Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2023 жылғы тамыз айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (8 ай бойынша)

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алғанда).

Қызылорда облысының аумағында 379 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиғалар тіркелді,  2022  жылғы осы мерзіммен салыстырғанда  8 %-ға  көбейді (2022ж.–351). Зардап шеккен адамдардың саны 97,8 %-ға азайды   (2022ж.-4311, 2023ж.-94 адам). Қаза болғандардың саны тұрақты (2022ж.-19,  2023ж.-19 адам).   Материалдық  нұқсан 309,83 млн. теңгені құрады (2022ж.-125,69), 146,5 %-ға көбейді.

Оның  ішінде  378  табиғи  және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді,  2022 жылғы осы мерзіммен  салыстырғанда 8,3 %-ға  көбейді  (2022ж.–350).  Зардап шеккен адамдардың  саны 91,8 %-ға азайды  (2022ж.-4311, 2023ж.-94 адам). Қаза болғандардың саны тұрақты (2022ж.-19,  2023ж.-19 адам).   

Техногендік сипаттағы оқиғалардың саны – 315 (2022ж.-302), 2022 жылғы осы  мерзіммен  салыстырғанда  4,3 %-ға көбейді, 13 адам зардап  шекті (2022ж.-12 адам) 8,3 %-ға көбейді, 6  адам қаза болды (2022ж.-4) 50%-ға көбейді.  

Оқиғалар кезінде  305  (2022ж.-284) өндірістік және тұрмыстағы өрттер  орын  алды, 2022 жылғы осы мерзіммен  салыстырғанда  7,4%-ға көбейді,  зардап шеккен адамдардың саны 12 адам, 71,4 %-ға көбейді (2022ж.-7),  4 адам қаза болды (2022ж.-3), 33,3 %-ға көбейді.

Материалдық  нұқсан 308,96 млн. теңгені   құрады (2022ж.-125,42), 146,3 %-ға    көбейді. Оның ішінде, өрт кезіндегі материалдық нұқсан 308,96 млн. теңге (2022ж.-125,42), 146,3 %-ға көбейді.

Техногендік сипаттағы ТЖ саны – 315 (2022ж. 302), 2022 жылғы осы мерзіммен     салыстырғанда  4,3 %-ға  көбейді, 13 адам зардап  шекті  (2022ж.-12 адам), 8,3 %-ға  көбейді, қаза болғандардың саны 6  (2022ж.-4) 50 %-ға  көбейді:  

1 (2022ж.-2) көлік авариялары мен оқиғалар,  100 %-ға азайды,   1 адам зардап шекті, 100 %-ға көбейді, қаза болғандар жоқ;

314 (2022ж.-300)  өндірістік  және  тұрмыстағы өрттер,  жазатайым  оқиғалар,  4,7 %-ға көбейді,  12 адам зардап шекті (2022ж.-12), бірқалыпты, 6 адам қаза болды (2022ж.-4), 50 %-ға  көбейді.

Табиғи сипаттағы оқиғалардың саны – 64 (2022ж.-49), 2022 жылғы осы мерзіммен  салыстырғанда 30,6 %-ға көбейді,  81  адам зардап шекті (2022ж.-4299), 98,1 %-ға азайды,  13 адам қаза болды (2022ж.-15), 13,3%-ға азайды.

14 (2022ж.-16) қауіпті жұқпалы аурулар (коронавирустық инфекция) және  адам улану  оқиғалары 12,5 %-ға азайды, 71 адам зардап шекті (2022ж.-4288), 98,3 %-ға азайды, 3 адам қаза болды (2022ж.-4), 25 %-ға азайды.

23 (2022ж.-13) табиғи өрт, 2022 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 76,9 %-ға көбейді, оның ішінде 23 орман өрті тіркелді (2022ж.-13),  2022 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 76,9 %-ға көбейді, зардап шеккендер және қаза  болғандар жоқ. 

Табиғи өрттен (оның ішінде орман өртінен)  0,87 млн. теңге материалдық нұқсан тіркелді  (2022ж.-0,27), 222 %-ға көбейді.

Табиғи сипаттағы ТЖ – 63 (2022ж.-48), 2022 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 31,3 %-ға көбейді, 81 адам зардап шекті (2022ж.-4299), 98,1%-ға  азайды,  13 адам қаза болды (2022ж.-15), 13,3 %-ға азайды:

1 (2022ж.-0) жер сілкінісі,   100 %-ға көбейді,  зардап шеккендер мен  қаза болғандар жоқ;  

16 (2022ж.-8) гидрометеорологиялық және геологиялық құбылыс,   166,7 %-ға көбейді,  зардап шеккендер мен  қаза болғандар жоқ;  

22 (2022ж.-12) табиғи өрт, 83,3 %-ға көбейді,  зардап шеккендер мен  қаза болғандар жоқ;  

14 (2022ж.-16) қауіпті жұқпалы аурулар (коронавирустық инфекция) мен адам улануы,   12,5 %-ға азайды,  71 адам зардап шекті (2022ж.-4288), 98,3 %-ға азайды,   3 адам қаза болды (2022ж.-4), 25 %-ға азайды;

 10 (2022ж.-11) суда зардап шеккендер, 9,1 %-ға азайды, 10 адам зардап шекті (2022ж.-11), 9,1 %-ға азайды, 10 адам қаза болды (2022ж.-11), 9,1 %-ға азайды.  

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2023 жылғы тамыз айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (8 ай бойынша)
Дата публикации
05 сентября 2023