Жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралуы бойынша ақпарат

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде (бұдан әрі - Департамент) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс Департамент басшылығының бақылауында. Барлық өтініштерге жауаптар заң талаптарына сәйкес ресімделеді, арыздарда баяндалған келтірілген дәлелдер тексеріледі, жауаптарда қабылданған шешімге шағым жасау құқығын түсіндіре отырып, өтініш берушінің дәлелдерін теріске шығаратын немесе растайтын нақты фактілер қамтылады.

Департамент пен құрылымдық бөлімшелеріне (Қызылорда қаласы ТЖБ мен аудандық ТЖБ, ӨСжАҚЖҚ) жеке және заңды тұлғалардан 2024 жылғы 9 айда  333 өтініш тіркелді, яғни былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 28,1%-ға көбейген (2023 жыл-260). Оның ішінде: 254 (немесе 76,3%) арыз, 5 (немесе 1,6%) шағым, 23 (немесе 7%)  ұсыныс, басқалар (сұрау салу, хабар, үн қосу) - 128 (немесе 38,5%).

2024 жылғы 9 айда 86 жолданым басқа мемлекеттік органдарға қарауға жолданса, 10 жолданым қарау барысында.

241 (4 жолданым былтырғы жылдан)  жолданым қаралды, оның ішінде 48 жолданым әкімшілік рәсім тәртібімен, 189 жолданым оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен қаралды, 4 шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

Әкімшілік рәсім тәртібімен қаралған 19 жолданым бойынша қолайлы әкімшілік акт қабылданса, әкімшілік рәсім тәртібімен қаралған 29 жолданым бойынша ауыртпалық түсіретін акт (алдын ала тыңдау рәсімін жүргізе отырып) қабылданды. Оңайлатылған рәсімімен қаралған 130 жолданым бойынша жауаптары берілсе, 11 өтініш тоқтатылды, 2  ұсыныс назарға алынды, 46 жолданым бастапқы өтінішке біріктірілді (дубликат ретінде белгіленді).

Департамент басшылығының азаматтарды жеке қабылдауы тұрақты негізде жүзеге асырылады. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-бабына сәйкес азаматтарды қабылдау кестесі тоқсан сайын бекітіледі және ведомстволық интернет-ресурста, сондай-ақ мемлекеттік органның рұқсаттама пунктінде орналастырылады.

Есептік кезеңде басшылық 3 азаматты қабылдады. Өтініш берушілерге қабылдау кезінде ауызша түсініктемелер және белгіленген талаптарға сәйкес жазбаша жауап берілді.

 

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің                                                      Құжаттамалық қамтамасыз ету және                                                          

мемлекеттік тілді дамыту тобы

 

Жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралуы бойынша ақпарат
Дата публикации
29 октября 2024