ауыл шаруашылық жануарларын тірілей немесе ет түрінде тасымалдау жұмыстарын үйлестіру;

6) «Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тобы», жетекшісі - Қызылорда облысының полиция департаментінің бастығы (келісім бойынша) (немесе міндетін атқарушы).

Қызметі - карантин жағдайында облыс аумағына қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдай кезінде қойылған шектеулердің талаптарын бұзған тұлғаларға тиісті шаралар қабылдау, аса маңызды және стратегиялық объектілердің күзетілуін қамтамасыз ету, блок-посттардың жұмысын ұйымдастыру;

7) «Тіршілікті қамтамасыз ету тобы», жетекшісі - Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы (немесе міндетін атқарушы).

Қызметі - карантин жағдайында облыс тұрғындарын үздіксіз ауыз сумен, электр энергиясымен, газбен, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, кәріз суларын тарту және басқа да коммуналдық шаруашылық мәселелерін жедел түрде шешуді ұйымдастыру;

8) «Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс тобы», жетекшісі -Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы (немесе міндетін атқарушы).

Қызметі – карантинжағдайында облыс тұрғындарын қабылданып жатқан шаралар мен қойылған шектеулер туралы уақтылы ақпараттандыруды қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарына, интернет-ресурстарға және әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу;

9) «Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдау тобы», жетекшісі - Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы (немесе міндетін атқарушы).

Қызметі – карантинжағдайында облыстағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды, мүгедектерді, қарттарды және басқа да мемлекет тарапынан көмекті қажет ететін тұлғаларды қажетті азық-түлік, азық-түлік емес, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

10) «Кәсіпкерлік субъектілерді қолдау тобы», жетекшісі - Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы (немесе міндетін атқарушы).

Қызметі - карантинжағдайында облыстағы кәсіпкерлік субъектілерге қолданыстағы заңнама аясында қолдау көрсету, оларға жұмыс тәртібі мен қойылған шектеулер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, қадағалау жұмыстарын үйлестіру.

  1. Осы хаттаманың қосымшасына сәйкес «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты құқықтық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де шаралар жүйесін қалыптастыру бағытында құрылған жұмысшы топтардың іс-қимыл тәртібі бекітілсін.
  2. Жұмысшы топтардың басшылары қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы хаттамадан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы хаттаманың орындалуына бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.С. Байқадамовқа жүктелсін.

 

 

Қызылорда облысының әкімі,

комиссия төрағасы                                                           Г. Әбдіқалықова

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу және

оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның

2020 жылғы «_» ______ № ___ хаттамасына

қосымшасы

 

 

«COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты құқықтық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де шаралар жүйесін қалыптастыру бағытында құрылған жұмысшы топтардың

іс-қимыл

ТӘРТІБІ

 

  1. «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты құқықтық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де шаралар жүйесін қалыптастыру бағытындағы мынадай жұмысшы топтары (бұдан әрі – жұмысшы топтар) құрылды:

1) Ақпараттық-талдау тобы;

2) Жеке тұлғалардың қозғалысы мен жолаушылар ағымын бақылау тобы;

3) Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тобы;

4) Санитариялық-эпидемиологиялық және дезинфекциялық жұмыстарды ұйымдастыру тобы;

5) Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл-шаруашылығы тобы;

6) Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тобы;

7) Тіршілікті қамтамасыз ету тобы;

8) Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс тобы;

9) Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдау тобы;

10) Кәсіпкерлік субъектілерді қолдау тобы.

  1. Жұмыс топтар өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімдеріне және заңнамада белгіленген өзге де актілерге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Жұмысшы топтарды осы іс-қимыл тәртіптің қосымшаларында белгіленген жұмысшы топтардың жетекшілері басқарады және жұмысшы топ мүшелерінің міндеттерін айқындайды.
  3. Жұмысшы топтың құрамына келісім бойынша өзге мемлекеттік органдар, ұйымдар мен мекемелер тартылады.
  4. Жұмысшы топтардың жетекшілері қалыптасқан ахуалға байланысты қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тиісті ұйымдастырушылық шешімдерді дербес қабылдайды.
  5. Ақпараттық-талдау тобы жұмысшы топтардың қызметін үйлестіреді.

 

О координации деятельности заинтересованных государственных органов в связи с распространением коронавирусной инфекции "COVID-19"
Дата публикации
31 марта 2020