Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобының 2024 жылғы 7 айында атқарған жұмысы туралы

 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құжаттамалық қамтамасыз ету және мемелкеттік тілді дамыту тобының (бұдан әрі - Топ) жұмысы Топтың  2024 жылға арналған жұмыс жоспары негізінде Департамент қызметінің тиімділігін бағалаудың жыл сайынғы үрдісіне дайындықты жүзеге асыру шараларын орындауға, құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге, Департаменттің ведомстволық мұрағатының жұмысын  ұйымдастыруға және оны жетілдіруге бағытталды.

Топ 2024 жылғы 7 айда мынадай негізгі қызметтерді  атқарды:

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және уақытылы орындалуын бақылау; бұлтты құжат айналым жүйесіндегі жұмыс тәртібіне сәйкес құжаттаудың және құжат айналымының бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету;

құжаттарды ресімдеу талаптарының сақталуын бақылау, кеңестік және әдістемелік көмектер көрсету;

Департамент қызметінде түзілетін электронды құжатайналым форматындағы құжаттар тізбесі, қағаз нұсқасын қолданбай, электронды форматта орындалатын құжаттар есебімен 2024 жылға іс номенклатурасы жасалып, барлық құрылымдық бөлімшелерге  таратылды;

Департаментте кіріс хат – хабарлар, жоғарғы тұрған органдардың бұйрықтары мен өкімдері, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, ҚБПҮ белгісі бар құжаттар БҚЖ, электронды пошта арқылы және қолма - қол қабылданады.

2024 жылғы 1 қаңтар мен 31 шілде аралығында:

жалпы құжатайналым – 5056 құрады, бұл 2023 жылғы осы мерзіммен  салыстырғанда 32,4%-ға  көбейген (2023 жылы – 3820 құжат) ;

жоғары тұрған органнан келіп түскен директивті  құжаттар – 135 немесе 2,4 есе азайған (2023 жыл - 365);

Жалпы сыртқы кіріс хат - хабарлар – 2326, 2023 ж. – 1972  немесе 18%-ға азайған;

Есепті кезеңдегі жалпы сыртқы шығыс хат алмасу–1570, бұл өткен жылмен  салыстырғанда 4,6%-ға азайған (2023 жыл - 1645) ;

«ҚБПҮ» белгісі бар құжаттар - 96 немесе 9,1%-ға көбейген (2023 жыл –88);

Ішкі құжат айналым саны – 641  2023 ж.- 314 (+2,1 есе);

Телефонограммалар - 47 2023ж.-38 немесе 23,6% көбейген;

Департаменттің ұйымдастырушылық – өкімдік құжаттары (бұйрықтар, хаттамалар) - 405 немесе 68,1% - ға көбейген 2023 ж. -  241.

Департамент бастығының негізгі қызмет бойынша бұйрықтары-74 (2023 жылы - 81 немесе -13%);

Жеке құрам бойынша бұйрықтар-215 (2023 жылы-135 немесе -59,3%);

Кеңестер хаттамалары-25 (2023 жылы-25 немесе  +8,7%)

Сонымен қатар 2022 жылғы 18 қазандағы №5 ҚР ТЖМ алқа қаулысының 9-тармағы 1), 2) тармақшалары бойынша құжат айналымды оңтайландыру және қысқарту мақсатында қызметтік электронды пошталар мен МОИП арқылы ақпарат алмасу жүзеге асырылуда.

Ай сайын жалпы құжат айналым бойынша облыс бойынша жиынтық есеп ҚР ТЖМ Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту департаментіне МОИП арқылы жолдануда.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша

2024 жылғы 7 ай бойынша Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіне 88 (2023 жылы – 59 немесе +49,2%) жолданым келіп түсті, оның ішінде: 63 арыз, 15-сұрау салу 6 ұсыныс, 4  шағым.

 2024 жылғы 7 айда 42 басқа мемлекеттік органға қарауға жолданса, 49 жолданым қаралды, оның ішінде: 11 жолданым әкімшілік рәсім тәртібімен, 34 жолданым оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен қаралды. 1 жолданым қаралу сатысында. Әкімшілік рәсім тәртібімен қаралған 3 жолданым бойынша қолайлы әкімшілік акт қабылданса, Әкімшілік рәсім тәртібімен қаралған 8 жолданым бойынша ауыртпалық түсіретін акт (алдын ала тыңдау рәсімін жүргізе отырып) қабылданды. Оңайлатылған рәсімімен қаралған 17 жолданым бойынша жауаптары берілсе, 3 өтініш тоқтатылды, 2 ұсыныс назарға алынды, 4 шағым қанағаттандырусыз қалдырылды, 12 жолданым алдыңғы өтінішке біріктірілді (дубликат ретінде белгіленді).

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша  ай сайын Н-2 МО жиынтық есебі және тоқсан сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша стат есептер ҚР ТЖМ-не МОИП арқылы  жолданды, сонымен қатар ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жиынтық салыстыру актілері жасалынып, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жолданды.

2024 жылғы 7 ай қорытындысымен мерзімі бұзылып қаралған өтініштер тіркелген жоқ.

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету және

МТД тобының бас маманы                                                                                                        Г. Есжанова

Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобының 2024 жылғы 7 айында атқарған жұмысы туралы
Дата публикации
13 сентября 2024