Құрметті әріптестер!
Қызылорда облысының «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел құтқару жасағы (әрі қарай Жасақ) штат бойынша – 69 адам, нақты – 69 адам.
Жасақ 6 құтқару бөлімшесінен тұрады. 5 құтқару бөлімше Қызылорда қаласы Д. Қонаев көшесі құрылыс 2А мекен-жайында орналасқан және 1 құтқару бөлімше Арал ауданы Қамыстыбас елді мекеніндегі Қамыстыбас құтқару станциясында орналасқан. Сондай-ақ жасақтың Қызылорда қаласы, И. Журба № 63 А мекенжайында орналасқан жаттығу базасы бар.
Д. Қонаев көшесі құрылыс 2А мекен-жайындағы аумақта 2-і қабатты әкімшілік ғимарат, ангар, қазандық, автокөліктерге арналған жылы бокстар және қоймалар орналасқан.
И. Журба 63 А мекен-жайындағы база аумағында 1 қабатты әкімшілік ғимарат, медицина пункті, қоймалар, автокөліктерге арналған бокстар мен бастырма, кинология бөлімінің қызметтік иттеріне арналған вольерлер, спорт аланы, скалодром, жеке құрам және кинологтар мен иттерге арналған оқу-жаттығу орындары орналасқан.
Жедел-қызметтік қызметі
2023 жылдың 11 айында барлығы 865 шығу жасалды (2022 ж. - 713) 17,57 % көбейген. Авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару және басқада кезек күттірмейтін жұмыстар барысында 299 адам құтқарылды (2022 ж. - 271) 9,36 % акөбейген, оның ішінде 212 бала (2022 ж. - 196) 7,54 % көбейген. Эвакуацияланған адам жоқ (2022 ж. - 0), алғашқы дәрігерлікке дейінгі көмек көрсетілген жоқ (2022 ж. - 0). Қайтыс болған 36 адамның денесі шығарылды (2022 ж. - 38) 11,11 % азайған. Құтқарушылармен 52 бас жануар құтқарылып, қауіпсіз жерге шығарылды (2022 ж. - 44) 23 % көбейді. Қауіпсіз жерге 4 автокөлік шығарылды (2022 ж. – 0) 100 % көбейді.
|
|
2022 жыл 11 айда |
2023 жыл 11 айда |
Пайыздық көрсеткіш |
|
Шығулардың саны |
713 |
865 |
+ 17,57 % |
|
Оның ішінде: |
|||
|
Тұрмыстық |
212 |
229 |
+ 7,42 % |
|
Авариялық-құтқару жұмыстары |
92 |
141 |
+ 34,75 % |
|
Іздестіру-құтқару жұмыстары |
38 |
28 |
- 26,32 % |
|
Өрт оқиғалары |
0 |
3 |
+ 100 % |
|
Жол көлік оқиғалары |
3 |
8 |
+ 62,5 % |
|
Жаттығулар |
25 |
34 |
+ 26,47 % |
|
Құтқару операциялары |
1 |
0 |
- 100 % |
|
Сырдария өзенінде кезекшілік |
182 |
112 |
- 38,46 % |
|
Басқада шығулар (мониторинг, рейдтер және т.б.) |
338 |
303 |
- 10,36 % |
|
Жұмыс барысында: |
|||
|
Құтқарылды |
271 адам |
299 адам |
+ 9,36 % |
|
Оның ішінде: |
196 бала |
212 бала |
+ 7,54 % |
|
Жануар құтқарылды |
44 |
52 |
+ 15,38 % |
|
Алғашқы дәрігерлікке дейінгі көмек |
0 |
0 |
0 % |
|
Мәйіт шығарылды |
38 |
36 |
- 11,11 % |
|
Эвакуацияланды |
0 |
0 |
0 % |
|
Техника шығарылды |
1 |
4 |
+ 75 % |
2023 жылғы 3 – 13 наурыз аралығында жасақтың құтқарушылары Қызылорда облысы аумағында Сырдария өзеніңде су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты.
Профилактикалық жұмыс
2023 жылдың басынан Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан құтқару бөлімшесінің құтқарушылары және Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп Арал теңізінде және көлдерде 6 рейд өткізді. Балықшыларымен «Судағы (мұздағы) қауіпсіздік ережелері» мен «Судағы зардап шеккен адамдарды құтқару және оларға дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыптағы 3 жиналыс өткізіп, дәрістер оқыды, сонында 176 үнпарақ таратты.
Қызылорда қаласындағы құтқару бөлімшелерінің құтқарушылары су айдындарында, балық аулайтын орындарда 38 рейд өткізіп 261 балықшыға судағы қауіпсіздікті түсіндіріп үнпарақтар таратты.
Сонымен қатар Қызылорда қаласында құтқарушылар онлайн режимінде облыстың 10147 оқушысы мен 1423 мұғалімге «Судағы (мұздағы) қауіпсіздік ережелері» «Суда (мұзда) зардап шегушілерді құтқару, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері» бойынша 1 интерактивтік сабақ өткізді.
Сондай-ақ, құтқарушылар Қызылорда қаласының 41 мектебінде 4682 оқушы, 300 мұғалім және 1260 ата-анамен «Судағы қауіпсіздік ережелері» «Суда зардап шегушілерді құтқару, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері» тақырыптар бойынша сабақтар өткізіп, 2000 үнпарақ таратты.
«Крещение Господне» мейрамын мерекелеу кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 18-19 қаңтар жасақтың құтқарушылары Қызылорда қаласы Сырдария өзенінде, ПМК-29 саяжайында кезекшілік жүргізді.
2023 жылғы 4 қаңтар жасақтың құтқарушылары Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылындағы Ұлттық Ұлан № 5547 әскери бөліміне барып, табиғи және техногендік төтенше жағдайлардын алдын алу мақсатында «Қысқы мезгілдегі адамдардың судағы мұздағы қауіпсіздікті сақтау ережелері туралы» түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
2023 жылғы 17 ақпан жасақтың құтқарушылары № 23 мектеп-лицейде Қызыл ай қоғамының «Халықаралық гуманитарлық құқық және алғашқы көмекті ұйымдастыру» тақырыбында қаланың 45 мектебінің қызметкерлеріне арнап өткізілген семинар-тренингке қатысты.
Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу қарсанында 28 ақпанда жасақтың құтқарушылары Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мектеп оқушыларына арналып орталық алаңда өткізілетін көрмеге қатысты.
16 мамырда Қызылорда облысы, Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан құтқару бөлімшесінің құтқарушылары Қазалы ауданы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тасжолы бойында орналасқан «Бақыт» ЖШС-не қарасты көпшілік демалатын «Қашқан су» көлінің жағажайында су асты тазалау жұмыстарын жүргізді.
17 мамырда Қызылорда облысы, Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан құтқару бөлімшесінің құтқарушылары Арал ауданы, Қамыстыбас елді мекеніндегі «Олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына» қарасты Қамыстыбас көлінің Тастақ учаскесі жағажайында су асты тазалау жұмыстарын жүргізді.
2023 жылғы Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің 2023 жылғы 17 мамырдағы № 21-09/23-97 хаты бойынша 24 мамырда жасақтың құтқарушылары Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті жанында орналасқан «Жалын» сауықтыру лагерінің «Қалғандария» көлінде орналасқан жағажайының астын тазалау жұмыстарын жүргізді.
«Сыр Самалы» ЖШС-нің 2023 жылғы 15 мамырдағы № 74 хатына сәйкес 25 мамырда жасақтың құтқарушылары Қызылорда қаласындағы «Сыр Самалы» жағажайында су астын тазалау жұмыстарын жүргізді.
26 мамырда жасақтың құтқарушылары Сырдария аудан әкімінің орынбасарының 2023 жылдың 25 мамырдағы хатына сәйкес Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті жанында орналасқан «Қалғандария» көлінде орналасқан коммуналдық жағажайдың ашылуына байланысты астын тазалау жұмыстарын жүргізді.
Қызылорда қаласының «Сыр самалы» демалыс орны басшылығының сұранысы бойынша 20 қоғамдық құтқарушысы, Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылдық округі әкімі аппаратының сұранысы бойынша «Ханқожа» көліндегі демалыс орнының 2 қоғамдық құтқарушысы, Қызылорда облысының білім басқармасының Арал ауданындағы «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығының 6 қоғамдық құтқарушысы және Арал ауданы Қамыстыбас көлі «Аққұмшық» жағажайының 8 қоғамдық құтқарушысы, Қазалы ауданындағы «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығының 1 қызметкері 10 күндік судағы құтқару әдіс-тәсілдері мен дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек беру бойынша үйретіліп оқытылды.
2023 жылғы 8 маусымдағы Қызылорда облысының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ № 1-16/3-6/600-И хатына сәйкес, 13 - 14 маусымда жасақтың құтқарушылары Қызылорда облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ жеке құрамының 131 қызметкеріне «Судағы қауіпсіздік ережелері», «Суда зардап шеккен адамды құтқару және жағаға тасымалдау тәсілдері», «Зардап шегушіге алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету» тақырыптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп 80 дана үнпарақтар таратты.
16 маусымда жасақтың құтқарушылары Қызылорда облысының «Волонтерлар фронт-офисі» еріктілерімен құтқару стансасында, Сырдария өзені жағасында «Суда зардап шеккен адамды құтқару және жағаға тасымалдау тәсілдері», «Зардап шегушіге алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету» тақырыптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қызылорда қаласындағы су айдындарында 2023 жылдың қүзгі кезендерінде төтенше жағдайларға тиімді ден қою және адамдардың қазасын болдырмау мақсатында, 2023 жылғы 30 қарашада жасақтың құтқарушылары Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкері және Қызылорда Фронт-офис еріктілерімен Қызылорда қаласында орналасқан сауда орталықтарында халық көп шоғырланатын орындарда (Жаңа базар, Жібек жолы, Арай Сити Молл) халық арасында балық аулаушы адамдарға мұз үстіндегі қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, Сырдария өзеніне, Көксу көлі, Шіркейлі каналында рейд жұмыстарын өткізіп, балық аулап отқан қала тұрғындарға су (мұзда) үстіндегі қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атқарылған үгіттеу түсіндірме жұмыстары барысында 200 үнпарақ жадынамалары таратылды.
Қызметтің 2023 жылғы 24 мамырдағы «2023 жылғы жазғы суға шомылу маусымы кезеңінде Қызылорда облысы аумағындағы су айдындарында төтенше жағдайдың алдын алу бағытындағы үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру туралы» № 100-н/қ бұйрығына сәйкес 1 - 13 маусым аралығында Қамыстыбас құтқару бөлімшесінің құтқарушылары Арал ауданы Қамыстыбас е/м Қамбаш көлінің «Аққұмшық» жағажайында 13.00 – 21.00 аралығында кезекшілік жүргізді.
Қызметтің 2023 жылғы 24 мамырдағы «2023 жылғы жазғы суға шомылу маусымы кезеңінде Қызылорда облысы аумағындағы су айдындарында төтенше жағдайдың алдын алу бағытындағы үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру туралы» № 100-н/қ бұйрығына сәйкес 1 маусымнан бастап Қызылорда қаласында құтқарушылар ЦКЗ тұсындағы көне затоннан Халыққа қызмет көрсету орталығына дейінгі аралықта, Сырдария өзенінің сол жағалауда 13.00 – 21.00 аралығында кезекшілік жүргізуде.
Қауіпті коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында, күнделікті жасақта дезинфекциялық жұмыстар өткізілуде.
Жеке құрамның дайындығы мен қайта даярлау
Жасақтың жеке құрамымен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу техникасы мен тактикасын пысықтау, арнайы құрал-жабдықтармен жұмыс жүргізу дағдыларын жетілдіру, экстремалды жағдайларда жұмыс жүргізу үшін
жоғары дайындықты ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді. Құтқарушыларды
физикалық, психологиялық, медициналық пәндер бойынша дайындауға ерекше назар аударылады.
Жасақ құтқарушылары альпинистік және басқада авариялық-құтқару жабдықтарды пайдалана отырып құтқару дағдыларын жоғарлату мақсатында,
жасақ аумағындағы жасалған «Скалодром» мен оқу-жаттығу орнындарында жаттығуларды өткізеді.
Жыл басынан бері жасақ құтқарушылары 15 мәрте оқу-жаттығуларға қатысты.
18 қаңтар жасақтың құтқарушылары су тасқынының алдын алу мақсатында Сол жағалауда өткізілген құтқару құрылымдарының саптық қарауына қатысты.
«Қазәуеқұтқару» АҚ ағымдағы жылдың қаңтар айына арналған оқу-жаттығу ұшуларының жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 19 қаңтар жасақтың құтқарушылары «Қазәуеқұтқару» АҚ МИ-8Т тікұшағымен оқу-жаттығу өткізді.
2023 жылғы 24 қаңтар мен 7 ақпан аралығында жасақтың құтқарушылары ПМК-29 саяжайындағы Қалғандария су айдындарында су асты сүңгуірлік жаттығу жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылар ойылған мұз ойыққа түсіп сүңгуірлік құрал-жабдықтармен жұмыс жасау әдіс тәсілдерін үйренді.
2-3 наурыз жасақ құтқарушылары «Көктем 2023» Республикалық командалық-штабтық жаттығуына қатысты.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы «ҚР ТЖМ қызметкерлерін алғашқы кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарының 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жоспар-графиктерін бекіту туралы» № 308 бұйрығы бойынша, 2023 жылғы 15-29 қаңтар аралығында жасақтың 5 құтқарушысы «М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы» ММ Шымкент қаласы оқу орталығында газ-түтіннен қорғаушыға қайта даярлау курстарынан өтті.
19 қаңтарда «Қазәуеқұтқару» АҚ МИ-8Т тікұшағымен жасақтың құтқарушылары 1 жаттығу өткізді. Жасақтың 12 құтқарушысы (құрамында 2 кинологиялық есеп неміс овчаркасы «Спартак» және белгиялық овчарка «Яра» іздестіру иттерімен) «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның «МИ-8» тікұшағымен ұшып, ауада тікұшақтан лебедкамен төмен түсі және зардап шегушілерді жоғарыға көтеру жаттығуларын жүргізді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2023 жылғы 6 мамырдағы № 04-02-01/1877-И хатына сәйкес, 2023 жылғы 12 – 26 мамыр аралығында жасақтың кинология тобының кинологтары 4 қызметтік иттермен (неміс тұқымды «Спартак», бельгиялық овчарка «Рапита», бельгиялық овчарка «Малыш», бельгиялық овчарка «Яра»), Орталық Азия мемлекеттерінің төтенше ведомстволары кинологиялық қызметтеріне арналған шеберлік-тренинг және кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің кинологиялық есептоптарының сертификациялық сынақтарына қатысты. Кинологтар Халықаралық азаматтық қорғау ұйымымен Орталық Азия мемлекеттерінің төтенше ведомстволары кинологиялық қызметтеріне арналған шеберлік-тренингіне қатысып, Халықаралық азаматтық қорғау ұйымының сертификаттарын алды. Содан кейін, жасақтың кинология тобының бас құтқарушысы К. Примжанов сертификациялық сынақтарға бельгиялық овчарка «Яра» және бельгиялық овчарка «Малыш» иттерімен қатысып, қорытынды хаттамасы бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарына рұқсаттама және «А» сыныбын алды.
9 - 23 маусым аралығында Қарағанды облысы Приозерск қаласының құтқару бөлімшесінің базасында сүңгуір-құтқарушыларды даярлау бағдарламасы бойынша оқуға (тренингке) жасақ басшысының орынбасары М. Доспенбетов (нұсқаушы ретінде) қатысты.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 224 бұйрығы және 2023 жылғы 14 тамыздағы № 04-02-01/3463-И хатына сәйкес, 2013 жылғы 13-20 қыркүйек аралығында жасақтың 15 құтқарушысы 3 бірлік техника, «Казбоат-53» катер және қажетті құрал-жабдықтарымен Алматы облысының аумағындағы «Жартасты қала-Астана» оқу – жаттығу полигонында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің құтқару қызметтерінің қатысуымен өткізілген «Қазқұтқару-2023» құтқару көпсайысы бойынша халықаралық жарысқа қатысты. Жарыстардың жалпы қорытындысы бойынша, жарыстарға қатысқан 6 команданың ішінен біздің команда жүлделі 1-ші орынға ие болды. Этаптар бойынша айтатын болсақ, Қызылорда командасы «Акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары» жарыстарында 1-ші орынға шықты. «Белтемір кешенді күштік жаттығу» және «Техногендік апаттар жағдайларындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясы бойынша 2-ші орынды алды.
Суицид фактілерін алдын алу мен оларға жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттау, инфекциялық және ЖИТС ауруларын алдын алу мақсатында, Қызылорда қаласы салауатты өмір салты және наркология орталықтары өкілдерінің қатысуымен тұрақты түрде сабақтар, жиналыстар және кездесулер өткізіледі.
Тәртіп
2023 жылдың 9 айында ерекше еңбегі үшін 1 қызметкерге (Ж. Бегманова) ҚР ТЖМ Алғысы жарияланды, 1 қызметкер (А. Базарбаева) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Өз еркімен 2 қызметкер жұмыстан босатылды (Н. Жұмағали, А. Сатанова) және жұмысқа жаңадан 2 қызметкер қабылданды (А. Амандық, А. Бақытов).
Жасақтың жарақтандыруы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 429 бұйрығымен бекітілген нормаларына сәйкес Жасақ жалпы 42,09 % жабдықталған. Автокөліктер мен техника – 44,68 %, жүзу құралдары - 57,58 %, құрал-жабдықтар – 43,27 %, байланыс құралдары – 42,63 % (тасымалды және мобильді УҚТ радиостанциялармен 100% қамтылған), сүңгуір құрал-жабдықтары – 45,98 %, радиациялық және химия-биологиялық қорғау жабдықтары – 35,96 %, тіршілікті қамтамасыз ету жабдықтары – 37,4 %, арнайы киім – 29,24 %.
Автокөліктер мен техника
2022 жылы жасақта 19 бірлік техника бар:
УАЗ 390995 – 5 бірлік,
Газель 2705 – 2 бірлік,
ВАЗ 2329 (пикап) – 3 бірлік,
Ssang Yong – 1 бірлік,
Нефаз 4208 – 1 бірлік,
Камаз 43114 – 2 бірлік,
Камаз 43118 – 1 бірлік,
БРОНТО-МАРШ – 1 бірлік,
Трэкол – 1 бірлік,
ГТТБ – 1 бірлік,
қарда жүргіш Тайга «Атака-551» - 1 бірлік.
Сонымен қатар жасақта 1 ауа жастықшасындағы «Пегас» кемесі бар. Жасақтың көлік құралдары барлық кезендік қызметтер мен техникалық байқаудан өткізілген.
Жүзу құралдары
Жүзу құралдарынан жасақта 23 бірлік бар:
катерлер – 5 бірлік,
темір қайық – 6 бірлік,
пластикалық қайық – 2 бірлік,
үрлемелі қайық - 10 бірлік бар (24 орындық үрлемелі қайық 1 дана, 8 орындық үрлемелі қайық 4 дана, 6 орындық үрлемелі қайық 5 дана).
2022 жылы үрлемелі қайықтардың ілмелі моторы 2 бірлігі сатып алынды. Қазіргі уақытта жасақта үрлемелі қайықтардың ілмелі моторы 15 бірлік бар.
Оның «Меркурий 25» моторы 3 дана,
«Меркурий 30» моторы 3 дана,
«Меркурий 40» моторы 1 дана,
«Ямаха 40» моторы 2 дана,
«Парсун 40» моторы 2 дана,
«Парсун 30» моторы 2 дана,
«Сойл 40» моторы 1 дана,
«Хайдед 40» моторы 1 дана.
2 дана «Меркурий 30» мотор жарамсыз, жөндеуде. Қайықтардың ілгекті моторлары ұзақ уақыт пайдалану салдарынан жиі істен шығуына байланысты есептен шығарылып, жаңадан сатып алу қажет.
Сүңгуір құрал-жабдықтары
2022 жылы 10 сүңгуірлік гидрокостюмдер сатып алынды, оның ішінде құрғақ түрдегі 5 гидрокостюм және ылғалды түрдегі 5 гидрокостюм. Қазіргі таңда жасақтың есебінде 34 сүңгуірлік гидрокостюмдер бар, оның ішінде құрғақ түрдегі 10 гидрокостюм және ылғалды түрдегі 24 гидрокостюм, барлығы жарамды. Сүңгуірлік демалу аппараты 21 жинақ бар. Демалу аппараттарының 16 жинағы жарамды, 5 аппаратқа жөндеу жұмыстары қажет.
Жергілікті органдарымен жұмыс
Жергілікті органдар есебінен қаржыландыру және сатып алу жүргізілген жоқ.
Өзекті мәселелер және шешу жолдары
1) Өзекті мәселе болып сүңгуірлік толық бетперделердің жетіспеушілігі, жасақта 6 данасы бар, оның 4 данасы жарамды (Қызылорда қаласында 2, Қамыстыбас құтқару бөлімшесінде 2), 2 данасы жарамсыз пайдалануға жатпайды.
Соңғы уақытта судағы ТЖ саны көбеюі бәріне мәлім. Суда іздестіру жұмыстарын 2-3 бағытта бір мезетте жүргізуге сүңгуірлік толық бетперделер жетіспейді, сатып алу арқылы көбейтуді қажет етеді.
2) Өзекті мәселе болып жасақтағы сүңгуірлік костюмдерінің тозығы жетуі және сүңгуірлік жабдықтардың жетіспеушілігі саналады. Жедел құтқару жасағы есебінде 34 сүңгуірлік гидрокостюмдер бар, оның ішінде құрғақ түрдегі 10 гидрокостюм және ылғалды түрдегі 24 гидрокостюм. Құрғақ түрдегі 10 гидрокостюмнің 7-і Қызылорда қаласында, 3-і Қамыстыбас құтқару бөлімшесінде. Ылғалды түрдегі 24 гидрокостюмнің 19-ы Қызылорда қаласында, 5 гидрокостюм Қамыстыбас құтқару бөлімшесінде. Суда іздестіру жұмыстарын 2-3 бағытта бір мезетте жүргізуге гидрокостюмдер жетіспейді, сатып алу арқылы көбейтуді қажет етеді.
3) Қысқы мезгілде, елді мекендер қашық орналасқан жерлерде су асты сүңгуірлік іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде құтқарушыларға жылыну және сүңгуірлік құрал-жабдықтарды сақтау үшін үрлемелі пневмошатыр (надувная пневмопалатка) сатып алу қажет.
4) Кіші Арал теңізінде адамдардың суға бату жағдайлары орын алуда. Сонғы жылдары құтқарушылар Кіші Арал теңізіне 9 рет іздестіру жұмыстарын жүргізуге шықты. Кіші Арал теңізінің терендігі 15 метрден аса болуы, табаны қалын лай немесе қалын шылау болуы, сондай-ақ балықшылардың тастап кеткен көптеген ауларының болуы сүңгуірлерге су астында іздестіру жұмыстарын жүргізуге қиындықтар тудырады. Сүңгуірлерді су астына түсірмес бұрын, су астын эхолокатор және су асты телебасқарылатын автономды аппараттармен (подводный дрон) тексеру керек. Аталған жағдайларға байланысты эхолокатор және су асты телебасқарылатын автономды аппаратын (подводный дрон) сатып алу қажет етеді.
5) Жасақтың компьютерлік және ұйымдастырушылық техникасы тозған. Пайдалану мерзімі асып кетіп, соңғы кезде жиі істен шығады. Өз күштерімізбен қолдан келгенше жөндегенімен әрі қарай пайдалану қыйындықтар туғызуда. Компьютер, принтер және ксерокс аппараттарын сатып алып, жаңартуды қажет етеді.
6) Қамыстыбас құтқару стансасы салынғаннан бері су жүйесіне қосу мәселесі шешілмей тұр. Қамыстыбас құтқару бөлімшесінің құтқарушылары ішетін және шаруашылық жұмыстарын жүргізуге пайдаланатын суды тасымалдап жүр. Бұл мәселені шешу үшін Қамыстыбас құтқару стансасын «Олимпиадалар және қосымша білім беру» орталығына тартылған су жүйесіне қосу қажет етеді.
7) Сондай-ақ, Қамыстыбас құтқару стансасының аумағын жарықтандыру мәселесі шешілмеген. Қамыстыбас құтқару стансасы аумағында, периметр бойынша жарық шамдарын орнату қажет.
8) Қамыстыбас құтқару стансасында бақылау мұнарасы орнатылмаған.
9) Жасақтың автокөліктеріне қажетті қосалқы бөлшектер Қызметтің орталық қоймасында болмауына байланысты, автокөлік бұзылған кезде ол жөндеуде ұзақ уақыт тұрып қалады. Мысалы, жасақтың есебіндегі Нефаз-4208 автокөлігінің ТНВД аппараты және форсункалары істен шығып, 2022 жылдан бері жөндеуде тұр. ТРЭКОЛ, ВАЗ және УАЗ автокөліктерінің глушительдері шіріп, тозығы жетіп тұр. Осы уақытқа дейін қосалқы бөлшектерге берілген тапсырыстардан бір-екі зат қана алынды.
Сондай-ақ, автокөліктердің аккумуляторлық батареяларының тығыздығын қысқы мезгілге қою, электр жүйелерінде қандай-да бір ақау пайда болған кезде оны компьютерлік диагностикаға қою мәселелері туындап тұрады.
Басқа облыстардың Жедел құтқару жасақтарының тәжірибесіне қарай осы мәселелерді шешудің бір де бір жолы, автокөліктерге қызмет көрсететін және қажетті қосалқы бөлшектерді өздері алып жөндеу жұмыстарын жүргізетін техникалық жөндеу орталықталығымен бір жылға келісім шартқа отыру деп есептейміз.