Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2023 жылғы маусым айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (6 ай бойынша)

 

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алғанда).

Қызылорда облысының аумағында 294 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиғалар тіркелді,  2022  жылғы осы мерзіммен салыстырғанда  19 %-ға  көбейді (2022ж.–247). Зардап шеккен адамдардың саны 247,8 %-ға көбейді   (2022ж.-23, 2023ж.-80 адам). Қаза болғандардың саны  26,7 %-ға  азайды    (2022ж.-15,  2023ж.-11 адам).   Материалдық  нұқсан 100,48 млн. теңгені құрады (2022ж.-103,04), 2,5 %-ға азайды.

Оның  ішінде  293  табиғи  және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді,  2022 жылғы осы мерзіммен  салыстырғанда 19,1 %-ға  көбейді  (2022ж.–246).  Зардап шеккен адамдардың  саны  247,8 %-ға көбейді (2022ж.-23, 2023ж.-80 адам). Қаза болғандардың саны  26,7 %-ға  азайды    (2022ж.-15,  2023ж.-11 адам).   

Техногендік сипаттағы оқиғалардың саны – 240 (2022ж.-215), 2022 жылғы осы  мерзіммен  салыстырғанда  11,3 %-ға көбейді, зардап  шеккен  адамдардың  саны 12,5 % - ға  азайды (2022ж.-8, 2023ж.-7 адам),  3  адам қаза болды (2022ж.-3), бірқалыпты.  

Оқиғалар кезінде  227  (2022ж.-194) өндірістік және тұрмыстағы өрттер  орын  алды, 2022 жылғы осы мерзіммен  салыстырғанда  17 %-ға көбейді,  зардап шеккен адамдардың саны 20 %-ға көбейді (2022ж.-5, 2023ж.-6 адам),  2 адам қаза болды (2022ж.-3), 33,3 %-ға азайды.

Материалдық  нұқсан 99,61 млн. теңгені   құрады (2022ж.-102,84), 3,1 %-ға    азайды. Оның ішінде, өрт кезіндегі материалдық нұқсан 99,61 млн. теңге (2022ж.-102,84), 3,1 %-ға азайды.

Техногендік сипаттағы ТЖ саны – 240 (2022ж.-215), 2022 жылғы осы мерзіммен     салыстырғанда  11,6  %-ға  көбейді, зардап  шеккен   адамдардың   саны 12,5 %-ға азайды  (2022ж.-8, 2023ж.-7 адам), қаза болғандардың саны бірқалыпты  (2022ж.-3,  2023ж.-3 адам):  

1 (2022ж.-2) көлік авариялары мен оқиғалар,  100 %-ға азайды,   1 адам зардап шекті, 100 %-ға көбейді, қаза болғандар жоқ;

239 (2022ж.-213)  өндірістік  және  тұрмыстағы өрттер,  жазатайым  оқиғалар,  12,2 %-ға көбейді,  6 адам зардап шекті (2022ж.-8), 25 %-ға азайды,  3 адам қаза болды (2022ж.-3), бірқалыпты.

Табиғи сипаттағы оқиғалардың саны – 54 (2022ж.-32), 2022 жылғы осы мерзіммен  салыстырғанда 68,8 %-ға көбейді,  73  адам зардап шекті (2022ж.-15), 387 %-ға көбейді,  1 адам қаза болды (2022ж.-2), 100 %-ға азайды.

9 (2022ж.-5) қауіпті жұқпалы аурулар (коронавирустық инфекция) және  адам улану  оқиғалары 80 %-ға көбейді, 66 адам зардап шекті (2022ж.-5), 1220 %-ға көбейді, 1 адам қаза болды (2022ж.-2), 100 %-ға азайды.

21 (2022ж.-14) табиғи өрт, 2022 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 50 %-ға көбейді, оның ішінде 21 орман өрті тіркелді (2022ж.-14),  2022 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 50 %-ға көбейді, зардап шеккендер және қаза  болғандар жоқ. 

Табиғи өрттен (оның ішінде орман өртінен)  0,87 млн. теңге материалдық нұқсан тіркелді  (2022ж.-0,2), 335 %-ға көбейді.

Табиғи сипаттағы ТЖ – 53 (2022ж.-31), 2022 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 71 %-ға көбейді,    73  адам зардап шекті (2022ж.-15), 387 %-ға  көбейді,  8 адам қаза болды (2022ж.-12), 33,3 %-ға азайды:

1 (2022ж.-0) жер сілкінісі,   100 %-ға көбейді,  зардап шеккендер мен  қаза болғандар жоқ;  

16 (2022ж.-6) гидрометеорологиялық және геологиялық құбылыс,   166,7 %-ға көбейді,  зардап шеккендер мен  қаза болғандар жоқ;  

20 (2022ж.-9) табиғи өрт,   122,2 %-ға көбейді,  зардап шеккендер мен  қаза болғандар жоқ;  

9 (2022ж.-5) қауіпті жұқпалы аурулар (коронавирустық инфекция) мен адам улануы,   80 %-ға көбейді,  66 адам зардап шекті (2022ж.-5), 1220 %-ға көбейді,   1 адам қаза болды (2022ж.-2), 100 %-ға азайды;

 7 (2022ж.-10) суда зардап шеккендер,   30 %-ға азайды,  7 адам зардап шекті (2022ж.-10), 30 %-ға азайды, 7 адам қаза болды (2022ж.-10), 30 %-ға азайды.  

 

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2023 жылғы маусым айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (6 ай бойынша)
Дата публикации
04 июля 2023