Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру мен жүргізу «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Заңының және «Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР ІІМ 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына сәйкес жүргізілуде.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 258 бұйрығына сәйкес, облыс әкімінің 2019 жылғы 20 қазандағы № 89Ө - 203/39қ өкімімен қайта әзірленіп бекітілген Қызылорда облысының Азаматтық қорғаныс жоспарына 2020 жылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізілді.
Сондай-ақ Қызылорда облысының жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жоспарына 2020 жылға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні:
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Халықаралық Азаматтық қорғаныс күніне байланысты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 29-5/428-И хатына сәйкес, «Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне байланысты ақпараттық үгіт-насихат іс-шараларының» жоспарын әзірленіп, бекіттілді.
Азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлерімен орта білім беру ұйымдарының оқушыларымен (№ 218, № 120, № 189, № 178, № 175, № 267 орта мектептерде, "Абылайхан", "Жас өркен", "Ұлағат" және "Болашақ" колледждерінде) "Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңының және басқа да ТЖ алдын алу мен жоюдың нормативтік құқықтық актілерінің негізгі ережелерін, мақсаты мен міндеттерін түсіндіру, алғашқы медициналық көмек көрсету туралы жеке қорғаныс құралдарын (СИЗ) пайдалана отырып ашық сабақтар өткізді. Сондай-ақ "Баршаның назарына!" дабылын алған кезде халықтың іс-қимылы бойынша бейнероликтер көрсетілді. Әртүрлі санаттағы халық арасында азаматтық қорғаныс іс-шаралары мен төтенше жағдайдағы іс-қимыл бойынша үнпарақтар таратылды.
2020 жылғы 28 ақпанда Қызылорда облысы Білім басқармасының "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығында қалалық, аудандық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдары мен мекемелерінің оқушылары мен мұғалімдеріне Халықаралық Азаматтық қорғаныс күніне байланысты «Азаматтық қорғаныс және әрбір үйде алғашқы көмек» ұранымен интерактивті сабақ өткізілді. Интерактивті сабаққа барлығы 92 мектептің 6826 оқушысы мен 243 мұғалімі қатысты.
2020 жылғы 2 наурызда «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің ЖҚЖ ауласында "Абылайхан", "Жас өркен", "Ұлағат" және "Болашақ" колледждерінің оқушыларына «Азаматтық қорғаныс және әрбір үйде алғашқы көмек» ұранымен Халықаралық Азаматтық қорғаныс күніне арналған ашық есік күні ұйымдастырылып, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты құрылымдық бөлімдерінің төтенше жағдайлар кезіндегі авариялық-құтқару жұмыстары бойынша көрнекі қойылым көрсетілді. Сондай-ақ құрылымдық бөлімдер арасында воллейбол жарысынан ткрнир өткізілді.
Халықаралық Азаматтық қорғаныс күніне арналған мерекелік іс-шаралар бойынша ақпараттық мәліметтер дайындалып, барлық іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды.
«Жоспарлау, оқу-жаттығуларды өткізу және халықты оқыту»:
Ақпарат ретінде: ҚР ІІМ ТЖК-і төрағасының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 29-5/656-И хатына сәйкес, наурыз айынан бастап адамдар көп жиналатын жерлерде барлық оқу-жаттығулар мен жаттығуларды өткізуді, сондай-ақ сабақтар мен семинарларды ерекше өкімге дейін тоқтатылған.
ТЖ жағдайларындағы Департаменттің құтқару бөлімдерінің іс - әрекетінің деңгейін жоғарлату мақсатында, Республикалық командалық - штабтық авариялық - құтқару жұмыстары бойынша «Көктем - 2020» оқу жаттығуы өткізілді.
Сондай-ақ Қызылорда облысы әкімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы №04/1-8/266 «Қызылорда қаласының және аудандар аумағында облыстық командалық – штабтық оқу жаттығуының іс-шараларын дайындау және өткізу жөніндегі» ұйымдастыру нұсқауына сәйкес, ағымды жылдың 27 қаңтар мен 5 ақпан аралығында «Елді мекендер мен аумақты Сырдария өзенінде сең жүру кезінде су алу қаупі туындаған немесе су алған кезінде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының іс-қимылы» тақырыбында Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған және Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласында командалық – штабтық оқу-жаттығулар өткізілді. Оқу-жаттығу барысында жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында талдау жасалынып, орындау мерзімдері бекітілді және қорытындысы бойынша анықтама ҚР ІІМ ТЖК Азаматтық қорғаныс басқармасына және облыс әкіміне жолданды.
«Қызылорда облысының азаматтық қорғау күштерін басқару органдарын даярлау жөніндегі іс-шаралар» жоспарына сәйкес, Департаменттің аумақтық бөлімдері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2020 жылдың 9 ай қортындысы бойынша Қызылорда облысының аумағында 297 оқу-жаттығу өткізілді:
- 10 - командалық-штабтық жаттығу;
- 12 - командалық-штабтық оқу-жаттығу;
Республикалық курста оқыту бойынша:
«2020 жылы Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығында Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының басшы құрамы мен мамандарын даярлықтан өткізу жоспарына» сәйкес, 2020 жылы бүгінгі күнге дейін Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығында 10 қызметкер даярлықтан өтуі жоспарланған, алайда еліміздегі карантин шараларына байланысты оқу онлайн режимінде өткізіліп, 2 қызметкер оқытылды (ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағалары санаты бойынша Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Бакиров Е.А. және Бұқаралық ақпарат басшылары санаты бойынша "Жалағаш жаршысы" газетінің редакторы Батырбек А.Ж).
Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс саласы бойынша сабақтар өткізілді:
- көшпелі әдіспен 40 адам оқытылды;
- статционарлық әдіспен 180 адам оқытылды.
«Аумақты және халықты қорғау бойынша іс-шаралар»:
Қатты әсер ететін улы заттардың халыққа қауіп-қатер тудыруына байланысты облыс аумағындағы орналасқакн химиялық қауіпті объектіні («Қызылорда су жүйесі» МКК) ауыз суды залалсыздандыру үшін басқа да қауіпсіз реагенттерді пайдалануға Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасына ағымдағы жылғы 8 қыркүйекте № 29-17-11/05-74 қбпү санды хатымен ұсыныс берілді.
Сондай-ақ азаматтық қорғаныстың арнайы мүліктеріне (газқағар, қосымша патрон, радиометр, дозиметрлік және химиялық барлау прибор) талдау жасалынып, "Азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 260 бұйрығына сәйкес, ықтимал радиациялық, химиялық, бактериологиялық ластануы аймақтарының шекараларындағы тұратын халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге газқағарлар қажеттілігін есептеп, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасына ағымдағы жылғы 2 қыркүйекте № 29-17-11/05-72 қбпү санды хатымен ұсыныс берілді.
2019 жылы облыстық бюджеттен 100 млн теңге бөлініп 1800 дана газқағар сатып алынса, 2020 жылы облыстық бюджеттен 105 млн теңге бөлініп 4690 дана газқағар алынды.
Қызылорда облысы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (әрі қарай КҚГҚ) табиғи ошағында орналасқан. Облыс көлемінде КҚГҚ алдын алу мақсатында, жыл сайын облыс әкімінің өкімімен іс-шара жоспары, облыстық жұмысшы тобы, қолайсыз елді мекендер тізімі бекітіліп, тиісті ведомствалармен біріккен түрде тығыз байланыста жұмыс жасалуда. 2020 жылы КҚГҚ қолайсыз елді-мекендердің тізімі өзгеруіне байланысты облыс әкімінің 31.01.20ж №157 Қаулысымен толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Бүгінгі таңда, КҚГҚ алдын-алу іс-шаралар аталған Қаулыға сәйкес атқарылуда. Сонымен қатар, облыс әкімімен бекітілген (№01/2-2/898 от 11.02.2019ж) «Қызылорда облысы аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы әрекет ету алгоритміне» сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Қызылорда облысында 2020 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (әрі қарай КҚГҚ) ауруынан 117 елді мекен қолайсыз болып анықталды (2019 жылы-123 е.м.), қолайсыз елді мекендерде індеттің алдын алу мақсатындағы іс-шаралар көктем және күз айларында (кенелердің белсенділігі жоғары айларда) алдын ала және шұғыл профилактика типі бойынша жүргізіледі. Осыған орай, КҚГҚ ауруынан қолайсыз болып анықталған елді мекендерде көктем және күзде мал басын, мал қоралары мен буферлік аймақтарды кенеге қарсы залалсыздандыру, дәрілеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 2019 жылы 214 млн 501 мың теңге, қолайсыз елді мекендер төңірегінде санитарлық-қорғаныс аймақтарын заласыздандыруға республикалық бюджеттен 61 млн 895 мың теңге қаражат бөлінді. 2020 жылы облыстық бюджеттен мал қоралар, мал басы, буферлік аймақтарды кенеге қарсы өңдеуге 172 млн, республикалық бюджеттен санитарлық-қорғаныс белдіктерін құруға 72 млн 299,2 теңге бөлінді.
«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы КҚГҚ-ның табиғи ошақтарында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге 3 эпидтоп құрылған. Залалсыздандыру жұмыстары ГАЗ-53, УАЗ және ГАЗ-33088 «Егерь» арнайы автокөліктер, құрғақ дезпрепараттарды шашатын 3 АДП агрегаттары және 8 аспалы роторлы аппараттар арқылы жүргізіледі. Мамандар арнайы қорғаныс киімдермен, тиісті құрал-жабдықтармен және координаттарды нақты анықтау мақсатында GPS навигаторымен толық қамтамасыз етілген.
Биылғы жылы 117 қолайсыз елді мекендер төңірегінде санитарлық-қорғаныс аймақтарын құруға 43,75 кв.м жер, 0,66 шаршы километр буферлік аймақтар, 2642412 ш.м (қора саны-34953) қора және барлығы 541657 мал басы (мүйізді ірі қара-206190, уақ мал-335467) дәріленді. Залалсыздандыру жұмыстарына ветеринария басқармасымен ұсынылған – Креолин Х 5,0% препараты қолданылды.
Көктемгі маусымдық кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының тиімділігі санитарлық-қорғаныс аймақтарында 97,9 пайызды құрады, мал қораларды өңдеу тиімділігі -96,6, мал басын өңдеу тиімділігі -95,9 пайызды құрады.
Облыс көлемінде күзгі маусымдық жұмыстар 2020 жылдың 21 тамызынан Арал, Қазалы аудандарында басталды. Бүгінгі таңда бұл жұмыстар Қармақшы, Жалағаш аудандарында жүргізілуде.