Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің 2023 жылдың 10 айда атқарған жұмыстарының есебі

 

        2023 жылдың 10 айда аудан аумағында 44 ТЖ тіркелді (2022 ж 44 ТЖ). Оның техногенді ТЖ - 42, табиғи ТЖ - 2,(2022 жылы техногенді ТЖ - 39, табиғи ТЖ - 5).

Техногенді сипаттағы ТЖ – 42(2022ж.-39)

-    41(2022 ж.-38) өрттер;

-    1 (2022 ж.-1) көліктегі жағдай;

Табиғи сипаттағы ТЖ – 2 (2022ж.-5).

  • 1 судағы оқиға (2022 ж - 0);
  • 0конго қырым геморагиялық қызбасы (2022 ж-4);
  • 1 метеорологиялық қауіпті құбылыс (2022 ж-1) (шатыр ұшқан);

Жыл басынан бері жоспарлы 3 рет комиссия отырысы өткізілді. Өткізілген  комиссия отырыстарында 10 өзекті мәселе қаралып 32 жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілген. Қаралған мәселелер: (1. Қыс-көктем мезгілінде аудан аумағына қарасты Сырдария өзені мен Қараөзек арнасы арқылы келетін мол суды қауіпсіз өткізу және болуы мүмкін су тасқының алдын алу жұмыстары туралы; 2. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алуға байланысты дәрілеу залалсыздандыру жұмыстары; 3. Мемлекеттік орман қоры алқаптарында өрттің алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар мен көктемгі-күзгі мезгілдегі өрт қауіпті кезеңге дайындық шаралары туралы; 4. Жазғы мезгілде суға шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы; 5. Елді мекендердегі өрттерді сөндіру және елді мекендерден ашылған өрт сөндіру бекеттерінің жай-күйі туралы; 6. Аудан көлеміндегі жедел ішек инфекциялары мен топтасқан тағамнан улану ауруларының індеттік маусымында аурушаңдық деңгейін тұрақтандыру, алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстары туралы; 7. Жылу беру маусымында білім, денсаулық және әлеуметтік нысандардың дайындық жұмыстары туралы; 8. Аудан аумағында жеке тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтау мен көмірқышқыл газына улану фактілерінің алдын алу туралы; 9. Аудан көлеміндегі егін жинау науқаны кезіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы; 10. Төтенше жағдайлар қаупі туындаған уақытта аудан халқын құлақтандыру мақсатында азаматтық қорғаудың құлақтандыружүйесінің жай-күйі туралы.

2023 жылдың 10 айында аудан бойынша 41 өрт оқиғасы (2022 жылы - 38) есепке алынды.

Тіркелген өрттерді талдағанда: объектілерде – 4(2022 ж - 0 өрт) немесе – 4 есеге көбейген; автокөліктерде – 6 өрт (2022 ж – 5 өрт ); тұрғын үй секторларында – 24 өрт (2022 ж -  22 өрт) 3 немесе 13 % азайған; орман өрті – 7(2022 ж – 8 өрт) 1 немесе 12,5 % азайған.

2023 жылғы 10 айда шығын 18,9 млн. теңгені құрады (2022 жылы – шығын 31.1 млн.теңге). Өткен жылмен салыстырғанда шығын 12,2 млн. теңгеге немесе – 3 есе азайған.

Өрттен қаза болғандар: 2023 ж – 1, (2022ж – 0)100% көбейген.

(2023 жылғы 21 маусым 18 сағат 45 минутта Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылы Айтуаров көшесі №2/1 мекенжайда орналасқан 12х8 метр тұрғын үйдің 7х8 бөлігі толығымен жанған. Өрт оқиғасынан осы үйдің тұрғыны 11.01.1985 ж.т. Назаров Нұрлан Жанибайұлы аудандық аурухананың жансақтау бөліміне күйіктің 3-дәрежесі диагнозымен жеткізіліп, ағымдағы жылғы 24 маусымда қаза тапты).

Өрттен жарақат алғандар 0(2022 ж -3); көрсеткіш 100% азайған.

 

Өрттердің шығу себертері:жылыту пешінің ақауы, электр желілерінің ақауынан, газ плита үстінде дайындап жатқан асты бақылаусыз қалдырған, отпен абайсыз болу, өшірілмеген темекі тұқылын тастауынан.

Өрт немесе өртке жатпайтын жану оқиғасы және тексеру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылык туралы кодексіне сәйкесбарлығы 42 тұлғаға әкімшілік іс қозғалды.

Прокуратураның қаулысына сәйкес тағайындалған тексеру нәтижелері бойынша 3 шара («Орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемесі басшысына лауазымды тұлға ретінде 86 250 теңге айыппұл салынды, «Аудандық аурухана» ШЖҚ КМК-не және «Ақтерек» сауықтыру лагеріне заңды тұлға ретінде «ескерту» шаралары көрілді).

Өрт оқиғасы бойынша ЖК «Адима» картон өндіретін цех жанып, заңды тұлға ретінде 34 500 теңге және орман қорына қарасты аумақта өрт оқиғасы орын алып қызметкері Алпысбаев Алтайға 51 750 теңге  әкімшілік айыппұл салынды. Қалған өрт немесе өртке жатпайтын жану оқиғалары бойынша 36 «ескерту» шарасы көрілді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылык туралы кодексінің 410 бабына сәйкес, Өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтамағаны үшін жыл басынан бері 42 тұлғаға әкімшілік іс қозғалып, 39 жеке тұлғаға ескерту шарасы көрілді.Заңды және лауазымдытұлғаларға 172500 теңге айыппұл салынды. Оның ішінде: 1) Заңды тұлға ЖК «Адима» 34500 теңге. Осы кодекстің 367 бабымен лауазымды тұлға «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемесінің қызметкеріне 51 750 теңге.  (2022 жылы – 49 әкімшілік іс қозғалып, 18 жеке, 17 лауазымды тұлғаға 1 заңды тұлғаға әкімшілік шара көрілді. Жалпы соммасы765 750 теңге айыппұл салынды).

Өртке жатпайтын жану оқиғалары бойынша:

     2023 жылдың 10 айында 81 ӨЖЖО (2022 жылы - 28) тіркелді, 53 немесе 65% көбейді.

 

Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау-профилактикалық

тексеру туралы

 

Жалағаш ауданы бойынша барлығы 384 объекті есепке алынды. Оның жоғарғы тәуекел дережелі – 68 объекті, орта тәуекел дережелі – 7, төмен тәуекел дәрежесіне 309 объекті.

        2023 жылдың І жартыжылдығына жоспарлы өрт қауіпсіздігі саласы бойынша тексеруге – 10 нысан жоспарланды, оның 8 білім саласы, 1 орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі және 1 аудандық оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі(2022 жылы 23 объект, оның 21 білім саласы, 1 Орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі және 1 су шаруашылығы мекемесі).

         2023 жылдың ІІ жартыжылдығына жоспарлы өрт қауіпсіздігі саласы бойынша тексеруге – 3 нысан жоспарланды, оның 2 денсаулық сақтау,1«Кегог» электр желісі мекемесі (2022 жылы 5 объект, оның 1 денсаулық сақтау, 2 мемлекеттік органдар, 1 аудандық кітапхана, 1 электр торабы).

        2023 жылғы 10 айда 13 объект (2022 жылы - 52) тексерілді. Оның 11 объектісі жоспарлы, 2 жоспардан тыс (2022 жылы – 27 жоспарлы, 25 жоспардан тыс) тексерілді. Тексеру барысында өрт қауiпсiздiгi талаптарының150 бұзу фактісі анықталып, өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзған 11 лауазымды тұлғаға бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді, аудандық прокуратурасының қаулысына сәйкес (білім бөлміне қарасты Ақтерек сауықтыру лагері, Аудандық аурухана) 2 заңдытұлғаға«ЕСКЕРТУ» әкімшілік шаралары көрілді.

 Өткен жылмен салыстырғанда тексерулер 39-ға немесе 75 % азайды.

 

Азаматтық қорғау саласындағы үгіт-насихаттау жұмыстары

Аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне 56 мақала(2022 жылы - 44), атап айтқанда Өрт қауіпсіздігі бойынша 26, мұздағы қауіпсіздік – 11, суға шомылу маусымы бойынша 20жарияланды, өткен жылмен салыстырғанда тең. Телеарнада сөз сөйлеу2 рет (2022 жылы - 1). Өткен жылмен салыстырғанда
1 немесе 25 % көбейген.

«Маржан-2002» ЖШС теңгеріміндегі дауыс зорайтқыш (громкоговоритель) арқылы халыққа өрт, судағы қауіпсіздік және төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 440 рет (2022 жылы - 236) мақалалар оқылды. Өткен жылмен салыстырғанда 204немесе 48 % көбейген.

Қызылорда облысы ТЖД-нің әлеуметтік желісіне және ауданның«Facebook», «Instagram» парақшаларында 258 мақала (2022 жылы - 240) жарық көрді. Өткен жылмен салыстырғанда 18немесе 14 % көбейді.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 2023 жылғы31қазандағы «Өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізу туралы» № 146 бұйрығы негізіндеЖалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №11 ӨСБ кезекшіліктен тыс жеке құрамымен әр аптаның сенбі күндері жеке тұрғын секторда 4156 тұрғын үйдің (2022 жылы – 3241 үй) 24483 тұрғындарына үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда 915 үйге немесе 30 % көбейген.

         Жалағаш ауданы бойынша азаматтық қорғау оқу-жаттығулар жоспарына сәйкес2023 жылы барлығы 91 оқу-жаттығу өткізілді (2022 жылы – 38 рет өткізілді), оның ішінде кешендік оқу-жаттығу – 1 (2022 жылы - 2), командалық-штабтық жаттығу –3(2022 жылы – 3), командалық штабтық оқу-жаттығу –2(2022 жылы – 2), штабтық жаттығу –1 (2022 жылы – 1), арнайы-тактикалық жаттығу – 2 рет (2022 жылы – 2), мекемелердегі кешенді оқу-жаттығу – 3(2022 жылы – 2), жаттығулар (су жайылуы, су басуы мүмкін аймақтар) - 5 рет (2022 жылы – 5), жаттығулар (өрт жағдайына эвакуациялық жаттығулар) - 16 рет (2022 жылы – 5), авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар –56 рет (2022 жылы – 14), объектілік жаттығу - 2 рет (2022 жылы – 2).

 

Өртке қарсы су көздерінің жағдайы

 

Жалағаш аудандық №11 ӨСБ-нің шығу ауданында барлығы 704 өрт гидранты орналасқан. Барлығы жарамды күйде.Аудан орталығында163 өрт гидранты орналасқан, елді-мекендерде 532 өрт гидранты және нысандарда 9.

 

Жазғы суға шомылу маусымына байланысты

 

    2023 жылғы10 айда судағы 3бақытсыз жағдайдан, 3 адам оның 2 бала. (2022 жылысудағы бақытсыз жағдайлар 2).Өткен жылмен салыстырғанда 1 немесе 33 % көбейген.

Адамдардың суға бататын басым көпшілігі Жалағаш кентінің маңынан өтетін Сырдария өзені көпірі тұсы болып отыр. Сол себептен негізгі жұмыстар осы аймақтарға басты назар аударылып жүргізілуде.

             2023 жылға арналған «Жазғы суға шомылу маусымы кезеңінде су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында атқарылатын жұмыстарының іс-шара жоспары» бекітілді.

             2023 жылғы 24мамырда аудан әкімі А. Есжановтың төрағалығымен өткен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өткізілген болатын. Онда қаралған3 мәселенің біреуі жазғы суға шомылу маусымы кезінде қауіпсіздікті сақтау туралы тақырыпқа арналып өтті.

             Жалағаш ауданы № 11 өрт сөндіру бөлімдерінің кезекшіліктен бос қызметкерлері, Еріктілер, Аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп күнделікті сағат 13:00-ден 21:00–ге дейін адамдардың белгіленбеген орындарда суға шомылуға қатаң тыйым салынатындығы және ішімдік ішіп мас күйінде шомылуға болмайтындығы жөнінде түсіндіріліп рейдтер жүргізілді.

             Аталған жұмыстар жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен бірлесіп «Қоғам-Тв» телеарнасына ұсынылды. 

 

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері құрылмаған елді мекендерді өрттен қорғау мақсатында 2023 жылы елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру және орман, дала өрттері бойынша жергілікті атқарушы органдармен атқарылатын жұмыстар

 

Аудан көлемінде мемлекеттік орман қоры 769 482 гектарды құрайды.

Жалпы «Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі ММ» КММ-н 2023 жылға жоспарланған 660 шақырым ескі минералды жолақтары толық жаңартылып, 150 шақырым минералды жолақ жаңадан жүргізіліп, толық аяқталды.

Биыл Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау» ММ-не 2022 жылы шығарылған 1 АЦ-5-40 Урал маркалы өрт сөндіру автокөлігі алынды. Цистернасы 5 тонна, бағасы 95 млн тенге.

Жыл басынан бері орман шаруашылығының аумағындағы өрттердің алдын алу және шұғыл ден қою мақсатында 3 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Орман қоры аумағында жергілікті атқарушы органдары мен аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары бірлесіп күнделікті рейдтік іс-шаралары жүргізілуде.

Атқарылған жұмыстарға қарамастан жыл басынан бері 7 орман өрті орын алып, 1 лауазымды тұлғаға ҚР ӘҚБтК 367 бабы негінде 51 750 теңге айыппұл салынып, өндірілді.

Сонымен қатарҚызылорда облысы әкімінің 2020 жылдың 30 сәуіріндегі «2021-2025жылдарға арналған мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ Қызылорда облысының елді-мекендерінде өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңімен құру туралы» жоспарына сәйкес 2023 жылы Қаракеткен мен Бұқарбай батыр ауылдық округінен өрт сөндіру бекеттері ашылды (2021 жылы Мәдениет пен  Аламесек ауылдық округінде).

 

Кадрлармен жұмыс:

Жалағаш ауданы гарнизонының штат бойынша жалпы саны                          39 қызметкер (Төтенше жағдайлар бөлімі 4, №11 ӨСБ 35), тізім бойынша 38,№ 11 ӨСБ-де 1 жүргізуші лауазымы вакант.

 

Тәрбие және иделогиялық шаралар бойынша

ҚР ТЖМ және Департаменттен келіп түскен жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіптің және сыбайлас жемқорлық, әскери-қызметтік тәртіпті сақтау туралы жолданған шолулар гарнизон қызметкерлерімен өткізілген жиналыстарда қол қойдыру арқылы таныстырылуда.

Бөлімнің барлық қызметкерлері (жұбайлары) 2022 жылғы жеке табыс салығы және мүлкі туралы 270.00 нысанды декларациясын тапсырды.

Бөлім қызметкерлеріне күнделікті жұмыс барысында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу керектігі жөнінде күнделікті нұсқау жүргізіліп арнайы журналға белгі қойылуда.

«АМАNАТ» партиясы Жалағаш аудандық филиалында өткізілген 4дөңгелек үстелдегі тәртіпті сақтау мәселесі мен сыбайлас жемқорлықты болдырмау туралы тақырыбы бойынша бейнеролик әзірленіп, Қызылорда облысы ТЖД-нің «Фейсбук», «Инстаграм» әлеуметтік желісіне шығарылды.

ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына үміткерлерді жинау бағытында Қызылорда облысы ТЖД бастығымен бекітілген кестесіне сәйкес20 орта мектептері мен 1 колледжінің бітіруші түлектерімен кездесулер жүргізу барысында видеороликтер, оқу шарттары мен мемлекет тарапынан жағдайлар жасалғандығы ескертіліп анықтамалары алынды.

2023 жылдың 10 айында бөлім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.

 

Бөлімнің алға қойған негізгі және басым міндеттері:

Азаматтық қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру,  Төтенше жағдайлар министрлігінің Алқа шешімдері мен жедел кеңес тапсырмаларын, Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын және аппараттық жиналыс хаттамаларында көрсетілген тапсырмаларды нақты орындау;

Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізу;

Азаматтық қорғау қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау;

Келіп түскен хат хабарларды (жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер) уақытылы орындап, мерзіміне сай тиісті органдарға (мекемелерге) жауаптарын жолдау.

Жеке құраммен идеологиялық тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде жандандырып, жалғастыру.

 

Қорытынды және ұсыныc:

  1. Су тасқынына дайындық шаралары: бөгеттер және басқа гидротехникалық құрылыстарды нығайту бойынша іс-шараларды қабылдау;
  2. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға аудан бюджетінің шұғыл шығындар резервінен мол қаржы көздерін қарастыру.

Тыңдағандарыңызға рахмет, баяндама аяқталды.

Жалағаш ауданы Төтенше

жағдайлар бөлімі бастығының

міндетін атқарушы

азаматтық қорғау капитаны         Т. Тілеуберген

Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің 2023 жылдың 10 айда атқарған жұмыстарының есебі
Дата публикации
28 ноября 2023