2023 жылғы 11 айда Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Қызмет) бөлімдерімен дабыл бойынша 1682 ретшықты, өткен жылмен салыстырғанда 246 шығысқа немесе 15,5% көбейген (2022 жылы – 1436 рет).
- өртке – 387 рет (2022 жылы – 392), өткен жылмен салыстырғанда 5 шығысқа немесе 1,2% азайған;
- авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге – 23 рет, (2022 жылы 14 рет), өткен жылмен салыстырғанда 8 шығысқа немесе 37% көбейген;
- өртке жатпайтын жану оқиғасына – 1271 рет (2022 жылы – 1023), былтырғы жылмен салыстырғанда 248 шығысқа немесе 22% көбейген;
- жалған шақыруға – 5 (2022 жылы - 1)өткен жылмен салыстырғанда 4 шығысқа немесе 80% көбейген;
Қазақстан Республикасы ТЖМ ӨҚҚК 2023 жылғы 16 наурыздағы № 2 бұйрығымен бекітілген «Өрттерді зерделеу жөніндегі» нұсқаулығы талабы бойынша жыл басынан бері 339 өрттің зерделеуге жататын 2 өрт оқиғасы тіркелді және талдауға жататын 77 өрт оқиғасы өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен талданды.
Өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында жеке құраммен 21 адам құтқарылып (2022 жылы 21 адам), 70 адам эвакуацияланды (2022 жылы 17 адам), 8 адам жарақат алып (2022 жылы – 0), оқиға орнына өрт сөндіру бөлімдері келгенше 18 адам қаза тапты (2022 жылы 2 адам).
ӨТЖ, ӨТС, жеке құрамның дайындығы
Жедел тактикалық салада ең маңызды адам көп шоғырланатын нысандарда өрт сөндіруді ұйымдастыру мақсатында, әр түрлі объектілерге 50 рет өрт-тактикалық жаттығу (2022 жылы – 46 рет)өткізілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 4 жаттығуға немесе 9% көбейген. Өрт-тактикалық сабақтар 113 рет (2022 жылы 117 рет)өткізілді, өткен жылмен салыстырғанда 4 сабаққа немесе 3% азайған.
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментімен Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыменбірлесіп,2023 жылдың өрт қауіпті маусымындаорман және дала өрттерінің алдын алумақсатында 25 өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.
Өрт тактикалық жаттығуға Қызылорда облысының коммуналды және арнайы қызметтері қатыстырылды.
Облыс ауданы 226 мың шаршы км. Орман шаруашылығы қорының ауданы 71 мың шаршы км. Орман шаруашылығы алқабының ауданы 38 мың шаршы км.
Жеңқұбыр шаруашылығы мен ӨТЖ жағдайы бойынша:
Қызметтің өрт сөндіру бөлімдерінде жалпы саны 2649 өрт сөндіру жеңқұбыры бар (Ø 51 мм – 972, Ø 66 мм – 759, Ø 77 мм – 849, Ø 150 мм – 69)
2023 жылы 2649 жеңқұбыр, 235 су оқпандары, 154 көбікті оқпандар, 66 лафетті оқпандар, 152 өрт сөндіру қол сатылары, 297 өтпелі бастиктер, 100 үш жүрісті тармақталу, 56 өрт калонкасы, 75 құтқару арқаны, 210 диэлектрлік құралдар, 169 жең кідірісі, 49 гидроэлеватор, 210 жеңқұбырларды жалғайтын кілт, 50 су жинағыш, 50 сорғыш тор сыналды.
Жүргізілген күзгі сынақ нәтижесі бойынша 61 жеңқұбыр сынақтан өткен жоқ (Ø 51 мм – 22, Ø 66 мм – 9, Ø 77 мм – 27, Ø 150 мм – 3)
Өртке қарсы су көздері бойынша:
Күзгі қарау нәтижесі бойынша 6193 өрт сөндіру гидранты,127 су қоймасы орналасқан.
527 өрт сөндіру гидранты мен 13 су қоймасы жарамсыз күйде екендігі анықталды.
Техника бойынша
Қызмет теңгерімінде барлық автотехникалар саны 114 бірлік немесе 46%-ға жарақталған, қажеттілік 116 бірлікті құрайды. № 429 бұйрыққа сәйкес Қызмет 230 бірлік техникамен жабдықталуы қажет.
Оның ішінде: негізгі өрт сөндіру автокөлігі 96 бірлік, арнайы техника 40 бірлік, көмекші техника 94 бірлік.
Оның бүгінгі күнге:
негізгі автотехника саны 56 бірлік немесе 57% жарақталған, қосымша 40 бірлік қажет;
арнайы автотехника саны 12 бірлік немесе 30% жарақталған, қосымша 28 бірлік қажет;
көмекші автотехника 46 бірлік немесе 48,9% жарақталған, қосымша 48 бірлік қажет.
Төтенше жағдайлар министрлігінен 1 бірлік негізгі ӨСА берілді. Қазіргі таңда сақтауда тұр. Сонымен қатар 3 бірлік негізгі ӨСА-ін сатып алу бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Жергілікті бюджет қаржыты есебінен лизинг шеңберінде (жылдық 7%-бен) 14 бірлік (12 бірлік АЦ, 1 бірлік АЛ, 1 бірлік АСО) өрт сөндіру автомобильдерін сатып алуға 1 млрд 895 млн теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Қазіргі таңда келісім шарт жасалып, жеткізу мерзімі 2024 жылғы ақпан айы.
Облыс аумағында шалғай орналасқан елдімекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы материалды-техникалық тозығы жеткен 2 бірлік өрт сөндіру автокөліктері (2 негізгі) есептен шығарылып, Жаңақорған және Сырдария аудандары әкімдіктерінің есебіне берілді.
Газ-түтіннен қорғау қызметі бойынша:
Қызметте газ- түтіннен қорғау қызметінің 6 бекеті және 1 базасы (бұдан әрі- ГТҚҚ), газ-түтіннен қорғаушылардың жалпы саны – 434.
Қазіргі уақытта гарнизонның газ-түтіннен қорғау қызметі «Драгер», «Ауер», «Спироматик» фирмаларының сығымдалған тыныс алу аппараттарымен жабдықталған. Тыныс алу аппараттарының жалпы саны – 244 дана (Ауер – 86, Драгер – 154, Спироматик – 4).
Анықтама үшін: 2021-2023 жылдар аралығында жергілікті бюджет есебінен тыныс алу аппараттары алынған жоқ.
Сығымдалған ауадағы аппараттарға арналған 810 дана панорамалық маска және пайдалануға жарамды 346 дана жоғары қысымды баллондар бар. 2022 жылы куәландыруға 253 баллон жіберілді, 116 баллон сынақтан өтіп, 137 баллон есептен шығарылды. 2023 жылы куәландыруға 96 баллон жіберілді, 91 баллон сынақтан өтіп, 5 баллон есептен шығарылды. 2024 жылы куәландыруға 100 дана баллон жіберу жоспарланған.
Жеке қорғау құралдарына қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін өртке қарсы қызмет гарнизонында аппараттарды тексеруге арналған 10 тестор құрылғысы (4 – Ауэр, 6 - Драгер), баллондарға ауа толтыруға арналған 19 компрессор бар(оның ішінде: 7 стационарлы (2 жарамсыз) және 12 мобильді компрессор (3 жарамсыз).
Анықтама үшін: тыныс алу аппараттарына толық техникалық қызмет көрсету үшін 21 дана мобильді компрессор сатып алу қажет.
Сонымен қатар, «газ-түтіннен қорғаушы» біліктілігін алу (сондай-ақ біліктілікті арттыру) мақсатында заманауи стандарттарға сәйкес келетін жылу-түтін камерасы пайдаланылады, осылайша газ-түтінне қорғаушылардың жалпы практикалық даярлығына оң әсеретеді. Жаңа жылу-түтін камерасын сатып алу қажет етілмейді.
2021 жылы №3 тексерістен кейін тыныс алу аппараттарының жекелеген элементтерін кептіру үшін 380 мың теңгеге шкаф дайындалды. Сондай- ақ, қысқа мерзімде ауа баллондарының вентилдерін алмастыруға мүмкіндік беретін, ауа баллондарына арналған қысқыш жасалды.
Проблемалық мәселелер:
Қызмет есебінде 346 бірлік баллон бар. №1.4.3 норманың 25- тармағына сәйкес қосымша 175 бірлік баллон қажет. (әрбір газ-түтіннен қорғаушы 1 бірлік баллон және резервте 20%, баллондардығ жалпы саны 521 бірлік болуы қажет)
Өрт сөндіру депосын салу және күрделі жөндеу жүргізу
жобаларын іске асыру бойынша
Облыс аумағында өрт қауіпсіздігін 14 өрт сөндіру депосы және(Қызылорда қаласында – 6, аудан орталықтарында бір-бірден)2 өрт сөндіру бекеті (Қазалы және Шиелі аудандарында)қамтамасыз етеді.
Қызылорда қаласының Бас жоспарына сәйкес өрт сөндіру деполарын салу үшін Сырдария өзенінің сол жағалауында 4 жер учаскесі және Арал ауданы Сексеуіл кентінде өрт сөндіру бекетін салу үшін 1 жер учаскесі бар.
Мәлімет үшін. Облыс аумағында өрт сөндіру деполарын салуға арналған жалпы 8 жер учаскесі бар (Қызылорда қаласы – 4, Сексеуіл кенті – 1, Байқоңыр қаласы – 1, Сырдария ауданы – 1, Жаңақорған ауданы – 1).
Бірінші кезекте Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында және Арал ауданы Сексеуіл кентінде өрт сөндіру депосын салу жоспарлануда. Осыған сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау және сараптамадан өткізу үшін Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік өтінім жолданды (жалпы сомасы 40 млн. теңге).
15 (94%) өрт сөндіру бөлімдері 1962-1999 жылдары салынған. Осыған сүйене отырып, бірінші кезекте 4 өрт сөндіру бөлімдеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет(Қармақшы ауданы №10 ӨСБ, Жалағаш ауданы №11 ӨСБ, Сырдария ауданы №12 ӨСБ және Жаңақорған ауданы №14 ӨСБ). Республикалық бюджет қаражаты есебінен аталған өрт сөндіру бөлімдеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалау сметалық құжаттарын дайындап, сараптамадан өткізу үшін министрлікке 2023 жылғы 13 қаңтарда жалпы сомасы 23 млн теңгеге бюджеттік өтінім берілді.
Сонымен қатар 8 өрт сөндіру бөлімдерін табиғи газға қосу үшін(Қызылорда қаласы №5, Қызылорда қаласы №6, Қармақшы ауданы №10, Жалағаш ауданы №11, Сырдария ауданы №12, Шиелі ауданы №16, Жаңақорған ауданы №14, Қазалы ауданы №15) жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға және сараптамадан өткізуге министрлікке жалпы сомасы 29 млн теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Сұйық отыннан газға көшкен жағдайда жылыту маусымында 40 млн. теңгеге дейін қаржы үнемделеді.
5 өрт сөндіру бөлімдерінің ғимараты орталық жылу тарату жүйесіне қосылған (Қызылорда қаласы №1, 2 МӨСБ, №4 ӨСБ, ӨСБТҚКБ және Қазалы ауданы №9 ӨСБ), 6 өрт сөндіру бөлімдері сұйық отынмен (Қармақшы ауданы №10 ӨСБ, Жалағаш ауданы №11 ӨСБ, Сырдария ауданы №12 ӨСБ, Шиелі ауданы №16 ӨСБ және Қызылорда қаласы №5, 6 ӨСБ), 2 өрт сөндіру бөлімдері қатты отынмен (Қазалы ауданы №15 ӨСБ және Жаңақорған ауданы №14 ӨСБ) және 3 өрт сөндіру бөлімі табиғи газбен жылытылады (Арал қаласы №3 МӨСБ, Қызылорда қаласы №7, Шиелі ауданы №13 ӨСБ).
2023-2024 ж.ж жылу маусымына табиғи газбен жылытуға жалпы соммасы 1 млн 171 мың теңге жоспарланған.
Орталықтандырылған жылу тарату жүйесіне қосылған өрт сөндіру бөлімдерінің ғимараттарына 2023-2024 ж.ж жылу маусымына жалпы соммасы 13 млн. теңге жоспарланған.
Кіші қазандықтарына жалпы сомасы 32 млн 239 мың теңгеге 122 мың литр сұйық отынды сатып алынды.
Қатты отынмен жылытылатын өрт сөндіру бөлімдері үшін 1 млн 885 мың теңгеге 95 тонна көмір сатып алынып, бөлімдерге берілді (Жаңақорған ауданы №14 ӨСБ – 75 тонна, Қазалы ауданы №15 ӨСБ-20 тонна).
Қызметтің коммуналдық төлемақы бойынша жылу, электр энергиясын пайдалану және су жүйесіне қарыздары жоқ.