«Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы №190 бұйрығының 6.1 тармағы және «Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 209 бұйрығының 6.1 тармағына сәйкес және ҚР 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Кәсіпкерлік кодексінің 147-бабының 1-тармағы негізінде азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылатын ұйымдары мен облыстық азаматтық қорғау қызметтері жоғары тәуекел дәрежесіне жататындықтан жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес жыл сайын тиісті есебі әр жылдың 1 - 10 қараша аралығында тапсырылуы қажет. Алайда осы көрсетілген мерзімде жоғарыда аталған мекемелердің есептері тапсырылмаған жағдайда талдау жасалынып тексеру тізіміне енгізіледі. Тексеру тізімі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітіледі. Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2020 жылғы І жартыжылдыққа арналған тізіміне сәйкес тексеру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №31 және ҚР Ішкі істер министрлігінің 2018 жылғы 30 қазандағы №758 бірлескен бұйрығының критерийлеріне сәйкес жүргізіледі. 2020 жылдың І жартыжылдығына арналған азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне 12 объект жоспарланған. Барлық тексерілген объектілерде бұзушылықтар анықталып, бұзушылықты жою туралы ұйғарымдама берілді. 2020 жылғы ІІ жартыжылдығына 6 объекті жоспарланған. Қазіргі таңда барлық аталған объектілерге хабарлама берілді.