Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2023 жылғы қазан айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (10 ай бойынша)

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алғанда).

Қызылорда облысының аумағында 438 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиғалар тіркелді,  2022  жылғы осы мерзіммен салыстырғанда  2.9 %-ға  азайды (2022ж.–451). Зардап шеккен адамдардың саны 97,8 %-ға азайды   (2022ж.-4317, 2023ж.-96 адам). Қаза болғандардың саны 10%-ға өсті (2022ж.-22,  2023ж.-22 адам).   Материалдық  нұқсан 379,57 млн. теңгені құрады (2022ж.-180,98), 110 %-ға көбейді.

Оның  ішінде  436  табиғи  және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді,  2022 жылғы осы мерзіммен  салыстырғанда 2,9 %-ға  азайды  (2022ж.–449).  Зардап шеккен адамдардың  саны 97,8 %-ға азайды  (2022ж.-4317, 2023ж.-95 адам). Қаза болғандардың саны 9,1% азайды (2022ж.-22,  2023ж.-20 адам).   

Техногендік сипаттағы оқиғалардың саны – 371 (2022ж.-398), 2022 жылғы осы  мерзіммен  салыстырғанда  6,8 %-ға азайды, 14 адам зардап  шекті (2022ж.-17 адам) 17,7 %-ға азайды, 8  адам қаза болды (2022ж.-6) 33,3%-ға көбейді.  

Оқиғалар кезінде  363  (2022ж.-379) өндірістік және тұрмыстағы өрттер  орын  алды, 2022 жылғы осы мерзіммен  салыстырғанда  4,2%-ға азайды,  зардап шеккен адамдардың саны 12 адам, 33,3 %-ға көбейді (2022ж.-9),  6 адам қаза болды (2022ж.-5), 20 %-ға көбейді.

Материалдық  нұқсан 378,58 млн. теңгені   құрады (2022ж.-180,68), 110 %-ға    көбейді. Оның ішінде, өрт кезіндегі материалдық нұқсан 378,58 млн. теңге (2022ж.-180,68), 110 %-ға көбейді.

Техногендік сипаттағы ТЖ саны – 370 (2022ж.-398), 2022 жылғы осы мерзіммен     салыстырғанда  7 %-ға  азайды, 13 адам зардап  шекті  (2022ж.-17 адам), 23,5%-ға азайды, 6 адам қаза болды   (2022ж.-6) тұрақты:  

1 (2022ж.-2) көлік авариялары мен оқиғалар,  100 %-ға азайды,   1 адам зардап шекті, 100 %-ға көбейді, қаза болғандар жоқ;

369 (2022ж.-396)  өндірістік  және  тұрмыстағы өрттер,  жазатайым  оқиғалар,  6,8 %-ға азайды,  12 адам зардап шекті (2022ж.-17), 29,4 %-ға азайды, 6 адам қаза болды (2022ж.-6), тұрақты.

Табиғи сипаттағы оқиғалардың саны – 67 (2022ж.-53), 2022 жылғы осы мерзіммен  салыстырғанда 26,4 %-ға көбейді,  82  адам зардап шекті (2022ж.-4300), 98,3 %-ға азайды,  14 адам қаза болды (2022ж.-16), 12,5%-ға азайды.

14 (2022ж.-17) қауіпті жұқпалы аурулар (коронавирустық инфекция) және  адам улану  оқиғалары 17,7 %-ға азайды, 71 адам зардап шекті (2022ж.-4289), 98,3 %-ға азайды, 3 адам қаза болды (2022ж.-5), 40 %-ға азайды.

24 (2022ж.-16) табиғи өрт, 2022 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 50 %-ға көбейді, оның ішінде 24 орман өрті тіркелді (2022ж.-16),  2022 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 50 %-ға көбейді, зардап шеккендер және қаза  болғандар жоқ. 

Табиғи өрттен (оның ішінде орман өртінен)  0,99 млн. теңге материалдық нұқсан тіркелді  (2022ж.-0,3), 230 %-ға көбейді.

Табиғи сипаттағы ТЖ – 66 (2022ж.-51), 2022 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 29,4 %-ға көбейді, 82 адам зардап шекті (2022ж.-4300), 98,1 %-ға  азайды,  14 адам қаза болды (2022ж.-16), 12,5 %-ға азайды:

1 (2022ж.-0) жер сілкінісі,   100 %-ға көбейді,  зардап шеккендер мен  қаза болғандар жоқ;  

17 (2022ж.-8) гидрометеорологиялық және геологиялық құбылыс,   112,5 %-ға көбейді,  зардап шеккендер мен  қаза болғандар жоқ;  

23 (2022ж.-14) табиғи өрт, 64,3 %-ға көбейді,  зардап шеккендер мен  қаза болғандар жоқ;  

14 (2022ж.-17) қауіпті жұқпалы аурулар (коронавирустық инфекция) мен адам улануы,   17,7 %-ға азайды,  71 адам зардап шекті (2022ж.-4289), 98,3 %-ға азайды,   3 адам қаза болды (2022ж.-5), 40 %-ға азайды;

 11 (2022ж.-11) суда зардап шеккендер, тұрақты, 11 адам зардап шекті (2022ж.-11), тұрақты, 11 адам қаза болды (2022ж.-11), тұрақты.  

 

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2023 жылғы қазан айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (10 ай бойынша)
Дата публикации
06 ноября 2023