Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алғанда).
Қызылорда облысының аумағында 338 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиғалар тіркелді, 2022 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 10,5 %-ға көбейді (2022ж.–306). Зардап шеккен адамдардың саны 163,6 %-ға көбейді (2022ж.-33, 2023ж.-87 адам). Қаза болғандардың саны 16,7 %-ға азайды (2022ж.-18, 2023ж.-15 адам). Материалдық нұқсан 289,07 млн. теңгені құрады (2022ж.-117,19), 146,7 %-ға көбейді.
Оның ішінде 338 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді, 2022 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 10,8 %-ға көбейді (2022ж.–305). Зардап шеккен адамдардың саны 163,6 %-ға көбейді (2022ж.-33, 2023ж.-87 адам). Қаза болғандардың саны 16,7 %-ға азайды (2022ж.-18, 2023ж.-15 адам).
Техногендік сипаттағы оқиғалардың саны – 278 (2022ж.-260), 2022 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 6,9 %-ға көбейді, 8 адам зардап шекті (2022ж.-8 адам), бірқалыпты, 3 адам қаза болды (2022ж.-3), бірқалыпты.
Оқиғалар кезінде 263 (2022ж.-237) өндірістік және тұрмыстағы өрттер орын алды, 2022 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 11 %-ға көбейді, зардап шеккен адамдардың саны 40 %-ға көбейді (2022ж.-5, 2023ж.-7 адам), 3 адам қаза болды (2022ж.-2), 50 %-ға көбейді.
Материалдық нұқсан 288,2 млн. теңгені құрады (2022ж.-116,95), 146,4 %-ға көбейді. Оның ішінде, өрт кезіндегі материалдық нұқсан 288,2 млн. теңге (2022ж.-116,95), 146,4 %-ға көбейді.
Техногендік сипаттағы ТЖ саны – 278 (2022ж.-260), 2022 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 6,9 %-ға көбейді, 8 адам зардап шекті (2022ж.-8 адам), бірқалыпты, қаза болғандардың саны бірқалыпты (2022ж.-3, 2023ж.-3 адам):
1 (2022ж.-2) көлік авариялары мен оқиғалар, 100 %-ға азайды, 1 адам зардап шекті, 100 %-ға көбейді, қаза болғандар жоқ;
277 (2022ж.-258) өндірістік және тұрмыстағы өрттер, жазатайым оқиғалар, 7,4 %-ға көбейді, 7 адам зардап шекті (2022ж.-8), 12,5 %-ға азайды, 3 адам қаза болды (2022ж.-3), бірқалыпты.
Табиғи сипаттағы оқиғалардың саны – 60 (2022ж.-46), 2022 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 30,4 %-ға көбейді, 79 адам зардап шекті (2022ж.-25), 216 %-ға көбейді, 12 адам қаза болды (2022ж.-15), 20 %-ға азайды.
13 (2022ж.-14) қауіпті жұқпалы аурулар (коронавирустық инфекция) және адам улану оқиғалары 7,1 %-ға азайды, 70 адам зардап шекті (2022ж.-14), 400 %-ға көбейді, 3 адам қаза болды (2022ж.-4), 25 %-ға азайды.
21 (2022ж.-12) табиғи өрт, 2022 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 75 %-ға көбейді, оның ішінде 21 орман өрті тіркелді (2022ж.-12), 2022 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 75 %-ға көбейді, зардап шеккендер және қаза болғандар жоқ.
Табиғи өрттен (оның ішінде орман өртінен) 0,87 млн. теңге материалдық нұқсан тіркелді (2022ж.-0,24), 263 %-ға көбейді.
Табиғи сипаттағы ТЖ – 60 (2022ж.-45), 2022 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 33,3 %-ға көбейді, 79 адам зардап шекті (2022ж.-25), 216 %-ға көбейді, 12 адам қаза болды (2022ж.-15), 20 %-ға азайды:
1 (2022ж.-0) жер сілкінісі, 100 %-ға көбейді, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ;
16 (2022ж.-6) гидрометеорологиялық және геологиялық құбылыс, 166,7 %-ға көбейді, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ;
21 (2022ж.-11) табиғи өрт, 91 %-ға көбейді, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ;
13 (2022ж.-14) қауіпті жұқпалы аурулар (коронавирустық инфекция) мен адам улануы, 7,1 %-ға азайды, 70 адам зардап шекті (2022ж.-14), 400 %-ға көбейді, 3 адам қаза болды (2022ж.-4), 25 %-ға азайды;
9 (2022ж.-11) суда зардап шеккендер, 18,2 %-ға азайды, 9 адам зардап шекті (2022ж.-11), 18,2 %-ға азайды, 9 адам қаза болды (2022ж.-11), 18,2 %-ға азайды.