Суға шомылу маусымының қортындысы бойынша Қызылорда облыс су айдындарындағы оқиғаларға талдау

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті суға шомылу маусымын қортындылау мақсатында облыс аумағындағы су айдындарында орын алған оқиғалар бойынша талдау жасады.

Жыл басынан бері Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судағы қауіп-қатердің алдын алу мақсатында тұрғындар арасында кешенді түрде үгіттеу – түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осыған қарамастан, ағымдағы жылдың 9 айында Қызылорда облысының су айдындарында судағы оқиғалардың 21 фактісі тіркелді, нәтижесінде 23 адам суда қаза болды, оның ішінде 7 бала. (2019 жылдың осы кезеңінде Қызылорда облысы бойынша су айдындарында 27 оқиға тіркелген, оның ішінде 28 адам қаза болды, оның 10 бала.)

Суға шомылу маусымы кезеңінде 13 адам оның 4 бала (2019 жылы 18 адам оның 6 бала). Ересектердің қазасы -27,7% төмендеген, ал балалардың -33,3% төмендеген.

2020 жылы ТЖД, ЖПҚ және волонтерлардың уақтылы және тиімді шараларына байланысты су айдындарында адамдардың қаза болу санын 2019 жылмен салыстырғанда -17,8% - ға, ал балалар санын                        -33,3% - ға азайтуға мүмкіндік берді.

  • Суға кеткендер ретінде есепке алынған адамдардың қаза болу себептері (23 адам):

1) өз күштерін жете бағаламау -9 (оның ішінде 5 бала);

2) балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдыру (жүзе алмау және жүзу дағдыларының жеткіліксіздігі, абайсызда суға құлау, су қоймаларының жанында ойнау кезінде) - 2 бала;

3) балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау (есептен шығарылған және қолдануға рұқсат етілмеген жүзу құралдарын пайдалану, жеке құтқару құралдарынсыз балық аулау) – 5;

4) мас күйінде шомылу-7;

Статистика көрсетіп отырғандай, судағы оқиғалар көп жағдайда адамның өз кінәсінен орын алады, шамадан тыс өзіне деген сенімділік, өз күштері мен мүмкіндіктерін қайта бағалау, балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау, мас күйінде шомылу, суда өзін-өзі ұстау ережелерін елемеу, атап айтқанда тыйым салынған және таныс емес жерлерде шомылу, балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады.

  • Адамдардың қайтыс болу оқиғаларының барлығы (23 адам) суға шомылуға арналмаған орындарда орын алды (апатты жағажайлар, шомылуға тыйым салынған орындар).
  • Ең көп адам қайтыс болған жағдайлар тіркелген су айдындары:

1) Сырдария өзені - 11 жағдай (2019 жылы - 12 жағдай);

2) Кіші Арал теңізі - 2 жағдай (2019 жылы - 2 жағдай);

3) көлдерде – 5 жағдай (2019 жылы-5 жағдай);

4) каналдарда -5 жағдай (2019 жылы - 8 жағдай).

Суға шомылу маусымының қортындысы бойынша Қызылорда облыс су айдындарындағы оқиғаларға талдау
Дата публикации
23 октября 2020