Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» РММ индекс 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі 105, электрондық мекенжайы: Spasr_kyzl@emer.kz ok_spasr_kyzl@emer.kz тел: 8 (7242) 23-62-60, факс 23-62-60 құқық қорғау органдарына төмендегідей бос орындарға конкурс жариялайды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің радиотелефонисі лауазымына.
Персоналдың санаты - С-SV-13, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты (арнайы атағын қоспағанда) 214806, 00 тенге дейін.
Лауазымдық міндеттері:
Жауынгерлік кезекшілікке түскен кезде бөлімнің байланыс пунктіндегі құжаттамаларды, мүліктер мен техникалық құралдарды тізім бойынша қабылдап алу; телефонмен түскен барлық шақыртуларға тез арада жауап беру, бекітілген тәртіпте бөлімнің байланыс пунктінің журналына хабарламаларды енгізу және қажет болған жағдайда ол бойынша тиісті шешімдер қабылдау, бөлімнің шығу ауданындағы шұғыл жағдайды, өрт сөндірудің шұғыл жоспарлары мен карточкалары жасалған және бөлімшенің өртке жоғарғы шақырту нөмірі (рангі) бойынша жіберілетін кәсіпорындар тізімін білу, өрт сөндіру гарнизонында орналасқан сусыз учаскелерді, маңызды және өрт қауіпті нысандардың орналасу орнын, өткелдер мен су көздерін, сонымен қатар өрт автокөліктерінің негізгі тактика – техникалық мәліметтерін білу, бөлімнің байланыс пунктінің қызметтік және анықтамалық құжаттарын пайдалана білу, өрт туралы хабарламаларды тез қабылдауды қамтамасыз ету, кезекшілікке түскен және кезекшілікті атқару кезінде бөлімінің байланыс пунктіндегі байланыс құралдарының жұмысын тексереді, олармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау; байланыс құралдарының қалпын және тазалығын тексеру, олардың істен шыққан туралы ауысым жетекшісіне баяндау, аудан (нысан) өрт күзеті өзара іс – әрекеттесетін қызметтерімен байланыс ұстап, қажетіне қарай ол қызметтерді өрт (апат, табиғи апаттарға) белгіленген тәртіпке сәйкес жолдау:
Құқық қорғау органдарына қызметке орналасуға негізгі мынадай талаптар қойылады:
Жасы – 35 жастан аспаған, жалпы орта білімі бар, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚР Заңына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер:
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы №207 бұйрығы бойынша өтеді.
Кандидат мынадай құжаттарды қолма-қол ұсынады немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы тапсырады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;
2) жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе оның электрондық нысанының көшірмесін;
3) егер кандидат жүргізушілер лауазымына үміткер болса, тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығын растайтын жүргізуші куәлігінің немесе оның электрондық нысанының көшірмесін;
4) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3321 болып тіркелген) немесе «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы №268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32800 болып тіркелген) сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (наториалды куәландырылған);
5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;
6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;
7) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
8) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);
9) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;
10) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;
11) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
12) спорттық разрядтың бар екендігін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда).
Дұрыс емес ақпарат пен (немесе) құжаттардың толық емес пакетін ұсыну оларды қараудан бас тартуға негіз болып табылады.
Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және жергілікті өкілді органдардың депутаттары, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қатыса алады.
Бақылаушы ретінде қатысу үшін тұлға осы Қағидалардың 5-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген іріктеу кезеңдері басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі.
Тіркелу үшін тұлғалар кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Байқаушыларға іріктеу комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың дербес деректеріне, кандидаттар қатысатын іріктеу рәсімдеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
Байқаушылар дауыс беруге қатыспайды және іріктеу комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген адамдарға жазбаша нысанда бере алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру) өздерiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау хабарландыру жарияланған сәттен 10 (он) жұмыс күн ішінде Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі №105 мекен-жайында (Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» РММ кадр және тәрбие жұмысы бөлімі) жергілікті сағат: 09.00.ден бастап 18.30 дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінен басқа күндері қабылданады.