Жарыстың 1-ші және 2-ші кезеңдері бойынша қорытынды есептері анықталды

Жалпы өрт сөндіру-құтқару спорты  өрт сөндірушілердің кәсібилік қабілетін де арттыра түсетін спорт түрі. Бұл қасиет әрбір өрт сөндірушіге күнделікті қызмет барысында қажет. Яғни, бүгінгі 1-ші және 2-ші этаптар бойынша өткен жарыс кезінде  өрт сөндіруші мамандардың кәсібилігі де сыналды деуге болады. Бұл жарыс кезінде әрбір спортшы өзінің жоғары қабілет-қарымын көрсете алды десек артық емес.  Нақты айтқанда,  әрбір қатысушы өзінің физикалық жылдамдығы мен мықтылығын, командада жұмыс жасай алуын, төтенше жағдай кезінде құтқару жұмыстарына жедел атсалыса алатындығын  дәлелдей білді. Дегенмен, сайыстың аты сайыс. Тек мықтылар ғана оқ бойы озық шығып, жүлделі орындарға ие болды.     

Атап айтқанда, алдымен өткізілген «оқу мұнарасының 4-қабатына шабуыл сатысымен көтерілу»  кезеңінде 1-орынды №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Шазында Рауан, 2-орынды №8  өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Тұрақов Сәбит, 3-орынды № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Әлиев Құрманғазы иеленді.

          Ал, «үш буынды жылжымалы сатымен 3-ші қабатқа көтерілу» кезеңінде 1-орынды №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен Өмірзақов Қазбек пен Әлиев Құрманғазы тобы, 2-орынды №8  өрт сөндіру бөлімінен Тұрақов Сәбит пен Төремұратов Жасұлан тобы, 3-орынды №6 өрт сөндіру бөлімінен Ыдырысов Нұрсұлтан мен Жалғасов Нұрсұлтан тобы лайықты деп табылды.

          Жарысқа қатысатын өрт сөндіру-құтқару спортшыларына одан әрі сәтілік пен табыс тілейміз!

 

Қызылорда облысы ТЖД

Жарыстың 1-ші және 2-ші кезеңдері бойынша қорытынды есептері анықталды
Дата публикации
20 апреля 2023