Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

19.03.2020-ғы № 04/1-6/1741 шығыс хаты

19.03.2020-ғы № Д-64 кіріс хаты

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ

«Облыстық мекемелер үйі» ғимараты

«Ахуалдық орталық» мәжіліс залы

2020 жылғы 16 наурыз

 

Төрағалық еткен: облыс әкімі Қ.Д. Ысқақов

Қатысқандар: тізім бойынша

«COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу шаралары туралы

(Ысқақов, Әбдусаметов, Әбдікаимова)

 

  1. Қызылорда қаласы мен аудандардың әкімдері, барлық облыстық басқарма басшылары және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары ҚР Президентінің 15.03.2020 ж. № 285 Жарлығы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің 15.03.2020 ж. № Б-133 нұсқаулығы, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12.03.2020 ж. № 19-ПГВР, № 20-ПГВР қаулыларының сапалы және уақытылы орындалуы қамтамасыз етілсін (орындалу мерзімі – 15.04.2020 ж. дейін).
  2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж. Әбдусаметовтың және облыстың бас санитарлық дәрігері Ә. Әбдікаимованың хабарлама, есептері қаперге алынсын.
  3. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы (Ф. Қожабергенов), облыстық кәсіпкерлер палатасы (Ғ. Жақсылықов, келісім бойынша), облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (М. Әбуова), Қызылорда қаласы мен аудандардың әкімдерімен және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп ҚР Президентінің 15.03.2020 ж. № 285 Жарлығына сәйкес сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне қатысты шаралар қабылдансын (орындалу мерзімі – 15.04.2020 ж. дейін).
  4. Облыстық ішкі саясат басқармасы (Т. Маханов), Қызылорда қаласы мен аудандардың әкімдерімен бірлесіп, облыс тұрғындары арасында «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсін (орындалу мерзімі – 15.04.2020 ж. дейін).
  5. Облыстық полиция департаменті (Б. Сұлтан, келісім бойынша), облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (Д. Пшанов, келісім бойынша), облыстық төтенше жағдайлар департаменті (О. Бержанов, келісім бойынша) қоғамдық тәртіптің сақталуын, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілердің, халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуін және олардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етсін (орындалу мерзімі – тұрақты, 15.04.2020 ж.).
  6. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (Ғ. Байменова, келісім бойынша):

1) ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12.03.2020 ж.
№ 19-ПГВР қаулысына сәйкес «COVID-19» байланыста болғандарды оқшаулаудың жүргізілуін, сондай-ақ, карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимінің сақталуын қадағалау қатаң бақылауға алынсын (орындалу мерзімі - тұрақты);

2) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бойынша тиісті орындарға шектеу шаралары ұйымдастырылсын (орындалу мерзімі – 15.04.2020 ж.).

  1. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы (С. Нұрымбетов)
    азық-түлік тауарларының тапшылығын болдырмау мәселелері
    ерекше бақылауға алынсын және тұрақтандыру қорларын қажеттілікке
    сәйкес толтыру бағытында жұмыстар жүргізілсін (орындалу мерзімі - 18.03.2020 ж.).
  2. Облыстық қаржы басқармасы (Т. Жақыпбаев), облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (Н. Қордабай) тиісті бағдарлама әкімшілерінен қауіпсіздік шараларын шұғыл түрде іске асыру үшін қаржы бөлуге қатысты түскен ұсыныстарды қанағаттандыру мақсатында, қажетті қаржы көлемін анықтап, ол туралы облыс әкіміне ұсыныс енгізсін (орындалу мерзімі – 18.03.2020 ж.).
  3. Облыс әкімінің аппараты (Ғ. Әміреев) қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында, аса маңызды немесе шұғыл қарауды қажет ететін мәселелерден басқа, облыс әкімдігінде мәжілістер мен жиналыстар өткізуге шектеу қойылсын (орындалу мерзімі – 15.04.2020 ж. дейін).
  4. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша) облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы осы хаттаманың орындалуына бақылау жасалсын.

 

 

Облыс әкімі, комиссия төрағасы                                                      Қ. Ысқақов

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ
Дата публикации
16 марта 2020