Қызылорда облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ

15.01.2020-ғы № 04/1-6/233 шығыс хаты

 

Қызылорда қаласы                    №____________              2020 жылғы 14 қаңтар

 

Төрағалық еткен: облыс әкімі Қ.Д. Ысқақов

Қатысқандар: (тізім бойынша)

 

  1. Қысқы және көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары туралы

( М. Делмұханов,  А. Шаменов)

  1. Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы А. Шаменовтың хабарламасы қаперге алынсын.
  2. Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері:

1) қауіпті учаскелерге бекітілген жауапты мекемелердегі арнайы техникалардың дайындық жағдайында болуын қамтамасыз етсін;

2) жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғау қызметтері мен ұйымдардың күш-құралдарының үнемі дайындықта болуын ұйымдастырсын;

3) Сырдария өзенінің бойындағы әрбір қауіпті учаскелерге бекітілген арнайы техникалары бар жауапты мекемелердің өзен бойы кезекшілігін ұйымдастырсын;

  1. Қармақшы ауданы әкімі (М. Қалдарбеков), «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы ауданы аумағында өзен арнасында су деңгейінің көтерілуі жөніндегі мәліметіне сәйкес, өзен бойы тәуліктік кезекшіліктер ұйымдастырып, қатаң бақылауға алсын.
  2. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы (Ә. Қарлыханов, келісім бойынша), Шардара су қоймасынан қыс-көктем айларында Сырдария өзенінің төменгі ағысына түсірілетін су көлемінің бекітілген кестеге сәйкес орындалуына үнемі бақылау жасасын.
  3. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Б. Шаменов), «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда филиалымен (Х. Биімбетов, келісім бойынша) бірлесіп:

1) көп су келген жағдайда облыс аумағындағы көлдер жүйесіне су алу шараларын ұйымдастырсын;

2) Сырдария өзенімен келетін артық суды алуға облыс көлеміндегі барлық су таратушы каналдарды әзірлікке келтірсін.  

  1. Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы (А. Шаменов):
  • Облыс бюджетінен бөлінген қаржы есебінен алдағы уақытта келетін өзен арнасындағы мол суды және таудан ағатын қарқын суды ескере отырып, қалпына келтіруді қажет ететін Сырдария өзенінің аса қауіпті учаскелерін және Жаңақорған ауданы аумағындағы тау өзендерінің табанын тазалау, жөндеу жұмыстарын шұғыл түрде жүргізсін;
  • өзен арнасындағы сең кептелісінде қажет болған жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, мұз жару жұмыстарын ұйымдастырсын.
  1. Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы (Т. Маханов), Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментімен (О. Бержанов, келісім бойынша) бірлесіп, қыс-көктем кезеңдерінде Сырдария өзенінде қалыптасқан ахуал жөніндегі ақпараттарды және сақтық шаралары жөніндегі үгіт-насихат жаднамаларын бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жариялап отыруды қамтамасыз етсін.
  2. «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалы (Ж. Қалымбетова, келісім бойынша), ауа-райы болжамы мен Сырдария өзеніндегі су жағдайы туралы сапалы мәліметтермен қамтамасыз етсін.
  3. Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті (О. Бержанов, келісім бойынша):

1) облыс көлемінде су тасқынының алдын алу мақсатында                          авариялық-құтқару қызметтері мен күш-құралдарының дайындығын үнемі әзірлікте ұстасын;

2) авариялық-құтқару қызметтері мен күш-құралдарынан мобильдік топ жасақтап, Арал, Қазалы және Жаңақорған аудандары бағытында су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін өзен бойы бақылау жұмыстарын жүргізсін.

  1. Осы хаттамалық тапсырманың орындалуы бойынша ақпарат облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына жолдансын.

 

 

Облыс әкімінің міндетін атқарушы -      

комиссия төрағасының орынбасары                                              М. Делмұханов                                 

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ
Дата публикации
14 января 2020