Құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, сондай-ақ жеке құрам арасындағы тәртіпті және заңдылықты нығайту бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып қалуда.
Кәсіби қызметтік дайындық шеңберінде апта сайын онлайн түрде нормативті-құқықтық актілерді, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы және тәрбие жұмыстарын жүргізу туралы нұсқаулықтың және басқа да мемлекеттік, құқықтық қорғауды және әскери қызметін өткеруді регламенттейтін құқықтық актілерді, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі және т.б. зерделеу бойынша сабақтар жүргізіліп отырады.
Министрлік пен Комитеттен келіп түскен сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен бұзушылықтар туралы нұсқаулар мен шолулар, қызметтік жазбалар барлық бөлімшелерге жеке құрамды таныстыру, алдын алу жұмысын жүргізу үшін жолданды.